Смекни!
smekni.com

Электронды мемлекеттік сатып алу (стр. 3 из 3)

1. Жүйені дамыту мақсатында, веб-интерфейстегі Тізілімнің клиенттік бөліктерін аудару жолымен қолданыстағы «Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, заңды тұлғалардың тізілімі» (бұдан әрі - Тізілім) ақпараттық жүйесі жаңғыртылды және қазіргі күні орталық атқарушы мемлекеттік органдардың пайдаланушыларында Тізбеге Интернет арқылы «on-line» режимінде қол жеткізу мүмкіндігі бар.

2. Тізілімнің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 27 336,5 мың теңгеге жабдық сатып алынды, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің балансында бекітілген.

2008 жылы Жүйені дамыту және жұмысын кеңейту мақсатында 20 000 мың теңге мөлшерінде қаржыландыру жүзеге асырылған болатын және мыналар:

- Интернет арқылы, веб-технологияларын пайдалана отырып, Облыстық және аудандық коммуналдық мемлекеттік меншік құқығы субъектілері тізбесінің деректеріне «on-line» режимінде қол жеткізу мүмкіндігі;

- Интернет арқылы мемлекеттік кәсіпорындарға жедел басқаруға немесе шаруашылық жүргізуге берілген мемлекеттік мүлік туралы ақпаратқа, ешкімге бекітілмеген, иесі жоқ мүлікке қол жеткізу мүмкіндігі;

- Интернет арқылы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың, осы ұйым бойынша электрондық түрдегі (сканерленген) құжаттарды (құру, қайта ұйымдастыру, тарату және т.б. туралы шешімдерді) қамтитын «электрондық құжаттар топтамасына» қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда «электрондық құжаттар топтамасына» 96 612 құжат енгізілген.

Бұл ретте түпкілікті пайдаланушылардың Тізілімнің түрлі кіші бөлімдері мен олардың құзіретіне қол жеткізу деңгейлері бойынша құқықтары шектелген.

2009 жылы Жүйені жаңғыртуға Жүйені дамыту және жұмысын кеңейту мақсатында шетелдегі және мемлекеттік заңды тұлғаларына бекітілген /тіркелген мемлекеттік (жылжымайтын) мүлікті есепке алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында 25 000 мың теңге мөлшерінде қаржыландыру бөлінген.

Орындалған жұмыстардың нәтижесінде:

- өздеріне ведомстволық бағынысты 30 ұйым бойынша 4 мемлекеттік орган берген 131 жылжымайтын мүлік объектілері туралы ақпаратты қамтитын шетелдегі мемлекеттік (жылжымайтын) мүлікті есепке алу бойынша ақпараттық жүйе блогы әзірленді;

- Тізілімді жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді, оның нәтижесінде мемлекеттік органдардың пайдаланушыларына Тізілімнің шетелдегі мемлекеттік (жылжымайтын) мүлікті есепке алуға арналып тағайындалған қосымша кіші бөліміне Интернет арқылы тура және тікелей қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілді;

- Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығымен Шетелдегі мемлекеттік (жылжымайтын мүлік) меншік объектілерін Мемлекеттік Тізілімде есепке алу бойынша нұсқаулық әзірленді және бекітілді.

Осы нұсқаулыққа сәйкес Мүлік бойынша тізілім деректерінің толықтығы мен өзектілігі мақсатында жыл сайын өздерінің мүліктерін түгендеу жүргізу нәтижелерімен салыстыру жүргізу үшін мемлекеттік ұйымдарға Тізілімде тіркелген мүліктің тізбесі жіберіледі.

Бұл ретте шетелдегі мүлік бойынша (салыстыру нәтижелері бойынша) ақпаратты енгізу, өзгерту немесе жаңа деректерді енгізуге арналған бұйрықты тіркеу және сақтау жолымен Тізілімнің веб-порталы (интернет арқылы) арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда Тізілімге есепке алынатын объектілерді кеңейту бойынша міндет тұр, олар «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң жобасында мыналарды:

мемлекеттік материалдық резервті;

мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілерін;

ұлттық мәдени игілік объектілерін;

жер пайдаланудағы жер учаскелерін, сондай-ақ есепке алынуы автоматтандырылған, ҚР Үкіметі бекітетін мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу ережесінде көзделген мемлекеттік мүліктің өзге де түрлерін (санаттарын) айқындайды.

Министрлікте «е-Қаржымині» Біріктірілген автоматтандырылған ақпараттық жүйені» (бұдан әрі - «е-Қаржымині» БААЖ) құру бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық экономикалық негіздемесін дайындау бойынша іс-шаралар аяқталды.

Жобаның мақсаты «Электрондық үкіметті» одан әрі кеңейту және дамыту –Министрліктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі әкімшілік рәсімдерін (бизнес-процестерді) кешенді автоматтандыру үшін тағайындалған оның жаңа құрамдас құрауышы «е-Қаржымині» БААЖ-ын құру болып табылады.

«е-Қаржымині» БААЖ жобасының негізгі міндеті қаржыға қатысты барлық бизнес-процестердің бірігуін, қаржылық есептіліктің шоғырлануын, бюджеттің атқарылуын бақылауды,кірістерді, қолма-қол ақшаны, ішкі және сыртқы борышты, тәуекелдерді, қаржылық аудиттің қамтамасыз етілуін, мемлекеттік активтерді, сондай-ақ басқа да функцияларды басқаруды көздейтін мемлекеттік қаржыны басқару жүйесін автоматтандыру болып табылады.