Смекни!
smekni.com

Электронды мемлекеттік сатып алу (стр. 2 из 3)

5. Информационная система «Салық төлеушілер мен салық салушылар объектілерінің тізілімі» (СТ менССО)

Ақпараттық жүйені тағайындау:

Салық төлеушілер мен салық салушылар объектілерінің тізілімін құру;

Ақпараттық жүйе функционалы:

Мемлекеттік уәкілетті органдармен өзара і с-қимыл;

- ЗТ МБД шеңберінде заңды тұлғаларды тіркеу;

- ҚР ҚМ СК жүйелерімен өзара іс-қимыл;

- Салық төлеушілер мен салық салушылар объектілерінің тізілімін қалыптастыру;

- Салық төлеушілер және «Салық инспекторының жұмыс орны» бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы салық салу объектілері туралы ізденісті қамтамасыз ету және ақпаратты көрсету;

- Мүлікке, жерге, көлікке арналған салық есептеулері;

- Салық органдары есептеген (жер салығы бойынша және заңды тұлғалардың мүлігіне салынатын салық бойынша) салық сомалары туралы Хабарламаларды қалыптастыру және басып шығару;

- Есептерді қалыптастыру.

Қол жетілген нәтижелер:

- Салық төлеушілер мен салық салушылар объектілері туралы ақпаратты жинау және сақтау.

- Салық сомаларының есептелуінің дұрыстығына орталықтандырылған бақылау.

- Салық төлеушілердің жеке шотына тарату үшін есептеулерді СБАЖ беруді автоматтандыру.

- Салық төлеуші уәкілетті органдардың деректемелері мен ақпаратты қарай алатын «Салық төлеушілер кабинетінің» web-қосымшасына (жер салығы мен заңды тұлғалардың мүлікке салынатын салығы бойынша) салық органы есептейтін салықтардың сомалары туралы хабарламалары бойынша салық төлеушіге тіркелген салық салу объектілері туралы ақпаратты беруді автоматтандыру.

Одан басқа ҚР ҚМ СК бірқатар мынадай ақпараттық жүйелерді іске асырды және енгізді:

- ҚР ҚМ СК интеграцияланған шинасы (ИШ) Бизнес-процестерді және салық төлеушілермен өзара іс-қимылды автоматтандыру кезінде деректер мен құжаттарды беруді қамтамасыз ету

- ҚР ҚМ СК деректерін біріңғай сақтау (ЕХД) – ҚР ҚМ СК жедел АЖ ақпаратын жинауды, келісілген және орталықтандырылған сақтауды қамтамасыз ету;

- «SAS технологиясы негізінде кешенді жан-жақты талдау» АЖ – шешімдердің қабылдануын қолдаудың техникалық және ақпараттық платформасын қамтамасыз ету бұл салықтық әкімшілендіру жүйесінің жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру;

- «Голографиялық қорғау элементі бар есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану арқылы алкоголь өнімдерін өндіру және оның айналымына бақылау» (ЕБМ АЖ) АЖ;

- Акцизделетін өнімнің өндірілуіне және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне бақылау» (Акциз АЖ)

«Төлемге қабілетсіздік және банкроттық» (Банкрот АЖ) ақпараттық жүйесі – Төлемге қабілетсіз ұйымдарды анықтау және төлемге қабілетсіздікті қалпына келтіру немесе банкроттық рәсімін қолдану мақсатында төлемге қабілетсіз ұйымдарға оңалту рәсімдерін қолдану тиімділігі туралы шешім қабылдау.

- Ақпараттық жүйе Салық заңнамасын түсіндіру бойынша мультимедиялық орталық (Call-center)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде:

«Электрондық үкіметті» дамыту бағдарламасы шеңберінде КБК «Электрондық кеден» ақпараттық жүйесін дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде:

«Электрондық үкіметтің» құрауыштары ретінде «Электрондық кеден» АЖ құру шеңберінде «ҚР кеден органдарының web-порталы және шлюзі» (http://e.customs.kz) тәжірибелі пайдалануға әзірленді және енгізілді.

Жүйені пайдалану шеңберінде мыналарға бағытталған жұмыстар әзірленді және өткізілді:

 Пайдаланушыларға ақпаратық-анықтамалық сипаттағы кең мүмкіндіктерді пайдалану ұсынылды;

 жалпы жүйелік сервистері бар (қауіпсіздік қызметі, электрондық почта, ведомстволық анықтамалар және каталогтар сияқты) Жүйені интеграциялау;

 пайдаланушылардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыру;

 (портлетизация) web-декларант қосымшасын Жүйеге интеграциялау.

 «Қазақстан Республикасының кеден органдарының web-порталы және шлюзімен» одан әрі бірігу үшін «электрондық үкімет» базалық құрауышы мен ҚБҚ ақпараттық жүйелеріне зерттеу жүргізу,

 Жүйелерді қолданыстағы және әзірленетін ведомстволық ақпараттық жүйелермен, сондай-ақ е-үкіметтің базалық құрауыштарымен біріктіру;

 Бар функционалдық мүмкіншіліктерді дамыту, қолданыстағы компоненттер негізінде жаңа, композитивті сервистер құру және жаңа ұсыныстар мен сервистер әзірлеу.

 - порталдың кейбір бөлімдері бойынша Кедендік бақылау департаменті бөлінісінде ақпаратқа берілетін рұқсатқа бөлу жүргізу,

 порталда мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде пайдаланушылар интерфейсін қолдауды іске асыру,

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 03 қазандағы №891 қаулысының талаптарына порталдың құрылымын сәйкес келтіру.

 Бүгінгі таңда е-үкімет веб-порталы кеден заңнамасы мәселелері мен оны түсіндіру бөлігінде өзекті, барлық қажетті құжаттардың тізбесі көрсетілген, сондай-ақ КБК www.customs.kz. ресми веб-сайтына арналған барлық сілтемелер жұмыс істейді.

Қол жеткізілген нәтижелер:

Сыртқы портал:

− Күн ішіндегі келу саны – 366 (бүгінгі күн бойынша);

− Апта ішіндегі келу саны – 6585 (өткен апта бойынша);

− Ай ішіндегі келу саны – 30577 (шілде айы бойынша);

− Жыл ішіндегі келу саны – 489716 (осы жыл бойынша).

Ішкі портал:

– Бір күн ішіндегі келу саны – 138 (бүгінгі күн бойынша);

– Апта ішіндегі келу саны – 856 (өткен апта бойынша);

– Ай ішіндегі келу саны – 2539 (шілде айы бойынша);

– Жыл ішіндегі келу саны – 12508 (осы жыл бойынша).

Ай ішіндегі порталдың сыртқы қолданушыларымен ақпараттарды көшіріп алынған саны – 126.13 МБ (23.62 КБ/Визит)

2. «Web-декларант» электрондық декларациялаудың бағдарламалық кешені әзірленген және енгізілген, ол сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ақысыз негізде кеден қызметтерінің электрондық көшірмелерін қалыптастыруға және Интернет желісі арқылы кез келген органының мекен-жайына жіберуге мүмкіндік береді.

Қол жеткізілген нәтижелер:

ЭДК «Web-декларант» тіркелген қолданушылар саны (2010 ж. 20 қыркүйек күйіне) – 1516.

Веб – декларант бойынша СЭҚ қатысушылардың ресімделген кедендік құжаттар саны – 81 618.

3. Бүгінгі таңда кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану үшін әдіснамалық және нормативтік негізді әзірлеу дерлік аяқталды.

Кеден органдарында тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу шеңберінде «Электрондық кеден» ақпараттық жүйесінің «Тәуекелдерді селективтік бақылау және басқару» (ТСББ) құрауышы әзірленді, ол өзіне, кедендік ресімдеу кезінде ЖКД тәуекелін бағалау жүргізуге арналған мынадай: «Тәуекелдерді бағалау жүйесі», «Тәуекелдерді жедел басқару», «Деректер қоймасы» модульдерін қамтиды.

4. Сыртқы сауда статистикасын қалыптастыруды ұйымдастыру үшін «Сыртқы сауда статистикасының деректеріне қол жетімділік статистикасы, талдауы және оны беру» АЖ әзірленген. Тәжірибелі пайдалануда «Баға және салақ бақылауы», «Сыртқы сауда статистикасының (ССС) және контрагент елдердің деректерін салыстырмалы талдау», «ККО-ін ескере отырып ҚР ССС-ның деректерін талдау кіші жүйесі» кіші жүйелері тұр.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде мынадай іс-шаралар жүргізілді:

«Мемлекеттік меншік тізілімі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) әзірленді және енгізілді, оның мақсаты мемлекеттік меншік объектілерін толық, жүйелі және дұрыс есепке алу болып табылады.

2006 жылы Мемлекет Басшысы Үкіметтің алдына Мемлекеттік меншіктің бірыңғай тізілімін жасау бойынша міндет қойған болатын. Бұл міндет Тізілімге коммуналдық меншік және оның дерекқорларымен тікелей жұмыс істеу үшін жергілікті атқарушы органдарға қол жетімділік беру бойынша ақпаратты енгізу жолымен шешілген болатын.

Сонымен бірге орталық және жергілікті атқарушы органдарды оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты Тізілімге енгізілген ақпаратпен қамтамасыз ету міндеті де тұрды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын (1,5-тармақ) іске асыру бойынша Жүйені дамыту бойынша іс-шаралар көзделген.

Мәселен, 2007 жылы 47337 мың теңге мөлшеріндегі қаржыландыру мынадай іс-шараларға жүзеге асырылды: