Смекни!
smekni.com

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі (стр. 20 из 33)

Үкім занды күшіне енбегендер.

Түзеу мекемесінің басқа түріне жататындар.

Құжаттағы мәліметтері шындықпен сәйкес келмейтіндер (тегі басқа, туған жылы басқа және т.с.с).

Ондайларды табылған бойда түзеу мекемесінің орналасқан жеріндегі қылмыстық-атқару жүйесі басқармасына хабарлайды және оларды әкетуге рұқсат-жолдама сұралады.

Сотталғандарды қабылдаған кезде оларды тінтеді, жеке заттарьгн тексереді, одан кейін медициналық тексеруден өткізіледі. Керек болса олар санитарлық тазалаудан өтеді. Осылардан өткеннен сон мерзімі - 2 жетіге дейін карантин үйіне жіберіледі.

Қабылданғаннан кейін 3 дана етіп акт жасалады: біріншісі конвой бастығына беріледі, екіншісі - түзеу мекемесіндегі іске тігіледі, ал үшіншісі - сотталғанды бас бостандығынан айырған мекемесіне жіберіледі. Түзеу мекемесіне жаңадан қабылданғанның әрқайсысына 24 сағаттың ішінде үкім шығарған сотқа хабарландыру хаттама жіберіледі. Сотталғандардың отбасына, жақын туыстарына, мекемеге келген күннен бастап 10 тәулік ішінде мекеменің мекен-жайын беруге немесе почтамен жіберуге рұқсат етілген тағамдар мен өте қажетті заттар тізімі, сотталғандармен жолығысудың негізгі ережелері хабарланады.

Сотталғандарды түзеу мекемесіне қабылдау тек қана маңызды заң актісі ғана емес, сонымен қатар тәрбие жұмысының басталуы. Жаңадан келген сотталғанмен бірінші күннен бастап әңгіме өткізіледі, онда оны режим ережелерімен, ішкі тәртіппен, міндеттері, яғни құқығымен, тәртіптік жаза қолдану мен мадақтау шараларының негіздері және тәртібімен таныстырады. Мұнда сотталғанның карантинде болған кезінде, мекеменің әкімшілік комиссиясы, әрқайсысының жеке басының ерекшелігін, мүмкіндігіне қарай мамандығын, білімін және т.б. еске ала отырып, оларды жасаққа бөлуге шешім қабылдайды.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандар үкім занды күшіне енгеннен бастап жаңа дәрежеге ие болады. Бірақ оларға берілген құқықты және міндеттерін орындауы шын мәнінде жүзеге асыру түзеу мекемесіне қабылдағаннан кейін басталады. Сонымен сотталғанды мекемеге қабылдаумен құқық маңызының шынайылығы белгіленеді.

7-дәріс. Бас бостандығынан айыру орындарындағы ұстау режимін құқықтық реттеу.

1. Бас бостандығынан айыру орындарындағы режимнің түсінігі, мазмұны мен оның негізгі функциясы.

2. Бас бостандығынан айыру орындарындағы режимді қамтамасыз ету тәсілдері.

1.Режим - қылмыстық-атқару құкығының нормаларымен реттелген тәртіп пен орындау жағдайы және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу деп түсініледі.

Режим жазалаудың мәні мен маңызын білдіреді, сондықтан мұнда сазайын тарту іске асырылады, яғни сотталғанға қолданылатын құқық шектеулердің жиынтығы. Ол бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың тұрмысын үздіксіз және жазалаудың барлық мерзімін реттейді. Оның көмегімен мінез-құлық ережесі белгіленеді. Оны орындау барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, мекеме әкімшілігіне, сотталғандарды түзеуге қатысатын және түзеу мекемелеріне бақылау жүргізетін қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, бұл мекемеге келген мемлекеттік мекемелердің лауазымды адамдарына, түзеу мекемелерінің объектілеріңде және аумағында жүрген азаматтардың бәріне бірдей міндетті. Сонымен режим барлық субъектілердің және жазаны орындау мен өткеру жөніндегі қылмыстық-атқару құқык қатынастарына қатысушылардың құқықтық жағдайын белгілейді. Режим нормалары қылмыстық жазалауға тән құқық шектеулердің ретін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Жазаны өткеру режимі түзеуге әсер етудің негізгі амалдарының бірі болып есептеледі. Оның түзеуге әсер етудің амалы ретіндегі басты міндеті - сотталғандарды тәртіпке тәрбиелеу болып есептеледі, немесе бәріне бірдей тиісті ортақ тәртіпке бағындыру. Режим ережелері бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың өмірінің барлық жағын өне бойы жазаны түгелдей атқарып шыққанша реттейді. Режим сотталғандардың ерік берілген мінез-құлқына ғана шек қоюды белгілейді, сонымен олардың кұқықтық дәрежесін қалыптастырады. Бұл дәреже оларды қорғайды, сондықтан режим ережесінің өлшемі тең, әрбір сотталғанға да және түзеу мекемелері әкімшілігінің өкілдеріне де бірдей міндетті. Кімде кім оның ережесін сактағысы келмесе оны сақтауға мәжбүр етуге режим мүмкіндік береді. Қорытындысында сотталғандардың мінез-құлқы жөнге салынады да, уақыт өткен сайын оларда тиісті бір мінез-құлық ережесіне ұстану әдеті туындайды. Режим маңызының қорытындысы, сонымен бірге түзеу әсерінің басқа да амалдарын пайдалануға, яғни қоғамдық пайдалы еңбек етуге, тәрбие жұмысына, жалпы білім мен кәсіптік үйретуге жағдай жасау, егер де түзеу мекемесінде тиісті тәртіп болмаса, онда олардың біреуі де тиімді бола алмайды. Түзеу мекемелерінде режим талабын сақтау - сендіру мен мәжбүр ету (мадақтау мен жазалау) шараларымен, өне бойы бақылау мен сотталғандардың мінез-құлқын кадағалаумен, жазалауды тиісті орындауды және әкімшілік іс-әрекетінде зандылықты сақтауды бақылау (соттық, ведомстволық, қоғамдық бақылау, прокурорлық қадағалау) жүйесінің шараларымен қамтамасыз етіледі.

Түзеу мекемелерінде жазаны атқару режимі онын құқықтық принциптеріне сәйкес ұйымдастырылады. Олардың маңызы жазаның мақсатымен белгіленеді де қылмыстық-атқару құқығының нормаларында бекітіледі.

Режимді ұйымдастыру принциптері мыналар болып табылады: заңдылығы, жөнділігі, адамгершілік, даралап сеніммен жазаны қолдануды үйлестіре білу.

Ұстау режимін ұйымдастырғандағы зандылық принципі дегеніміз - ол сотталғандарға талап етілетін барлық талаптардың нормативті табиғаты болады немесе мекемелер әкімшілігінің өз бетімен істейтіні емес, қайта қылмыстық-атқару құкығының нормативтік актілерінде белгіленеді. Олардың талабын бір жағынан сотталғандар, екінші жағынан мекеме әкімшілігі де сақтаулары тиіс.

Режимді ұйымдастырғанда заңдылық принципінің іске асырылуы, ол бірде-бір сотталған режим ережесінің саласынан шыға алмауы және осы барлық ереже бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бәріне бірдей өлшем шарасында таратылады.

Зандылық принципін сақтау - ұстау режимін бұзатын адамдарды мәжбүр ету шараларымен және түзеу мекемелері әкімшілігінің жұмысындағы зандылықты бақылаумен орындалады.

Режимді ұйымдастырудағы орынды принцип дегеніміз - оның ережелері өз бетінше емес, керісінше, біріншіден, жазалау - тәрбиелеу процесі ретіндегі жазаның манызымен, екіншіден, жазаның мақсатымен немесе сотталғандарды түзеу және тәрбиелеу максатымен оларды жаңадан қылмыс жасамауын ескерту, яғни басқа адамдардың да қылмыс жасамауын ескерту болып есептелінеді.

Демек, әрбір режим талабының саналы өзіндік негізі болуы тиіс және режимнің әрбір қойған талабы сотталғандарға түсінікті болуы керек, олар қара басынын қамы ретінде емес, қайта жазаны өткерудің тиісті жағдайы, жеке өзіне керекті сапаны қалыптастырудың амалы ретінде қабылдануы тиіс.

Режимді ұйымдастырғанда адамгершілік принципі, ең алдымен қоғамның мүддесіне және сотталғандардың өздеріне де керекті екенін білдіруі тиіс. Бас бостандығынан айыру орындарында орнатылған режим шынайы болады, себебі сотталғандар жағынан жаңадан қылмыс жасаудан оларды оқшаулау және оларды түзеумен тәрбиелеу арқылы құтқарып, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Режимнің шынайылылығы, ол сотталғандарды босатқаннан кейін еңбек етуге қосудан көрінеді. Режим шынайылылығы ол күш пайдаланып азап шектіру мақсатын қоймайды немесе сотталғандардың адамгершілік абыройын қорламайтындығынан көрінеді.

Бас бостандығынан айыру орындарында режимді дараландыру принципі деп түзеу мекемелеріндегі жазалаудың мақсатына жету үшін сотталғандарды ұстау жағдайы жасаған қылмыстың ауырлығына қарай қылмыскердің жеке басының қоғамдық қауіптілігіне және олардың түзеу мекемелеріндегі мінез-құлқына байланысты дараландыру айтылады.