Смекни!
smekni.com

Экология окружающей среды одно из важнейших проблем Восточного Казахстана (стр. 1 из 2)

Экология деген сөз "тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта" туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1886 жылы "экология" терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және "Экология - табиғат пен тірі ағзалардыңөзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым" деген анықтама берген. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардыңәсер ете бастауы олардыңқоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.

Қоғамдағы болып жатқан түрлі өзгерістерге байланысты жер анамызды ластау әрекеттерінің шешілуі қиын проблемалар тудыруда. Оның негізгі түйіні адамдардыңөзін қоршаған ортасында жауапкершілікпен қарамайтындығы. Олар табиғат байлығын пайдаланады да, оның болашағына немқұрайлы қарайды.

Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп.

Қазіргі таңда біздіңғаламшарымызды алаңдатып отырған экологиялық мәселелер өте көп. Мысалы : ластану, радиация, полигон және сол сияқты апаттар күн санап көбейіп келе жатыр. Соның біреуіне тоқталсақ, ол – ластану!

Табиғаттың ластануы - дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.

Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.

Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:

• шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді);

• пайда болу көзіне байланысты:

а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;

ә) нүктелік (өнеркәсіп орныныңқұбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);

• әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;

• қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оныңәр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.);

• әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико – химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б);

• әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарыныңқалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардыңөнімдері);

• тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттыңқостотығы, озон қабатындағы фреон).

Соңғы жылдары жер шарында экологияық апаттар қаупі күшеюде. Француз ғалымы Жак Ив Кусто айтқандай «бұрын адам табиғаттан қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады» ҒТР- дың дамып, шарықтау шегіне жеткені сондай, жер шарында табиғат өзгеріп, елдерге экономикалық , әлеуметтік шығындар әкелді. Кусто және былай деген: «Адамның алдынан орман кездессе, артында шөл қалады». Адамдардан ашкөздік әрекеттері біздің елімізде де апатты аймақтар қатарын көбейте түсті. Мысалы : Семей, Арал, Балқаш, Ертіс, Каспий және т.б.

Соның бірі, өзіміздің Семей қаласын қақ жарып ағатын, Шығыс Қазақстандықтарды алаңдатып отырған Ертіс өзенінің проблемасы болып отыр. Себебі Өскеменнен Павлодарға дейін Ертіс өзенінің бойында 46 елді мекен орналасқан. Әсіресе Өскемен, Семей, Глубокое, Шүлбі, Курчатов сияқты ірі қалалар мен қалашықтарының шыққан өндіріс қалдықтарымен қоса ауыл шаруашылық кәсіпорындарының да қосатын үлесі баршылық.


Ертіс деңгейінің мөлшерден тыс төмендеуі, өзен аңғарындағы өсімдік дүниесіне әсер етіп, оның табиғи түрде қалпына келуіне зиян келтіреді. Өзен деңгейініңәр түрлі болуы балықтардың тіршілігіне, оныңөсіп – өнуіне де әсерін тигізеді.Ағыс жылдамдығыныңөзгеруі Ертістің табиғи тазаруын қиындатады. Сондықтан су қоймаларындағы судың сапасы өзгерген. Өзен суын тексеру нәтижесі бойынша су қоймаларының және Ертістің түбіндегі тұнбаларда ауыр металдар тұздарының және радионуклеотидтердің шөккендігі анықталған.

Облыс санэпидемиологиялық станциясының тексеру нәтижесінде өзен суының потенциалды эпидемиологиялық көрсеткіші айтарлықтай болып, қауіптілігі анықталды. Ертіс суын біріге отырып пайдалану, әрі қорғау үшін Ресей мен Қазақстан арасында мемлекетаралық келісім жасалған. Өскемен мен Павлодар арасында Ертіс суын тексеріп жіберетін қақпа орнатылды. Ол жерден Өскеменнен Павлодар облысына қарай аққан судыңқаншалықты ластанғанын анықтайтын су үлгісі алынады.

Ертіс өзенін ластаушылардың бірі Кенді Алтайдың түсті металлургия кәсіпорындары.

Кенді Алтай Шығыс Қазақстандағы экономикасы дамыған аудан. Алтайда түсті металл табылысымен-аққоныс аударушылар келіп, қоныстана бастады. АлтайдыңҚазақстандағы бөлігінде күміс балқыту өнеркәсібі дамыды. Сөйтіп, бұл аудан Ресейдің күміс қорына айналды. Бір ғана Зырян кеніші Алтайда өндірілетін күмістің 75% беріп отырды. XIX ғасырдың аяғынан бастап бұл кен орындары шетелдіктерге жалға беріле бастады. Олар табыс қуып, қазба байлықтарды бей-берекет жыртқыштықпен пайдаланды. Бұл жерде ағылшын Лесли Уркварт 1914 жылдан 1917 жылға дейін қожалық жасады. Кеңес өкіметі жылдарында Кенді Алтай жалпы Одақтық маңызы бар жерге айналды. Түсті металдарды өндіруден Шығыс Қазақстан бірінші орында тұрды.

Алтайда түсті металлургияның ең ірі кәсіпорындары Өскеменде (қорғасын, мырыш), Риддерде (полиметалл) және Зырянда (қорғасын). Бұл кәсіпорындардың республиканың ауыр өнеркәсібі үшін маңызы өте зор. Бірақ, экология мәселесіне де бей-жай қарауға болмайды. Алтай өңірі орман-тоғайымен, биік тауларымен, сол таулардан құлай аққан мөлдір бұлақ, өзендерімен көздің жауын алатын. Жергілікті халықтың, жалпы Қазақстанның мақтанышы еді. Өндіріс дамыған сайын Алтай бұрынғы көркінен айырыла бастады. Әсіресе Өскемен, Риддер, Зырян қалаларының ауасы тым ауырлаған. Түрлі металлургиялық комбинаттардан көтерілген лас ауа ашық аспанда улы газдармен айғыздап отыр. Зайсан көлінің кезінде тайдай тулаған балықтары көлденең ауруға шалдығып, өзінен-өзі құруда. Себебі, көлге өнеркәсіптің орасан зор шайынды сулары құйылады.

Облыс табиғатына аумағы 18 мың км2 жерді алып жатқан Семей полигонының тигізген әсері де аз емес.

Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндірісінде, атом құралдарын жасап сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалықөзгерістердің пайда болуына әсер етуде, Семей аумағында қазір 700 мың га радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен бірге, табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен келетін немесе жасанды жолмен-флюорография, теледидар экраны, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан т.с.с. туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді.

1989 жылы ақпан айында алғашқы антиядролыққозғалыс құрылды. Олжас Сүлейменов басқарған бұл қозғалыс әлемді ұйқысынан оятып, адамдардың бейбіт өмір сүру құқығын талап етуіне жол ашты. Халықты дүние жүзінде аузынан от шашқан тажалды бітеу үшін көтерген "Невада-Семей" козғалысын бүгінде білмейтін адам жоқ. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.