Смекни!
smekni.com

Нары м ні, пайда болуы, ызметі (стр. 8 из 8)

Қазір өркендеу бағыты болып табылатын мемлекет экономикасын нарық жолына бағдарлау кең көлемде жүргізілуде.

Нарықты қалыптастырудың алғышарты нақты тәуелсіздік. Мемлекет тәуелсіздік-өмірдің өзі кұн тәртібіне жоғары талаппен койып отырған мәселе. Тәуелсіздік не үшін кажет? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын мына төмендегі дерекетерге көңіл аударайық. Бұрын одақта орталықтандырылған одақтық басқару ведомствалары мен министрліктерінде басты-басты 30-өндіріс, олардың ішінде көмір және металлургия өнеркәсібі, мұнай, газ, химия және мұнай айыру, жалпы машина жасау, басқа да Қазақстан экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатын салалар қалып қойған. Осының салдарынан мемлекетте өндіретің осы салалар өнімдерінің басым мөлшері сыртқа кетіп, сырттан еңбек құралдары мен тұтұну заттарын әкелуге мәжбүр болып отырдық.

Бұдан шығатын қорытынды: Қазақстан өз экономикасының кұрылымын өзі айқындап, оның салдарының ара-қатынас пропорцияларын белгілеу және оған уакытында керек түзетулер енгізу, күрделі каржыларды пайдалану ісінде нағыз тәуелсіздік алуы кажет. Міне, осы жағдайда ғана мемлекет қандай өнімді қанша мөлшерде және оларды қандай бағамен сыртқа шығаруды дұрыс реттей алады.

Қазақстан экономикасының бүгінгі таңдағы жағдайы. 1992 жыл Қазақстан экономикасы үшін қоғамдык өндіріс деңгейінің төмендеуі сипатты болды. Бұл тенденцияға, әсіресе, өнеркәсіптің негізгі салаларында, күрделі және тұтыну нарығы саласында ерекше көрінді. Мұның себептерінің бірі көптеген кәсіпорындардың мемлекеттік бақылаудан шығып кеткелі болып отыр. Бұның өзі өнімнің бағаларын кұр арттыруға әкеліп соқты. Егер 1991 жылы өнеркәсіпте көтерме бағалар үш есе өскен болса, 1992 жылы 1991 жылмен салыстырғанда олар 24,7 есе өсті өнеркәсіп орындарының жартысы 1991 жылғы деңгейімен салыстырғанда да өндірістің кұлдырауына жол берді, ал жалпы өнеркәсіп бойынша ол осының алдындағы жылдағы 0,9%-пен салыстырғанда14,8%-ке жетті.

Халық тұтынатын тауарлар өндіретін салаларда алаңдатарлық жағдай калыптасуда. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемнің бестен бір белігін ғана құрып отыр, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5%-ке кеміп кетті.

1993 жылы Қазақстан мемлекеттің экономикасына бірнеше факторлар тікелей әсерін тигізеді.

Біріншіден, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру дәйекті жүргізіле бастады. Екіншіден, өндірісті құрылымдықжағынан қайта құру және экономиканы басқаруды жетілдіруді ілгерілету шаралары жүзеге асырылды. Ушіншіден, қаржы-несие және инвестициялықсаясаттарға түбегейлі өзгерістер енгізілді. Осы шараларға қарамастан, материалдықөндіріс салаларында өндіріс көлемінің кемуі тоқтаған жоқ. 1993 жылы таза материалдықөнім 1992 жылмен салыстырғанда 14,8%-ке кеміді. Бұл жағдайда пайдаланылған ұлттық табыстың құрылымында тұтыну қоры 1992 жылдағы 67,3%-тен 76,5%ке дейін өсіп, ал қорлану қоры бұған керісінше 32,7%-тен 23,5%-ке кеміді.

1993жылғы инфляцияның көрсеткіші-тұтыну бағасының индексі 22,65%-ке тең болды. Азық-түлік тауарлары 23 есе азық-түлік смес тауарлар 18 есе қымбаттады. Осы жылы ауылшаруашылық жалпы өнімнің көлемі 6,3
млрд. теңге немесе 1992 жылға қарағанда 9,8%-ке кеміді.

1994жылдың бірінші жартысы өндірістің төмендеуі, инфляцияның өрістеуі және біршама халық әл-ауқатының, тұрмыс жағдайының төмендеуімен сипатталады. 1994 жылдың 1-ші шілдесінде 730 кәсіпорын толық немесе олардың бірен-сараны тоқтап тұрды, соның ішінде 55,2 мың
жұмыскерлерді қамтитын 106 кәсіпорын толық жұмыс істеген жоқ. Сонымен қатар, 163 кәсіпорындар мен мекемелер толық емес жұмыс уақыты тәртібінде әрекет жасады. Осылардың ішінде ЖІΘ осы жылдың, қаңтар-маусым айларында 1993 жылдың осыған сәйкес кезеңнің 27%-ке, өнеркәсіп өндірісінін көлемі 29,4%, мемлекеттік кәсіпорындармен мекемелердің күрделі каржылары 61,2%-ке кеміді.

Қазақстан мемлекетті көптеген ТМД-ға кіретін мемлеттерден табыс деңгейі бойынша артта қалып отыр. 1994 жылдың 1-ші сәуірінде Қазақстанда орташа жалақы 23,8 долларға тен болса, бұл көрсеткіш Θзбекстанда-39,6: Түркменияда-57,7, Ресейде-94 доллар болды. Экономикалық реформа осындай қиын жағдайда жүргізілуде.

Экономикалык реформаның барысы. Мемлекетте реформаны жузеге асыруға бағытталған уш бағдарлама қабылданды. Онын 1-сі 1991-1992 жылдарға арналған мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы /1-кезең/. Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды терендету бағдарламасы (экономиканы тұрақтандаруға және нарыққа көшу кезеңіне арналған) және мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы /2-кезен/.

Еліміздін, президенті Н.А.Назарбаев "Қазақстаннын, егеменді мемлекет ретінде де қалыптасуы мен дамуынын стратегиясы" деген кітапшасында экономика саласындағы стратегиялық мақсаттар деп мыналарды атады:

> меншіктің негізгі түрлеріне (жеке меншік және мемлекеттін меншік) үйлестіре және іс-қимыл жасай отырып, бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік нарық экономика құру;

> адамның экономикалық; тұрғыдан өзін айқындау принциптерін іске асыру ушінқұқықтық және басқа жағдайлар жасалады;

> Қазақстанның табиғи ресурстарынын дуниежузілік тауар нарығында өзінің нақты айқындамасын жеңіп алу немесе басқа елдермен белісу;

> тұтыну нарығын толықтыру;

> Қазақстанды дамыту ушін шетел инвестицияларын тарту және оны тиімді пайдалану;

1994 жылдың маусымында Қазақстанның президенті Н.Назарбаев «Қазақстан мемлекетінің жоғары кеңесіне Нарықтыққайта құруларды жеделдету және экономикалық дағдарыстан шығу шаралары түралы»жолдауын жіберді.

Осы жоғарыда айтылған құжаттар мен бағдарламаларды жузеге асыру қалай журіп жатыр? әрине, әлі де айтарлықтай жетістікке жете қойған жоқпыз. Алайда, жургізіліп жатқан шаралар аз емес. Мәселен, ұлттық валюта енгізгеннен бері экономикалық реформаны дамытып терендету мәселелері бойынша мемлекет басшысы мен укімет нормативтік сипаттағы 200-ден астам жарлықтар, қаулылар және ережелер қабылдады. Сөйтіп, зан тұрғысындағы бірқатар елеулі проблемалар шешіліп, нормативтік база едәуір жаңартылды. Осындай көрсеткіштерге қарай отырып, біздің елімізде нарықтық экономика, оның негіздері қалыптасып, қарқынды дамуы байқалады. Біз болашақ бугалтерлер бұл ұғыммен таныса отырып, оның әрі қарай дамуына өз үлесімізді қосуымыз қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Әкімбеков «Экономикалық теория»

2. Кулыгин П. Социолистік экономикадағы нарық - «Вопросы экономики»,1990ж.

3. Журавлева Г. Социолизмнің экономикалық жүйесіндегі нарық-«Экономические науки»,1990ж. №7

4. Саяси экономия -Алматы, «Ана тілі»,1991ж.

Қазіргі замандағы нарық: табиғаты және дамуы/Э.П.Дунаев, И.Е.Рудакова Редакциясымен-М,МГУ,1992ж.

6. «Экономикалық теория» пәнінен СИЛЛАБУС

Ғабит Жүрсiн Хафизұлы Астана 2006

7. Ө.Қ.Шеденов,Е.Н.Сағындықов,Б.А.Жүнісова,Ү.С.Байжомар-тов, Б.М.Комягин - «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе «А-полиграфия» 2004ж.

8. Н.М. Шанский, В.В.Ваванов, Т.В.шанская – «Кралкий этимологический словарь русского языка» Москва 1961г.

9. Н.М. Шанский «Көп томдық орыс тілінің этимологиялық сөздігі», I томғ Москва 1973ж

10. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы» 2006 жыл 1 наурыз.

11. И. Комягин «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, «А-полиграфия» 2004ж