Смекни!
smekni.com

Информатиканы о ыту дістемесі (стр. 5 из 6)

WINDOWS операциялық жүйесін оқыту әдістемесі. WINDOWS операциялық жүйесін оқытқанда: программаны жүктеу, бумалар, файлдармен жұмыс, дискімен, дискетпен жұмыс және де осы программаны орнату, қазақша қаріп енгізу және т.б. көптеген іс-әрекеттер айтылуы тиіс.

Word мәтіндік редакторын оқыту әдістемесі. Word мәтіндік редакторлары – мәтін енгізу, оны өңдеуге арналған. Мектепте үйренуге жеңіл, мәтінді жоғары сапалы етіп дайындау үшін Word редакторы қолданылады. Word-тың мүмкіндігі өте көп. Қаріптердің өлшнмін әртүрлі етіп өзгерту арқылы, көркемдеуге болады. Жалпы, бұл соңғы жаңалықтардың бірі болып саналады. Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту үшін басқа мәтіндік редакторлармен және жазу машинасымен салыстырып, бұл редактордың мүмкіндігіне, ерекшеліктеріне тоқталу керек. Монитор экранындағы әрбір символ әрбір әріп баспаға дәл сол күйінде шығады, сол себепті жіберілген қатені алдымен экранда түзетіп алған жөн. Сонымен мәтіндік редакторда жұмыс істегенде: мәтін енгізу, түзету, сосын баспаға шығару керек. Бұны оқушы жұмыс үстелінде демонстрациялап көрсеткен жөн. Нәтиженің нақтылығы қызығушылықты тудырады. Мұғалім оқушыларға компьютерде мәтін енгізіп, оның қатесін түзетіңдер және грамматикалық қателерін де табыңдар деген тапсырма берсе болады. Оқушылар қателерді түзету барысында меңгеруге тиісті бұйрықтармен жұмыс істеуге тура келеді. Әр мәтінді қатесіз, дұрыс енгізуге дағдыланады. Бұл өз кезегінде оқушылардың грамматикалық сауатты болуына үлкен септігін тигізеді. Мұғалім алдын ала ішінде әріптері қалдырылған мәтін дайындап, бос орындарға дұрыс әріптерін қойып шығыңдар десе де болады. Мұғалім компьютерде мәтін енгізудің жетістіктерін әңгімелеп береді, сондай-ақ компьютерде жұмыс істеп көрсетуі тиіс. Оқушылардың нқсқауымен жұмыс істеуі, сұрақтарға жауап беруі, мәіндік редакторды практикалық жұмыс істей отырып меңгеруі, өздерінің жеке іс-тәжірибелерін жинақтауы, яғни теориялық алған білімдерін практикалық қызметімен сабақтаса түседі.

Оқушыларды компьютерге екеуден отырғызған жағдайда, олар кезекпен жұмыс істеуі керек, өйткені тек бақылап отырып, бұл редакторды меңгеру мүмкін емес. Негізгі мақсаты: Оқушылардың жұмысын автоматтандыру. Мысалы, оқушылар кейбір қайталанатын сөздерді қайтадан енгізіп отырады, оларға міндетті түрде көшіріп, автоматты түрде жұмыс істеуін қадағалау қажет. Тағы бір айта кететін мәселе, оқушылар алғашқы жұмыс істеген кезден бастап-ақ бірден екі қол саусақтарын пайдалануы керек. Өйтпегенде олар тек бір қолмен, не бір саусақпен бір-бірлеп әріп теріп отыруы мүмкін. Әрі олардың қолдары жаттығып, қай әріп қайда орналасқандығына көздері үйрену үшін «пернелік жаттығу» ойының берген жөн.

Paint – графиктік редакторын оқыту әдістемесі. Paint – графиктік редакторы сурет салуға арналған. Мұның көмегімен әртүрлі бейнелерді, көріністерді т.б. әсем етіп бейнелеуге болады. Paint – редакторы пайдалануға өте жеңіл, мүмкіндігі жоғары. Қажетті сурет салуға арналған құрал-саймандар: түзу, сызық, дөңгелек, төртбұрыш, өшіргіш, әріп жазуға арналған abc пернесі, түрлі түсті экранда жұмыс үстелінде орналасқан. Бағдарламны қос та, істей бер. Paint графиктік редакторында компьютер көмегімен сурет салуды шектен тыс қолдануға болмайды, өйткені оқушыларда сызба құралдары: сызғыш, циркульмен жұмыс істеу дағдыларын да қалыптастыруымыз керек. Paint графикалық редакторы – графиктік бейне түріндегі суреттер және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа.

Оқу мақсатына мыналар жатады: оқушыларды компьютерде сурет салуға практикалық тұрғыдан дайындық жұмыстарын жүргізу; жұмыс істеу үшін тұрақты дағдылрын қалыптастыру; компьютерлік графика мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; қандай да бір сурет үшін іс-әрекеттерін алгоритмдеу; сурет салу үшін бұйрықтардың түрлі комбинациясын қолдана білуге үйрету; ойлау жүйесін тәрбиелеу.

Тақтаға көп қадамнан тұратын бұйрықтар қызметін жазып, оқушыларға редактормен жұмыс істеу нұсқаларын көрсету керек. Жұмыс істеудің қызық түрі – суретті топ болып орындау, оны оқушы жұмыс үстелінде баспға шығару.

Электрондық кестені оқыту әдістемесі. Excel электрондық кестені экономикалық және математикалық күрделі есептеулерді, диаграммаларды және т.б. көптеген іс-әрекеттерді орындауға арналған. Сабаққа қызығушылықты арттыру үшін алдын ала әзірленген тапсырманы демонстрациялап көрсетеді. Электрондық кестені меңгерудің мынадай кезеңдері бар:

- дискідегі дайын файлмен жұмыс, яғни оқушылар кестедегі берілгендердің мәндерін өзгерте отырып, нәтиженің өзгергендігін бақылайды. Бұл әдіс бір жағынан мұғалімнің демонстрациялап көрсетуі арқылы да орындалады. Нәтижеде оқушылардың кестемен жұмыс істеуге деген сенімділігі артады, сондай-ақ осы тәріздес тапсырмаларды одан әрі қарайөздері орындай алатындай дәрежеде сезінеді;

- бұйрықтарды меңгереді, яғни кесте ішінде орын ауыстыру, жылжыту, ұяшықтарға сандарды енгізу;

- формуланы түгелдей көруі үшін «формат» сияқты бұйрықтармен жұмыс жасайды;

- кестедегі бір қатарды жою сияқты, яғни «жою» бұйрығымен жұмыс істейді. Оқушылар әрбір өзгерісті дәптеріне жазып отырады. Қатарды не болмаса жойған уақытта нәтиже қалай өзгергендігіне назар аударады. Сонымен бірге, қатарды, бағанды қою, көшіру тәсілдерін де меңгереді. Бақылау нәтижесінде, оқушылар дайын формулалар жүйесі үшін әрбір ұяшыққа мәндерді енгізуі, олардың өздерінің енгізген формулалар жұйесін жазуы керек. Оқытуды ұйымдастыру түрінің ең негізгісі әртүрлә материалдар бойынша жаппай зертханалық жұмыс орындау. Білімді жалпылауға арналған сұрақтар беріледі.

Acces – берілгендер базасын басқару жүйесін оқыту әдістемесі. Acces – берілгендер базасын басқару жүйесі кітапхана, мекемелердегі қызметкерлер мәліметтерін енгізу, жоғары оқу орындарындағы студенттер жайлы мәліметтер жазу және т.с.с. орындарда кең түрде қолданылады. Берілгендер базасын басқару жүйесін қолданғанда оқушыларға оның көптеген іс-әрекетті орындай алатын мүмкіндігін және қуатын айту керек. Оқушылар берілгендер базасын құруды, толтыруды білуі; олардың дұрыс толтырғандығын бақылай білуі; берілгендер базасын басқару жүйесі бұйрықтар жүйесі туралы түсінік алу, мәзір арқылы жұмыс істеу ыңғайлылығын сезіну және бағалау, берілгендер базасын қолдану аймағын анықтау және түсінікті кеңейту; алгоритм мен орындаушы туралы түсінікті толықтыру; берілгендер түрі жүйесімен танысу; оларды өңдеу тәсілімен танысу. Мұғалім бұл тақырыпты түсіндіруі үшін алдымен өзі компьютерде демонстрациялап көрсетуі тиіс.

Алгоритмді оқыту әдістемесі. Алгоритмді және алгоритмдеуді оқытқанда алдымен, алгоритм терминінің шығу тарихына тоқталған жөн.

Алгоритм программа құрудың әліппесі болып табылады. Алгоритмнің блок-сүзбесіне мысалдар келтіріп, оқушыларға түсіндіру керек.

Программалау тілдерін оқыту әдістемесі. Бейсик тілі АҚШ-та 1960 жылдары алғашқы үйренушілер үшін жасалынады. Мектеп информатика курсында компьютерде Бейсик тілі қолданылады. Бұл үйренуге өте жеңіл, өйткені 10-15 нұсқалар мен операторлардан тұрады. Мұғалім оқытушы бағдарлама жасауда тиімді пайдалануына арналған, әрі бұл тіл арқылы сұхбаттық түрде жұмыс істейді.

Паскаль тілін Н.Виртом жазды. Бұл бағдарламалауды үйретуге арналған мүмкіндігі мол тіл. Сосын мектептерге Турбо Паскаль тілдері енгізілді. Турбо Паскальдың 5.5, 6.0, 7.0 түрлері кәсіптік бағдарламалау тілдері болып отыр. Паскаль тілі командалары мен операторлары және программа жасау жолдары мен әдістері өтіледі.

Архивтеуші және компьюретлік вирус программаларын оқыту әдістемесі. Бұл программалармен таныстырғанда олардың қызметтері мен қолдану әдістеріне кеңірек тоқталған жөн.

Электрондық поштаны, интернетті оқыту әдістемесі. Электрондық

пошта – компьютер арқылы аыстағыларға хат, әртүрлі хабарлар жолдау мен оларды қабылдауға арналған программа. Хабарды сервер арқылы таратып, қабылдауға болатындыған көрсетіп, практикалық жұмыс жасауды үйрету керек. Интернет (Inter – интернационал, халықаралық; network - желі), желісі көмегімен бүкіл дүгиежүзілік байланыс жасап, өзімізге қажетті ақпараттарды аламыз. Интернет желісі арқылы компьютерде мәліметтер алу жолын көрсетуі тиіс.