Смекни!
smekni.com

Инвестиция саясаты (стр. 3 из 6)

3)Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы: әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.

4. Үйренушілік шығындар принципі.

Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа инвестицяялық ортаға үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп, құрастыру керек болады.

Уақытша жоғалту деген - табысты да жоғалтумен бірдей деп есептелінеді.

Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім мен оны іс жүзінде асыру, орнын толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық «лаг» бола береді. Бірден үйренушілік болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің шығындары болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу керек. Мысалы, жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл ішінде. Бірақ мұндай құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді.

Өндірістік инвестицияаудағы үйренушілік шығындары одан да асып кетеді. Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ нарықтық конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.

Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық). Солардың кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып, жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыттары үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.

Мұнан туындайтын қорытынды :үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат, материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді. Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын, үйренушілік шығынына да іркілмей бара беретін боласыз.

Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп уақыт осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ , бұл инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.

5. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.

Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді. Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар, пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан (басқа салалармен), алдын-ала бұл байланыстылықтың мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса шығарады делік.

Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын білесіз. Мультипликатор арқылы салалар арасында байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да білдіреді.[2; 67]

Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр түрлі уақытта болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл шаруашылық техникасы болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз арқылы толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере немесе азайта ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу қажет болады.

Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны саласының басқа саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да, инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткенірынок үнемі қозғалыста болып түрады.

6.Q - принципі

"Q" - принципі - бұл қор биржасындағы бағалау мен актив құнын нағыз қалпына келтіру арасындағы өзара тәуелділік. Бұл тәуелділіктің көрсеткіш - қатынасы :

Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) /бұл активтерді ауыстырудың (сатып алу) күнделікті шығындары.

Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда, артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы.

Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының өз ара қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде:

Q ═ фирманың барлық биржалық құны /оның материалдық бөліктерін орнына келтіру шығындары.

Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы, мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады.[16;138-144]

2. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен есебі

2.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты олардың таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялау стартегиясы кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды.

Инвестициялық саясатты әзірлеу барысында мақсатқа сай, келесі белгілерді сақтау керек.

  1. Жоғары экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділікке жету.
  2. Салынған капиталдан кәсіпорын қолайлы табыс табуы керек.
  3. Қаржылық ресурстарды оңтайлы пайдалану
  4. Инвестициялар тиімділігін жоғарылату үшін мемлекет араласуын қолдау
  5. Шетел инвесторларынан несие жеңілдіктерін алу
  6. Инвестициялық тәуекелділікті азайту

Коммерциялық тәуекелдіктің әсер етуі (құрылыстық, өндірістік және көліктік) т.б жобалау табысының өзгеруі және сәйкес тиімділіктің төмендеуі. Мұндай тәуекелдіктер тапсырыс берушілер арқылы азайтылуы мүмкін. Қаржылық қордың құрылуын, коммерциялық сақтандыруды және инвестициялық қоржындардың әртараптандырылуын, коммерциялық емес тәуекелдіктерден қорғауды Қазақстан Республикасының Үкіметімен қадағаланады.

Мемлекеттік капиталдық салымдарды қаржыландырудағы шығындар қарастырылады.

Мемлекеттік бюджетте-егер де олар сәйкес федералдық мақсатты бағдарламаға кеткен шығыстардың бөлігі болса.

Қазақстан Республикасының субъектілер бюджетінде егерде сәйкес аймақтық мақсатты бағдарламаға кеткен шығындар болса.

Мемлекеттік бюджет шоттарынан қаржыланатын инвестициялық жобаларды әзірлеу, қарастыру және бекіту сияқты федералдық мақсатты, бағдарлама мемлекеттік бюджеттің орындалу есебін көһрсету барысында, бюджеттік несиелердің өтелу есептері де көрсетіледі.

Бюджетті орындайтын органдар берілген бюджеттен нестелер жөнінде реестр жүргізеді.

Егер капиталдық салымдар кәсіпорындар мен корпорациялардың меншік құралдарының негізінде жүзеге асатын болса, құрылыс жөніндегі серіктестер қаржылық салымдардың қаржыландыру шартын және тәртібін анықтайды.

Қазіргі кезде құрылыс салушы кәсіпорындар өз бетінше инвестициялық бағдарламаларды жасайды және өткізу үшін қажетті материалдық және қаржылық ресурстарды үлестіреді. Кәсіпорынның инвестициялық бюджеті директивті құжат болып табылмайды, керісінше капиталдық салымдарды қаржыландыру көздерінің стратегиясын белгілейді.

  • Менеджментті қоса отырып, жобаны өткізудің ұйымдық жоспары
  • Өнім және менеджментті қоса отырып, жобаны өткізудің ұжымдық жоспары
  • өнім және маркетинг жоспары
  • жобаны өткізудің қаржылық жоспары
  • капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігін бағалау

Жобаны өткізудің қаржылық жоспары бизнес-жоспардың басты бөлігі болып табылады. Ақша ағымдары ағымдағы инвестициялық және қаржылық қызметтер арқылы анықталады. Қызметтердің әрбір түрі бойынша есептер кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының жыныстануы мен сальдо түсімінің белгіленуімен анықталады.