Жоспар
Кіріспе
I Электрондық мемлекеттік сатып алу
11 Салық есептілігін өңдеу сервистері СЕӨС
II. ҚР ҚМ СҚ web-порталы (www.salyk.kz)
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер
Электрондық мемлекеттік сатып алу
Электрондық мемлекеттік сатып алу автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) нақты уақыт режимінде электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізуге арналған. Бұл үшін Жүйе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге, сатып алу рәсімдерін шоғырландыруға және жүргізуге тапсырыс берушілердің қажеттіліктері туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда электрондық мемлекеттік сатып алу порталында ағымдағы сәтке 70 000 астам қатысушы, оның ішінде шамамен 46 000 өнім беруші тіркелді. Веб-порталға қатынау аптасына 300 000 қатынаудан асып түседі. Шекті бірегей қатынау – күніне 30 000 асады.Мемлекеттік тапсырыс берушілер веб-порталда электрондық форматта шамамен 18 000 жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын жариялады. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы 900 000 астам шешім жарияланды.
Порталдың жоғары өнімділігін қамтамасыз ету үшін қаңтардың басында Қаржы министрлігі жаңа анағұрлым қуатты жабдықта ЭМС АИАЖ пайдалануды қамтамасыз етті.
ЭМС АИАЖ пайдаланушыларды техникалық қолдау қызметі күшейтілді, ол үшін:
ақпанда техникалық қолдау қызметінің телефон желілерінің қуаты 2,5 есеге ұлғайтылды. Осы қызмет апта сайын телефонмен, электрондық почтамен, Электрондық коммерция орталығы ЖШС келген пайдаланушыларға жеке ЭМС АИАЖ порталындағы форумда және қағаз жүзінде хат түрінде 4500 жуық консультация көрсетеді. Электрондық мемлекеттік сатып алуды енгізудің бүкіл кезеңі ішінде Министрлік тұрақты негізде, оның ішінде өңірлерге шыға отырып электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша семинар өткізіп отырады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде мынадай іс-шаралар жүргізілді:
1Интеграцияланған ақпараттық салық жүйесі» ақпараттық жүйесі (ИАСЖ-ЭКНА).
Ақпараттық жүйенің мақсаты:
Қазақстан Республикасы салық органдарының қызметін кешенді автоматтандыру.
Ақпараттық жүйенің функционалы:
Жүйенің мынадай негізгі функцияларын қамтамасыз ететін құрауыштар, модульдер мен режимдер іске асырылды және пайдалануда:
Қазақстан Республикасы салық төлеушілерін, оның ішінде жеке кәсіпкерлерді тіркеу және тіркеу есебін жүргізу; СТН беру және ҚР салық төлеушісі куәлігін беру; Жеке кәсіпкер патенті мен куәлігін тіркеу және беру; әділет және статистика органдарымен өзара іс-қимыл жасау кезінде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша заңды тұлғаларды тіркеу; Қазынашылықтан төлемдер қабылдау және өңдеу; МЗТО төлемдер қабылдау және өңдеу; салық төлеушілердің жеке шоттарына салық есептілігінен есептелген соманы қабылдау және өңдеу; ҚР бюджеті алдында берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы анықтаманы қалыптастыру; салықтық тексеруге іс жүргізу; салықтық тексеру нәтижелері бойынша жете есептеулерді автоматтандыру; салықтық тексеру нәтижелерін шағымдануды жүргізу рәсімдері; салық есептілігін камералдық бақылау деректерін қабылдау және өңдеу; салық инспекторлары-аудиторлар рейтингін анықтау; жеке шоттар мен тіркеу есебі деректерінің мониторингі және оларды талдау; талдамалы, мониторингтік және статистикалық есептілікті қалыптастыру; «ҚР салық төлеушілерінің тізілімі» дерекқорын жүргізу; ҚР салық төлеушілері жеке шоттарының дерекқорын жүргізу; салық төлеушілердің банктік шоттарына инкассалық өкімдер беру; мемлекеттік органдармен жалған кәсіпкерлікке қарсы күрес жөнінде электрондық өзара іс-қимыл жасау; уәкілетті органдармен электрондық өзара іс-қимылды пайдалану арқылы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін бақылау, салық төлеушілерге хабарламалар жіберу; нұсқамаларды тіркеу, салықтық тексеру материалдарын беру бөлігінде прокуратура және қаржы полициясы органдарымен автоматтандырылған өзара іс-қимыл жасау және оларды қарау нәтижелерін алу;мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарға қатысу үшін электрондық анықтамалар қалыптастыру; жеке шоттар деректерінің және салық төлеушілердің тіркеу деректерінің құпиялығын қамтамасыз ету. салықтар мен төлемдердің сомасын есептеуге (қайтаруға) өтініштерді қашықтан қабылдау; салықтық тексеру нәтижелерін шағымдануға өтініштерді қашықтан қабылдау; салықтардың барлық түрлері бойынша жеке шоттарға алыстатылған қатынауды қамтамасыз ету; салық төлеушінің жеке тіркеу деректерін қашықтан өзгерту;
Қол жеткізілген нәтижелер:
ҚР салық органдарының қызметі автоматтандырылды.
ИАСЖ 01.07.2010 ж. жағдай бойынша 353 693 заңды тұлға, 18 429 251 жеке тұлға, оның ішінде 1 021 066 ЖК тіркелді, олардың барлығы бойынша салық түрлері бойынша жеке шоттар жүргізіледі. 01.01.2005 жылдан бастап 01.07.2010 жылды қоса алғанда салық органдары 843 112 салықтық тексеру жүргізді, олар бойынша 1 737 106,2 млн. теңге жете есептелді. Соңғы 3 жылдың өзінде ғана (2007-2009 ж.ж.) автоматтандырылған ИАСЖ салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы 895 815 анықтама, жеке шоттан 913 172 көшірме берілді, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетте төлемдердің, өсімақының төленген сомасын есептеу және қайтару жүргізілді.
2 Салық есептілігін өңдеу сервистері (СЕӨС)
Салық есептілігін қабылдау және өңдеу; ҚҚС қайтару бөлігінде салықтық әкімшілік жүргізу процестерін, ҚҚС төлеушілерді тіркеу; электрондық айналым қатысушыларын тіркеу рәсімдерін автоматтандыру.
Қол жеткізілген нәтижелер:
Салық органдарының және ҚР салық төлеушілердің қызметі автоматтандырылды. Айталық, 2010 жылғы 27 тамыздағы жағдай бойынша СЕӨС 7 547 835 декларация, оның ішінде 2010 жылдың 1-жарты жылдығында - 1 083 253 декларация өңделді, оның ішінде 76% электрондық түрде, 2010 жылғы 2-тоқсанда - 919 630 декларация, оның 85%-ы электрондық түрде өңделді. 2-тоқсанда электрондық түрде берілген СЕН өсімі ағымдағы жылдың 1-тоқсанына қарағанда 9 %-ды құрады.
Салық төлеуші кабинеті» web-қосымшасы (СТ кабинеті)
Ақпараттық жүйені тағайындау:
ҚР салық төлеушілері үшін Салық комитетінің электрондық қызметтерін ұсыну дербестелген және қорғалған рұқсат арқылы жүргізіледі. Құрауыштар, модульдер мен режимдер іске асырылды және пайдалану үстінде.
Қол жетілген нәтижелер:
Республиканың салық органдарымен салық төлеушілердің өзара іс-қимылы жөнінде, оның ішінде салық есептілігі нысандарын ұсыну, әрқилы түрдегі өтініштерді беру, салық хабарламалары мен анықтамаларын және т.б. алу бойынша негізгі бизнес-процестер автоматтандырылған.
Осылай, салық есептілігін ұсыну кезеңінде 2010 жылғы 2-тоқсанда (01.07.2010 бастап 16.08.2010 қоса алғанда) «Салық төлеушілер кабинетінің» web-қосымшасына қосылудың жалпы саны - 3 782 162 сессияны құрады; криптографиялық кілттерді пайдаланумен авторландыру саны 1 644 469 сессияны құрады; СТ кабинетімен салық есептілігінің 369 556 нысанын ұсыну және Салық комитетінің электрондық қызметтеріне 3 971 375 өтініштерді дайындау үшін - 252 088 салық төлеушілер пайдаланды.
ҚР ҚМ СҚ web-порталы (www.salyk.kz)
Ақпараттық жүйені тағайындау:
ҚР ҚМ СК мыналарға бағытталған біріңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру:
- ҚР салық төлеушілеріне қызмет көрсету нысандары мен әдістерін жетілдіру;
- салықтық міндеттемелерді орындау рәсімдерін жеңілдету үшін салық төлеушілерге ұсынылатын интерактивті online қызметтерінің саласын кеңіту;
- салық төлеушілердің құқықтық салықтық сауаттылығы мен ақпараттандыруды арттыру;
- салықтық әкімшілендіру тетіктерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығы мен мөлдірлігін арттыру
Қол жетілген нәтижелер:
Тұтас алғанда ҚР ҚМ СК web-порталына 2009 жылы мынадай статистика белгіленді:
Web-портал бойыншша:
Барлығы бір жылда келушілер 1 947 270;
Орташа алғанда бір күнгі келушілер 5 936;
Барлығы қаралған беттер 16 744 314;
Барлығы хиттер (беттерге және ресурстарға пайдаланушылардың жүгінуі) 81 028 942;
Форум бойынша:
Барлығы бір жылда келушілер 276 787;
Орташа алғанда бір күнгі келушілер 758;
Барлығы қаралған беттер 1 605 209;
Барлығы хиттер (беттерге және ресурстарға пайдаланушылардың жүгінуі) 3 906 224;