Смекни!
smekni.com

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі (стр. 1 из 33)

1-дәріс. ҚР қылмыстық атқару құқығының түсінігі, пәні және курс жүйесі.

1. Қылмыстық-атқару саясаты және оның қылмыстылықпен күресу аясында мемлекет саясатының орны.

2. Қылмыстық-атқару құқығының түсінігі және реттелу пәні.

3. Қылмыстық-атқару құқығының қағидалары. Қылмыстық атқару құқығы ғылымы.

4. Қылмыстық-атқару құқығы ғылымының басқа да заң қағидаларымен және танылым салаларымен байланысы.

1. Мемлекеттің қылмыстық жазаны орындаудағы саясаты меноның қылмыспен күресудегі орны.

Біздің мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын ҚР-сы Конституциясының 40-бабының 1-тармағы бойынша жоғары лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Президенті болып белгіленген. Сондықтан мемлекет саясаты біртұтас деп есептеледі. Сонымен қатар саясаттың бірлігін білдіретін жалпы мақсаттар күрделі иерархия оның жүзеге асырылуы мемлекеттік органдардың құлқы мен әрекетіне байланысты. Мемлекеттің саясаты әр түрлі қоғамдық және мелекеттік тұрмыс саласына икемделеді, сондықтан олар сыртқы және ішкі саясатты жиі қуаттайды, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, мәдени және басқа да саясатты қолдап отырады. Дәлме-дәл айтсақ, мемлекеттің бірыңғай саясаты қоғам мен мемлекет өмірінің әр саласында байқалады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады. Осы бағыттардың бірі –қылмыспен күресу, қоғамдық тәртіпті, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Онда мемлекеттің қылмысты бақылап отыру міндеттері, принциптері, стратегиясы, негізгі бағыттары, түрлері мен әдістері айтылады. Конститутцияның міндеті –Қазақстан азаматтарының мүддесін, құқығы мен заңды ынтасын қылмыскерлер озбырлығымен қорғауды қамтамасыз ете білу. «Қылмыс саясаты» терминін 1840 жылы Ансельмом Фейербах бірінші қолдаған болатын. Ол оған қылмыс құқығы туралы заң шығару актілерін әзірлегенде мән беру рөлін көрсеткен. Сондықтан бұл терминді біздің пікірімізше кең мағынада «мемлекеттің қылмыспен күресу саласындағы саясаты» терминімен бірдей пайдалану орынды сияқты, әрине құқық қорғау органдарының алдына қойылғанқызмет пен міндетке ерекше назар аударған жөн. Қылмыс саясатының маңызы едәуір күрделі болғандықтан оны шешу әр түрлі тәсілдермен дәлелденеді. Қылмыс саясатының маңызы қылмыспен күресуге қатысты ма деген ой келеді. Қылмыс саясатының өрісін көптеген авторлар қылмыспен күресумен шектейді. Бір кезде А.А. Герцензон қылмыс саясаты тек қана қылмыспен күресуге ғана емес, сонымен қатар және басқа да қоғамға қауіпті қылықтармен күресуге бағыттайды деп есептеген.

Қылмыс саясаты –қылмыспен күресу бағытын, түрлерін, онымен күресуге арналған мемлекет органдары қызметінің мазмұны мен міндеттерін белгілейді. Қылмыс саясаты қлмыс заңын шығарудағы ең бастылары –қылмысқа жауапкершілігі оның негіздері, жауапкершілікті даралай және дербестеу, криминализациялау, қылмыс түрлері мен жүйесін, мақсатын және де жазадан босатуды белгілейді. Ол мумкіндікті бағалаумен жазаның тиімділігі және басқа да қылмыстық –құқықтық әсерін тигізіп, қолдану, яғни саясат әлеуметтік маңызды мемлекет тәжірибесі ретінде қолданылады. Саясат пен құқықты ұқсастыруға болмайды. Саясат-құқықтың негізі. Мемлекет саясатқа сүйене отырып, оны айқындайды, құқықты жасайды. Құқық өз нормаларында саясаттың тиісті ережесін бекітеді, оған жалпылай міндетті мән береді. Осыған байланысты құқықтың саяси мағынасы бар деп айтуға болады. Жазалауда қылмыс саясатын шартты түрде дербес қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық құқық, қылмыстық атқару , пост пенициярлық саясатқа бөлуге болады. Бұлардың тиісті салалар әрекетіне негізделген бағыттары:

1) қылмысты тез және толық ашуға, яғни заңды дұрыс пайдалануды, жазадан құтыла алмайтындықты және кінәсіз адамдарды жауапқа тартпауды қамтамасыз етеді.

2) Істелген қылмысты дұрыс саралау мен орынды да істегеніне сайма-сай жаза тағайындау;

3) Жазаны атқару

4) Жазалау әсерінің жағымды жақтарын баянды ету.

Қылмыстық атқару саясаты әлеуметтік саясатқа негізделгеніне қарамастан, азаматтардың қоғамға пайдалы мінез құлықтарын баянды ету үшін кері мінез-құлық көрсетушілермен принципті түрде күресуді анықтау тиіс.

2.Құқықтың саласы ретіндегі қылмыстық-атқару құқығы

Қылмыстық жазаны атқару саласындағы саясаттың талабы –заңда жазаның мақсаты мен маңызын бекітудің қажеттілігіне себепші болу және жазаны орындау тәртібін анықтау. Қарастырып отырған мәселенің Қазақстан Республикасы Конститутциясында жарияланған негізгі принциптерін, әрекет бағытын, мемлекеттің стратегиясын барынша жеткілікті жазаны орындауда, сотталғандармен айналысқанда ғылыми негізделген түрлерімен және әдістерімен оларды қамтамасыз ету. Сонымен бірге құқықтың кез келген саласын мемлекеттің құқық саясатында бекітілген көзқараспен ғана қарауға болмайды. Құқық біршама дербестікке ие, өзінің мызғымас негізді жағдайы бар, оған саясат әсер етпеуі тиіс. Оның есебіне заңның басымдылығымен заң алдындағы теңдік кіреді. Бұл конституциялық принциптерінің негізі болып есептеледі. Жазаны атқару әрекеті құқықты әдейі реттеуді талап етеді де жеке құқық саласының бар екеніне жауап береді. Құқықтың жеке саласы бар екенін үш жағдай белгілейді: құқықты ерекше реттеу пәнінің барлығы, құқықты ерекше реттеу пәнінің барлығы, құқықты реттеу әдісі, құқықтық нормалар жүйесі. Қылмыстық –атқару құқығы өз алдына жеке құқық саласы болып есептеледі, себебі ол жеке пәнімен, құқықтық реттеу әдісімен, нормалау жүйесімен белгіленеді. Қазіргі уақытта еңбекпен түзеу құқығы қылмыстық-атқару құқығына өзгеруде. Осы жағдайға байланысты құқықтық реттеу пәні қаралуы тиіс. Дәстүр бойынша қарап отырған құқық саласының пәні болып еңбекпен түзеу шарасын қолдану арқылы қылмыстық жазаны атқаруды реттеу болып есептеледі. Дегенмен, соңғы жылдары қылмыс заңынан жазаның мынадай түрлері: жер аудару, тұрған жерінен айдап жіберу, еңбекпен тәрбиелеу профилакториіне жіберу, еркінен айырып, шартты жазаға соттап міндетті түрде еңбекке тарту алынып тасталды. 1984 жылы сотталғандарға еңбекпен түзеу әсеріне байланысты емес шаралар тәртібі мен шарты туралы қылмыстық жазаны орындау Ережесі қабылданған болатын. Сонымен, еңбекпен түзеу құқығының затын құқықпен реттеу елеулі өзгереді. Республиканың қылмыстық заң шығаруын реформалау қылмыстық жаза жүйесінодан әрі өзгерте бермек. Қылмыстық жазаның бостандықты шектеу, қамауға алу сияқты жаңа түрлері пайда болуы күтілуде. Көрсетілегн өзгерістер бұл құқық саласы барған сайын еңбекпен түзеу құқығы болудан қалып барады.

Бұл құқық саласының пәніне жазаны атқару мекемелері мен органдарының қызметіндегі жазаны атқару процесінде жұртшылықтың, жеке азаматтардың, мекемелер, кәсіпорын ұйымдары әкімшіліктерінің арасындағы қатынастарды реттеуде пайда болатын жағдайлар кіреді.Құқық саласы өз алдына жеке сала екендігіне оның бүтін бір нормалар жүйесінде немесе бірнеше нормативтік актілерде дайындалуы куә. 1971 жылдан Еңбекпен түзеу кодексі қолданылуда, сондықтан қылмыстық-атқару жүйесі бар екендігіне күмәндануға негіз жоқ. Бұл жүйедегі нормада құқық құрылысы, қылмыстық атқару құқығының әлеуметтік рөлі, оның функциясы көрсетілген. Қылмыстық-атқару құқығы жеке сала есебінде бола тұра, ол өзіне басқа да салалардан кірген кейбір нормаларды қабылдайды. Мұндай әдіс құқықтың басқа салаларында ең көп пайдаланады. Бұл нормалардың құқықтың жаратылысына байланысты басқалай қарым-қатынасты да реттейтіндігін еске сақтауы тиіс, солай болғандықтан, ол өзінің маңызын өзгертеді. Сондықтан оларды таза күйінде құқықтың басқа салаларының нормалары деп есептемеу тиіс.