Смекни!
smekni.com

Мектеп жасына дейінгі бала а экологиялы т рбие беру ма ыздылы ы (стр. 10 из 14)

Орта деңгей: табиғатты қорғау жұмыстарының мазмұнын біледі, түсіндіре алады, халық фольклоры жанрларына, табиғат көріністеріне қызығады, табиғатты қорғауға байланысты меңгерген білімін іс-әрекет түрлерінде пайдалануда қоршаған орта, табиғат мәселелеріне мұғалімнің көмегімен талдау береді, өзінің пікірін ашық көрсете алмайды.

Кесте 2 - Үздіксіз білім беру процесіндегі кіші жас балаларының экологиялық тәрбиелілігі моделі

Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Мотивациялық-құндылық компонент

туған жердің табиғатын қорғауға, бағалауға деген ұмтылысы, қамқорлық көзқарасы

- туған жердің табиғатын аялай

білуі;

- өлі және тірі табиғатқа деген

қамқорлық көзқарасы;

- табиғат аясындағы мінез-құлық

ережелерін сақтауы;

Эмоционалдық-сезімдік компонент

табиғаттың әдемі көрінісін сезіммен қабылдауы және әдемілікке деген ұмтылысы

- табиғаттың әдемі көрінісін

бейнелей білуі;

- табиғатты жырлаған халықтық

фольклор жанрларының

мазмұнын түсіне білуі.

- табиғат туралы көзқарасын

шынайы сезіммен әңгімелей білуі

Іс-әрекеттік компонент

табиғатты қорғаудағы пайдалы іс-әрекет дағдыларының қалыптасуы

- табиғатқа қамқорлық

кезіндегі еңбек дағдыларын

меңгеруі;

- экологиялық жағдаяттар

кезіндегі белсенділіктері;

- қоршаған ортамен қарым-

қатынасындағы пайдалы іс-

әрекеттерді атқара білуі.

Төменгі деңгей: табиғатты қорғау жұмыстарының мазмұнынан түсінігі нашар, халық фольклоры жанрларына, табиғат көріністеріне қызықпайды, табиғатты қорғауға байланысты жүргізілетін мәселелерге талдау бере алмайды, меңгерген білімін іс-әрекетте пайдалануға құлқы жоқ.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Алматы қалалық, Алматы облыстық педагог кадрларының білімін жетілдіру институттарында және Алматы, Талдықорған, Атырау, Ақтау, Астана қалаларының балабақшалары мен бастауыш сыныптарында үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау)

жүргізілді. Экспериментке 59 тәрбиеші-мұғалім мен 880 бала (оның 490-ы эксперимент тобында, 390-ы бақылау тобында) қатысты.

Анықтау эксперименті барысында үш компонент бойынша (мотивациялық-құндылық, эмоционалдық-сезімдік, іс-әрекеттік) үздіксіз білім беру процесіндегі балабақша мен бастауыш мектеп оқушыларының алғашқы экологиялық тәрбиелілігінің деңгейлері анықталды.

Сауалнама нәтижесі олардың экологиялық тәрбиелілігінің төмендігін байқатты. Егер балабақша балаларының 70%-ы табиғатқа қамқорлық жөніндегі өз ойын жеткізуге қиналса, бастауыш сынып оқушыларының 76%-ы табиғат

қорғау жұмыстарының мазмұны туралы білімінің таяздығын, білім - білік, дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана алмайтындығын, табиғатты қорғауға байланысты пайдалы іс-әрекет түрлерін жеткілікті меңгермегендігін байқатты.

Балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігінің төмен деңгейде болуы, бізге тәрбиешілер мен мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік даярлығын және экологиялық білім, іскерлік, дағды деңгейлерін тексеруге түрткі болды, А.П.Усова белгілеген өлшемдердің негізінде жүргізген сауалнама нәтижесі:

- балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушыларының экологиялық белсенділігін дамытуға дұрыс көңіл бөлінбейтіндігін;

- бүгінгі таңдағы экологиялық тәрбие жұмысының қажеттілігін түсінбеуі мен бұл бағыттағы ғылыми негізделген ұсыныстардың әлі де болса жеткіліксіз екендігін байқатты. Оны сауалнамаға қатысқан 59 тәрбиеші-мұғалімнің 24-і төмен, 20-сы орта, 8-і жеткілікті, 7-і жоғары деңгейді, яғни пайызға шаққанда толық даярлықты тәрбиеші-мұғалімдердің 19,9%-ы, жеткіліктіні 47,1%-ы, үстірт даярлықты 20,3%-ы, даярлығы жоқты 12,7%-ы көрсетеді. Бұл анықтау тәрбиеші-мұғалімдердің әдістемелік даярлықтары мен экологиялық білімдерінің төмендігін айғақтайды.

Анықтау экспериментінің осы кезеңінде экологиялық тәрбиені балабақша мен бастауыш мектептің тәрбие процесінде оңтайлы пайдалану жолдары айқындалды. Экологиялық тәрбие мазмұнының сабақтастыққа негізделген жүйесі құрылып, арнайы бағдарламалар жасалды, бағдарламаға сәйкес оқулықтар мен оқу құралдары дайындалды, балабақша мен бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты меңгерілетін экологиялық материалдар сұрыпталды, (олардың мазмұндық сипаты жоғарыда берілген) тәрбиешілер мен бастауыш мектеп мұғалімдерінің экологиялық даярлығын жетілдіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Қалыптастыру эксперименті үш кезеңде жүргізілді. 1-ші кезеңде алдын-ала айқындалған әдістемелік жүйе арқылы тәрбиешілер мен мұғалімдерге ұлттық тәрбие қағидалары мен жаңа педагогикалық технологиялардың негізінде экологиялық тәрбие сабақтастығының әдістемесі үйретілді (сурет 2).

Сурет 2 - Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының әдістемелік жүйесі

Жұмыс жүйесі ғылыми-әдістемелік және ғылыми-теориялық семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыруға, жаңа педагогикалық технологияларды,

экологиялық тәрбие құралдарын, формалары мен әдіс-тәсілдерін қолдануға байланысты озық тәжірибелерді насихаттауға бағытталды.

Отбасынан балабақшаға алғаш келген балаларға «Бүлдіршіндерге экологиялық тәрбие беру» (авторы А.Е.Манкеш) оқулығы бойынша жасалған қосымшаны меңгерту арқылы балабақша балаларының отбасынан алған тәрбиесі жетілдіріліп, қоршаған ортаны танып-білуге, табиғатты сүюге деген қызығушылықтары қалыптастырылды.

Қалыптастыру экспериментінің 2- ші кезеңінде балабақша балаларының отбасынан алған табиғат жөніндегі түсінігін жетілдіру, табиғатқа деген аялы көзқарастары мен іс-әрекет дағдыларын дамыту, мінез-құлық ережелерін орындай білу мақсатындағы жұмыстар әрі қарай жалғастырылды. Балалардың осы кезеңдегі психологиялық физиологиялық жас ерекшеліктері; мен табиғатты эмоционалды тұрғыда сабақтастықта қабылдау мүмкіндіктеріне, оларға деген сезіміне аса назар аударылды.

Осы кезеңде жүргізілген аралық кесіндінің нәтижесі біріншіден, олардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отыратынын, екіншіден, ұсынылған материалдардың қызықтылығын, үшіншіден, теориялық түсініктің практикамен ұштастырылатынын, төртіншіден, өтілетін тақырыптың өтілген тақырыппен байланыстылығын көрсетті. Оны №125, 342 балабақшаларда «Ағаштарға қамқорлық», «Құстар әлеміне саяхат» тақырыптарына өтілген экологиялық сабақтарының мазмұны растайды. Егер отбасында балалар өлі және тірі табиғат жөніндегі қарапайым ұғымдарды меңгеріп, үй жануарлары мен өсімдіктеріне қамқорлықпен қараудың қажеттілігін түсініп, ол бағыттағы қарапайым іс-әрекет түрлерін игерсе, балабақшаға келгенде қоршаған орта жөніндегі жалпылама түсініктері нақтыланып, бекітіліп, табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынасы артып, табиғат бұрышындағы пайдалы іс-әрекет түрлерін атқара білетін болды.

Балалардың экологиялық тәрбиелілігі «Экологиялық әліппедегі» (жаттығуларды орындау, сөйлемдерді аяқтау, сонымен бірге жетпейтін суретті толтыру, суретті ретімен орналастыру, жекелеген экологиялық тапсырмаларды орындау т.б.) «Қыстап қалатын құстарға қандай көмек көрсетуге болады?», «Ағаш дәрігері деп аталатын қандай құсты білесің? Не себепті олай аталады?», «Суды үнемдеудің қандай жолдарын білесің?» т.б. сұрақтарға берілген жауаптар арқылы бағаланып отырды.

Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығы экология, дүниетану, ана тілі сабақтарының негізінде жүзеге асырылды (сурет 3).

Ол біріншіден, әр түрлі әдіс-тәсіл түрлерін ұтымды пайдалануға болатынын дәлелдесе, екіншіден, әр топтағы пайдаланылатын материалдардың бірін-бірі қайталамай, тақырып мазмұнын толықтырып отыратынын байқауға болады, үшіншіден, балалардың қызықты педагогикалық жағдаяттарды шешуі табиғат құбылысының ерекшеліктеріне деген қызығушылықтарын арттырды. Балалардың экологиялық тәрбиелілігі әрбір тәрбие жұмысы соңында сауалнамалар, диагностика, жүргізу, интерактивті (іс-қимыл) әдісі, ой