Смекни!
smekni.com

Безотходное и экологическое производство (стр. 7 из 7)

Тай қазанның үстінгі жиегіндегі үш қатарлы белбеулі безендер сан алуан өсімдік іспеттес ою-өрнекпен нақышталған да көне араб жазуларымен толысқан. Бірінші қатардағы жазулар Ахмет Яссауи ескерткіші үшін су құйылатын қазан ретінде Темірдің сыйға тартқанын айтса, ортаңғы қатарда «Мерейің үстем болсын!» және «1399 жылы» Тебриздік шебер Абду-л Әзиз ибн Шарафуддиннің соққаны жайлы жазылған. Ал, төменгі белбеуде «Алла-ақбар» деген қорытынды бар. Қазақ құлақтары Лотос қауызы іспеттес шығыңқы дөңес боп біткен. 1934 жылдан бері бұл тай қазан Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург, Ресей) мемлекеттік Эрмитажда сақталанған. Былтырғы жылдары қазақ үкіметі бқл тай қазанды мемлекетімізге оралдырды.

Тағы да Темірдің сыйы шырағданның сүбелі тұлғасы, өсімдік тектес нәзік өрнектердің сәнді жарасымы, алтын-күміс жалатылған жазулар бұйымға қайталанбас тұтастық сыйлаған. Мұндағы жазулар 1397 жылы Изуддин ибн Таджуддин шебердің жасағандығын баяндайды. Мейлінше жоғары сауаттылықтан нәзік көркемдік талғамнан туған ғимараттың барлық есігі, әсіресе қазандық пен қабірхана қақпаларына, ең таңдаулы ағаштар іріктелген де ол сүйекпен нақышиалған. Есіктер мен ке»бір сәулет бөлшектерінде дәстүрлі қазақ ою-өрнектерінің сарыны сезіледі.

Ахмет Яссауи ғимараты Темір дәуірінің айтулы төрт ескерткішінен, олар – Шахрисябздегі Ақсарай, Доруссиядат (Темір әулетінің зираты), Самаркандтағы Бибі ханым мешіті, бізге жеткен жалғыз құрылыс екендігімен де қымбат. Оның композициялық ауқымдылығы, пропорциялық өлшемнің дәлдігі, құрылымдық шешімінің ұтқырлығы, бұған қоса, мейлінше бай безендірілуі XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басындағы Орта Азия сәулет өнерінің сүбелелігінен сыр шертеді. Сондай-ақ, ол өзінен бұрынғы қараханидтер дәуіріндегі құрылыс өнерінің сол кезде қалыптаса бастаған кейбір ерекшеліктерін бойына сіңірген.

Бұл ескерткіштің Қазақстан мен Орта Азия сәулет өнері тарихында алар мән-маңынасы жоғары. Талай ғасырлар бойы құрылыс мәдениетіне үлкен үлгі боп келгендігі де рас.

1978 жылы Ахмет Яссауи архитектуралық комплексі музей болып ашылды.

Музей экспозициясы ескерткіштің құрылымы мен безендірілу ерекшеліктермен, ежелгі Түркістан қала құрылысымен, Қазақстан жеріндегі жазба мәдениетінің тарихымен, қазақ халқының қол-өнерімен таныстырады.

Диуани хикмет. Ахмет Яссауи сопылық-философиялық дүниетанымдарын өзінің "Диуани хикмет" ("Даналық кітабы") еңбегінде баян етеді. Бұл өлеңдер жинағы түркі тілді халықтардың 12 ғ. сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады, сонымен бірге ол қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені, "Диуани хикмет" – оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. Кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған, бірақ бертін келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген деген болжам бар.

Қожа Ахмет Яссауи 63 жасқа келгенде қылует (қылует – арабша оңашалану деген сөз, жарық дүниеден қол үзіп, жер астында жеке дара өмір сүру арқылы бұл дүниенің күнәларынан бойын аулақ ұстау, тазалану, сөйтіп, Хаққа жақын болудың бір түрі ретінде Яссауидің өзі енгізген амалы болып табылады) жасап, жер астынан жай тұрғызып, жарық дүниемен тек шәкірттері арқылы байланысып, сол жер астында осы кітабын жазған. Яссауи бұл қолжазбаны 63-73 жас аралығында жазғаны, сөйтіп, өзінің өмір бойы жинап, жазып жүрген ойларын өлең түрінде бір жүйеге түсіргені туралы пікір ақиқатқа жақын. Барлығы 149 хикмет-жыр, ғалымдар оның 70-тен астамын ақынның өзінікі, басқасын шәкірттері кейін қосқан дейді.

Яссауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп қарастыруға болады. Біріншісі – сопылық ілімнің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы. Бұған уағыз – насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім-тәрбие сипатындағы хикметтер жатады. Ал екінші тобы – ақын өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары. Бұл жинақты бір жағынан, философ Яссауидің дүние танымының мазмұнын баяндаған және екінші жағынан, сопылық ілімнің әдеби нұсқасын берген өлең-жырлар деп, ұстаздың шәкірттеріне, болашақ ізбасарларына, оқушыларына арнаған сөзі деуге болады:

Бісміллә деп баян етіп хикмет айтып,

Тәліптерге дүр уа гауһар шаштым, міне, –

деуі содан. Мұндағы тәліптер деп отырғаны – шәкірттер деген сөз.

Жинақта бүкіл адамзатты толғандырған "Тіршілікті жаратушы кім?", "Өмір дегеніміз не?", "Адамның өмір сүрудегі мәні мен мұраты не?" – деген сұрақтарға Яссауи да жауап беруге тырысады. Яссауи хикметтері бойынша ғаламат ғарышты, шексіз өмірді, рух дүниесін жаратқан – құдірет пен хақ тағала. Ал адамның өмірінің мәні мен мұраты Алланың аманат етіп тапсырған рухани жанын дүние күнәсінен ада, таза түрінде алланың өзіне о дүниеде қайтарып беру парызында деп түсіндіреді. Сөйтіп, адам Алланың тұтастығынан бөлініп жаралған тағдыр бола отырып, енді қайтадан сол тұтастыққа, Алламен рухани бірігуге дайын болуға тиіс деп табады. Хақ тағала сеніммен, рухани бірлікпен суарылған махаббаттың мазмұны жеке құлқынның ләззаты емес, қайта өзін-өзі дүние қызығынан шектеу дейді. Сондай махаббат қана нағыз пәк, берік болмақ деп, оның небір керемет поэтикалық бейнелерінің түркі халықтары ұғымындағы махаббат ғажайыптары суреті арқылы көркем үздік образдар жасайды. Ғылым мен ілімге (сопылыққа) тек махаббат жолымен ғана жетуге болатынын айтады:

Махаббаттың дариясына шомылушы

Ғылым, амал қыл, қалар көп үлгісі, – дейді.

Мұндағы амал деп отырғаны – сопылықтың шарттарын орындау әрекеттері. Жинақта хақ жолынан тайдыруға итермелеуші шайтан, нәпсіхауа образдары махаббатқа қарсы қойылады. Адам өмірінің мәні өз бойын, өз рухын сол шайтан мен нәпсіхауаға алдырмауда дейді. Ғашықтықтың шын азабын тартқандай "өлмек бұрын жан бермектің дертін тарттым" деп, бар өмірін Алла жолын таза күйінде ұстау үшін күреске арнауды насихат етеді. Қожа Ахмет Яссауи философиялық мазмұнға құрылған хикметтерінде көбіне ойшылдығын танытса, өз ортасын суреттеуде әр құбылыстың мәнін көре білетін реалист суреткер ретінде көрінеді. Әр оқиғаға өзінің бағасын ашық айта білетін, әркімге тиесілі анықтамасын бере алатын шыншылдығын, сыншылдығын байқаймыз.

"Диуани хикмет" – сыншылдық дәстүрдің басы.

Өз заманының дағдарыстарына дауа іздеуде Яссауи өз көзқарасы тұрғысынан мынадай тұжырымдар айтады. Алла сыйлаған жарқын өмірдің қасіретке толып, азып-тозып азғындауына адамдардың өздері кінәлі. Адамның ниеті, пиғылы, құлқы, жүріс-тұрысы, мақсат-мүддесі заман қайшылықтарын туғызады деп табады.

Біліңдер достар, Хақ Расулдың елшілері,

Замана күннен күнге азар болды...

Патшалар әділдікпен үкім қылмас,

Қазылар пара алмай арыз алмас... –

деп, Яссауи заманның азуына әділетсіз патшадан бастап, тағдырына қанағатшылық етпеген пиғылы нашар пақырлардың бәрін кінәлі етіп айыптайды.

Ақын өз шығармаларында, әсіресе, ислам дінін таратушы, уағыздаушы, шариғат сөзін сөйлеуші, сақтаушы болуға міндетті ишан, молда, мүпти, сопы, дәруіш сияқты дінбасыларды қоғамдық сана-сезімнің алдыңғы өкілі ретінде қарастырып, олардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының, адамгершілік қасиеттерінің рухани биіктікте көрінуін талап етеді. Сондықтан да қоғам қаймағы, рухани жалауы болған сол топтың азғындыққа түсуі – заман азғындауының себепшісі екенін айтады.

Ишан, шейх, қожа, молда дүние іздер,

Сырын білмес топ халықты келіп алдар,

Аят, хадис сөзін қойып малды іздер...

Шейх деп салар сарай, жинар дүние,

Алла үшін қылған зәрре амалы жоқ...

Ғалымдардың айтқан сөзін дұрыс білмес,

Нағыз дәруіштерді көзге ілмес, – деп, ашынады.

Мұндай заманда әділеттікті, Хақ істі жақтаушылар қуғындалып, ал мансап үшін пара беріп, дүние үшін арсыздыққа барғандар қоғам басшылары болып, билік құратынын әшкерелейді. Яссауи өз заманынан сонда да күдер үзбей, адамгершілікке шақырады, жақсыны үлгі тұтып, ізгілік нышанына қуанады. Ол өз уақытының бейнесін жасап кеткен ақын әрі сол қоғамның белсенді қайраткері де болды.

Яссауи сопылық әдебиетті тудыра отырып, қазақ әдебиетінде адам бейнесін, оның қоғамдағы қызметін, өмір мұратын жоғары дәрежеге қойып жасауға жол салды. Яссауи хикметтері қоғам өміріне, адам тіршілігіне жоғары талап қойған сыншылдық дәстүр әкелді. Оның бұл сыншылдық дәстүрі Дулат, Сүйінбай, Шортанбай, Мұрат, т.б. жырларында, тіпті күні бүгіндері де жалғасын тауып жатыр.