Смекни!
smekni.com

М. Ма атаеты философиялы - леуметтік ойлары (стр. 3 из 3)

Жүргізуші: Мқұағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.

Ақын Әбділда Тәжібаевтың сөзімен айтар болсақ: «Махаббат – сезім. Ол адамның ішкі рухы, тозбас қуаты. Махаббаты сезімге ерлік, жүректілік керек. Мұқағалиды құдіретті ақын ететін де сол ерлік болатын...»

О, махаббат!

Сен әлі тірі ме едің?

Көзімнен ғайып болған күнім едің,

Гүлім едің, елтіген түнім едің,

О, махаббат! Сен әлі тірі ме едің?

О, махаббат! Сен әлі тірі ме едің?

Тірі ме едің...

Мен енді тірілемін!

Ақ періште алдыңда жүгінемін

Қолдай гөр, ғашықтардың пірі, мені !

«Ғашықпын» өлеңі оқылады.

«Махаббат диалогы» оқылады.

Жүргізуші: « Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй » -

деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге береміз.

Ән:«Сәби болғым келеді».

Жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,

Бірулер жан еді дер өр тұлғалы.

Бірулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер- тұрманы. - деп ақын ағамыз өзі айтып кеткен дей ендігі кезекті кешіміздің Мұқағали ағамыз туралы естеліктерге береміз.

1-оқушы: Ақынның балалық шағынан үздік сыр.

Мұқағалидың балалық шағы 1941- 1945 жылғы соғыспен тұтас келді. Соғыс басталғанда он жаста екен. Тиын деген әжесі болған.Сол кісі бауырына басып баулып өсірген.1941 жылдың күзінде Мұқағалидің әкесі Сүлйменді әскерге алды. Ел жиналып әскрге шақырылған жігіттерді шығар салуға бара жатады. Топ ішінде әкесімен қоштасушы Мұқағали да бар. Бар топ бір жерге жиналып соңғы рет қоштасуға айналғанда Сулеймен: « Уа, ел жұртым, сендерден бір өтінішім бар Мына Мқұағалиды тұңғышым болса да өзіме тартпай, жақындатпай, әжесінің баласы болып өсіп еді, осының бетінен иіскеуге рұқсат етіңіздер !» деп сұрайды.Тұрған халық риза болып: «Рұқсат, рұқста!» деп шуласады. Әкесі сонда бірінші және соңғы рет еркін қимылдап, баланы өзіне шақырып, құшаұтап бетінен сүйеді де: «Ал, Мұқағалиым ! Сенің ұлы атаң Қамысбай өлгенде, Мақатай атаң он жаста екен.Міне, мен соғысқа кетіп барам. Сен де он жастасың, бізге құдай әкесінен он жасты қалуды жазған екенғ қарағым. Енді сен азаматсың! Анау кәрі әжеңді, шешеңді, екі ініңді саған тапсырдым.Сен жаспын деме, қарағым,осыларға бас бол! Аман-есен көрісейік» деп ебіл- себіл жылап тұрған баланың бетінен тағы сүйіп, қош-қошпен аттанып кетеді.

Біріншіден, әкесәнің аманаты бар, екіншіден өзіне басқа үйде ересек ешкім болмағандықтан Мұқағали буыны қатпаса да үй шаруасын өз мойына алды. Оқуын да тастамады. Зерек, алғыр оқушы болыпты. Колхоз жұмысына да араласып, көктемгі егіс кезінде соқаға міну, жазда шөп шабу, кейде мал бағумен айналысады. Мұқағали бала кезінде-ақ «Құлагер» поэмасын, інжу-маржандай халықтың асыл мұраларын мәнерлеп жатқа оқитын болған. Өзі де 10-11 жасында өлең жаза бастапты. Өлеңдері көбінесе асқар таудай әкесіне деген сағынышын білдірді:

Мен қасқа атпен желемін кеп,

Ойлаушы едім артыңнан еремін деп.

Қанша жүрсем, жан әкем, жеткісбейсің,

Аттанып ең майданнан келемін деп.

... 6-сыныпта оқып жүргенбіз. Мұқағали, Сыдық үшеуіміз мектепке баруға біздің үйден шықсақ, қораның жанында ертоқымы бар бір ат жүр екен. Баламыз ғой, атты ұстап алып, үшеуміз мінгестік те қақпайлап мектепке келдік. Біраздан кейін аттың иесі Жазит деген көрші ауылдағы шабарман атамыз артымыздан қуып келіп, әй- шай жоқ үшеумізді қамшының астына алып, мұғалімдер бөлмесіне айдап келді «Мына жүгірмектер кеңсе алдына атымды ұрлап мініп кетіпті. Жүгенім жоқ тауып берсін » дер айғайға басты. Жүгенін біз алмағанымызды,аттың кімдікі екенін білмегенімізді айтсақ, тыңдамайды. Қарғап-сілеп, жанымызды шығарып барады.Бір кезде Мұқағали Жазитке тесіле қарап тұрып:

Кебін киген өледі,

Кебенек киген келеді.

Сабыр түбі сары алтын,

Сарғайып түбі жетеді,- деді де

- Ата, бізді босқа сабадыңыз. Бізд ер жетіп, азамат болармыз. Соғыстан әкеміз бен бауырларымыз да келер.Жүгеннің тілеуін тілегенше, соғыстағы балаларыңыздың тілеуін тілесеңші?!- деп бөлмеден шығып кетеді. Міне, Мұқаның бала кезінде- ақ әділетсіздікке төзбегенінің бір мысалы осы.

2- оқушы : Мұқағалидың жары Лашын естелігі.

Мұқағали өлеңді жеке бөлмесінде отырып жазатын. Көк шапанын жамылып, үстелге кеудесін тіреп отыратын еді. Жазып болғасын жайраңдап келіп анамызға оқып беретін де «Лашын, қалай болыпты?!» деп күлетін. Кейде бізге сырын айтып «Өлең құрудың өзі тұнып тұрған математика. Математика амалға бағынса, өлеңнің де бағытынан өз заңдылықтары бар» дейтін.

Ол күз мезгілін айрықша ұнататын. Жапырақ түсіп, жауын құйып тұрған түндерде қолынан қаламын тастамайтын. Ол көп жағыдайда қолдау таппай қалатын. Бәріміз басу айтқан соң қайта еңсесі көтерліп ерсіл- қарсылы адымдап, «Әй, мені түсінгісі келген адам өлеңдерімді оқмды. Ничего, 4 миллион қазағым болса, мен ешқашан өлмеймін» дейтін. Әбдімүтәліп деген нағашымызды көбірек тыңдайтын. Әбділда Тәжібаев ақсақалды қатты сыйлайтын. Кеңшілік Мырзабеков, Н.Тілендиевпен жақсы дос болды.

Бауырластықтың жалауын біз де көтеріп,

Жарқын өмірден дауласпай өтелік, - деген сөздері Мұқағалидің дархан мінезін танытады.

Көрініс: «Аққулар ұйықтағанда » поэмасы бойынша.

Жүргізуші: М.Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, халық басты жанашыр болған суреткер. Ол ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті.

«Қош махаббат!» - сол жыр құдіретінің қарасөзбен жазылған ой өрнектері. Түйін тұжырымдарында да сол ақын Мақатаев күйінде қалған.Өнердің биіктігі мен адам биіктігінің тұтастығын, жарасымын іздеген ойлы оқырман үшін керегі де сол болса керек.Оның қазір даңқы өзі басы емес, бүкіл өлкесін бақытқа бөлеп жүр. Ақынның найзағай жанын ұға бермейтіндер бүгін оны түсініп, ұғып рухының алдында бас иіп тұр. Ақынның жырын ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып одан әрі жаңғыра берсін, жаңғыра берсін деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.М.Мақатав. Аманат: Жыр жинағы.Алматы: Атамұра,2002.-304бет.

2. М.Мақатаев.Үш томдық шығармалар жинағы.-Алматы:Жазушы.

3. Қазақстан тарихы. №4. 2010 жыл.

4. Ақиқат. №8. 2010 жыл

5. Ақиқат. №5. 2008 жыл.