Смекни!
smekni.com

Нары м ні, пайда болуы, ызметі (стр. 7 из 8)

1993ж. 15 қарашада Ұлттық валюта - теңге айналымға енгізілді; 1993 1994 ж.ж. экономикалық дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, оны іске асыру басталды; 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-несие саясаты жүргізілді; 1997-2000 ж.ж. аралығында реформалар ары қарай жүргізілді. Түбегейлі жүргізілген реформалардың нәтижесінде елімізде нарықтық экономиканың негізі қаланды және ол қазіргі кезеңде нәтижелі жұмыс істеп жатыр.

3.2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудің үрдістері.

Еліміздің нарыққа өткен кездегі бастан кешкен қиыншылықтарды да ескермеуге болмайды. Ол: жекеменшік сектордың жоқ болуы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымындағы монополиялар және т.б. Сонымен, аталған осынау кедергілердің тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. Мұның өзінде табыс шарты болып - дұрыс таңдалынған Стратегия аталынады. Мәселен, белгіленген бағытты жүзеге асыру үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан адамдар тобының, саяси тұрақтылық және қоғамды нығайтудың, заңның үстемдігі болуы шарт. Мұның сыртында, экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік рынокпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың рыноктік қатынастарға тән ойлау жүйесі болмаған.

Осы тұрғыдан алғанда 1996 ж. Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгіСтратегиялық бағдарламасын қабылдаудың маңызы өте зор болды. Бұл бағдарламада жеті басымдық бағыттар белгіленген: 1. Ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік. 2. Ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамдық бірлікті нығайту. 3. Нарықтық құрылымдарды жетілдіру, шетелдік инвестицияны және ішкі қаражатты мол тарту арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік тұрақты өсуін қамтамасыз ету. 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жоғары және сапалы тұрмысы. 5. Энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым (әсіресе көлік және байланыс). 6. Кәсіпқойлы тиімді үкімет. 7. Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен аяусыз күрес.

Сонымен, аталған осынау басымдылық тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. «Қазақстан -2030» даму Стратегиясына орай Үкімет бірнеше бағдарламалар жасап, оларды іске асыру үшін жұмыс істеп жатыр. Жаңа ғасырдың басында Қазақстанда нарықтық жүйенің негізі қаланып, экономиканың өрлеу кезеңі басталды, оның нәтижесінде халықтың өмір сүру, тұрмыс деңгейі жақсара бастады.

Осылай дей тұра, тек қана бай табиғи ресурстарға иек артып және барлық қарқынды экономикалық реформаларды "сонан кейін" деп кейінге қалдыра берсек қателік болар еді, “голландық ауруға” немесе «семіздік» ауруына шалдығуымыз мүмкін. Экономикамызды ары қарай жемісті түрде ұзақ мерзімдік даму траекториясына көшіру үшін қазіргі кезеңде индустриалдық-инновациялық Стратегияны іске асыру керек.

Нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістерінің бірі – Қазақстан Республиксының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы 1 наурыз күні Қазақстан халқына жолдауында - «Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында»: «Нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру.

Біз экономикаға мемлекеттің қатысуын әкімшілік реформаның есебінен оңтайландаруымыз керек.

Жаңа экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы заманға сай ойлай білетін және түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті.

Қоғамдағы келісім – шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімшілік шаралар, сондай-ақ даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет.

Келісім – шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін экономикалық, әкімшілік, керек десең, қылмыстық жауаупкершілік билік органдарының өкілдеріне де, сондай-ақ экономикалық өмірдің басқа барлық агнеттерін қолданылуға тиіс.

Біз үшін маниторлық акционерлер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бара – бар заңнаманың болуы өте – мөте маңызды. Сондай-ақ ұлт меншігінен қайтадан алуға қарсы заңнамалық кепілдіктер берілуін қарастыру қажет.

«Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттігін әдейі баса көрсеткім келеді. Ол мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттырып, сыбайластық пен әкімшілік кедергілерді кемітуге қол жеткізеді» делінген.

Міне, Республикамыздың нарықтық экономиканы жетілдірудің үрдістері, яғни бағыттары жасалынуда. Бұл нарықтық экономика жүйесінің әрі қарай дамуында маңызды роль атқарады.

Қорытынды

Қазақстан экономикасының ерекшелігі.Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы мен дамуының аймақтық ерекшеліктері бар. Республикада әр түрлі пайданы қазбалар мол және жер қойнауынын геологиялыққұрылымы біркелкі емес.

Қазақстанның әр түрлі аудандары мен аймақтарындағы халық шаруашылығында қалыптаскан құрылымдарының негізгі ерекшеліктері канд ай?

Өндіріс. Солтүстік және Батыс Қазақстан-өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірісінің жылдам дамуымен сипатталатын аймақтар. ОрталықҚазақстанда негізінен жоғары деңгейде көмір өнеркәсібі, түсті және кара металлургия, машина кұрылысы және металл өңдеу, химия өнеркәсібі дамымаған. Жеңіл өнеркәсіптің дамуы бүгінгі күннен талабына сай келмейді. Өндірілетін өнімнің 7% ғана жеңіл өнеркәсіп өнімі. Шығыс аймақтары өздерінің табиғат-ауа-райы ерекшеліктеріне байланысты дамыған. Семей облысында ет, жүн, тігін бұйымдарын өндіру және т.б. салалар басым. Шығыс Қазақстан облысында түсті металлургия, энергетика, ағаш, қағаз, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің дамуы ерекше көзге түседі. Оңтүстік аймақтарда республикада дағдарысқа дейін өндірілетін аяқ киімнің 60%, тері өндірісінің 40% орналасқан. Аймактың негізгі кәсіпорындары Жамбыл облысы мен Алматы қаласында шоғырланған.

Ауыл шаруашылығы. Қазақстанда егін және мал шаруашылығын дамыту үшін барлық қолайлы жағдайлар бар. Олар-құнарлы қара топырақты (солтүстікте) және сұр топырақты (оңтүстікте) жер алаңдары.

Республикамыз бидай өндіру мен оны сатуда бұрынғы КСРО-да 2-ші (Ресейден кейін) орын алатын. Бидай өндіретін ірі аймактар-республиканың солтүстік облыстары. Бүкіл егіс алқабының шамамен 62% осы облыстын үлесіне тиеді.

Қазақстан қой мен ешкінің саны бойынша бұрынғы одақтас республиканың ішінде екінші, ал іріқара мал саны бойынша үшінші орын алатын. Тығыз қоныстанған еңбек ресурстары жеткілікті Онтүстік Қазақстан мал саны бойынша сирек қоныстанған Солтүстік Қазақстаннан кейін екінші орында. Сондықтан бұл айырмашылық табиғат пен ауа-райының ерекшеліктерінен ғана емес, сонымен қатар, түптеп келгенде халық шаруашылығы құрылымының едәуір айырмашылықтарынан туындап жатыр. Бұл жағдайда солтүстік аймақта Павлодар, Оңтүстікте Алматы облыстарын атап айтқан жөн. Павлодар облысындағы бұл ерекшелік Павлодар-Екібастуз ірі территориялықөндірістік кешенінін қалыптасуына, ал Алматы облысындағы өнеркәсіптің. Негізінен Алматы қаласында орналасуына тікелей байланысты.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның халық шаруашылығы қалыптасқан салалыр; құрылым - біріншіден, республикамыздың экономикасы бұрынғы одақтық біріңғай халық шаруашылық кешенінің ірі бөлігіне айналғандығын дәлелдейді. Екіншіден, халық шаруашылығын басқаруда кейінгі кезге дейінүстемдік еткен әкімшілдік-әміршілдік және орталықтан әділетсіз түрде бәрін бір өзі шешу зардабын тигізетіндігін көрсетеді. Осы айтқандарға байланысты 80 жылдардын ортасында 13 жыл бойы қалыптасқан мемлекеттің халықшаруашылығының кұрылымы оңды болған жоқ. Мәселен, мемлекет индустриясында жеңіл өнеркәсіптің алатын үлесі не бары 3%-н төңірегінде. Мұныңөзі халыктыңқажеттілігін 40-50% ғана канағаттандыруға мумкіндікбереді. Ал мәдени тұрмыстық және шаруашылық тауарлары жөніндегіқажеттік одан да аз-небары 20-30%-ке сәйкес келеді. Оныңүстіне, шикізат пен жартылай фабрикаттың құны әділетсіздікпен төмендетіліп, дайын өнімнің құны өз бетінде жоғарылатылғандықтан, баға және баға жасау саясатындағы ауытқулар салдарынан жағдай күрделене түсті. Сонымен қатар, мемлекет территориясындағы өнеркәсіптердің басым үлесі, яғни 93% мемлекет қажеттерін елей бермейтін бұрынғы одақтық органдардыңқолына шоғырланды. Осы жағдайларды қалай түзеуге болады? Тығырықтаншығудың жолдары кандай?