Смекни!
smekni.com

Нары м ні, пайда болуы, ызметі (стр. 3 из 8)

Монополиялық нарық ХіХ ғсырдың аяғында ХХ ғасырлардың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол әкономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми техникалық прогрестің баяулануына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына , ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО-ның әкономикасы да жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілдік -әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтұнушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты. Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр .Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар , еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктүрасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу , өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрл кәсіпорын ассоцияцияларын, жарнама ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап көрсету керек .

Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып өттік.

ІІ. Нарықтың атқаратын қызметтері мен құрылымы.

Нарықтың мәні оның функңиялары арқылы толығырақ анықталады,

Нарық мынадай маңызды қызметтер атқарады:

-Тауар өндірісінің өзін -өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы көрінеді: тауарға сұраныс өскенде , өндірушілер өздерінің өндіріс көлемін көбейтіп , бағаны жоғарлатады; нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды;

-Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде, өндірушілер өндіруді азайтады, осымен қатар,олар жаңа техника, технологялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындар азайту мүмкіндігін іздестіреді;

-өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге аса алады: сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес болғанда;

-реттеу қызметі. Нарық арқылы әкономикадағы, өндірістегі және айырбастағы негізгі микро және макропропорңиялар белгіленеді;

-шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принңптерін жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсері мен қоғамдық өндіріс әкономикалық жағынан қолайсыз әлементтерден арылып отырады және осының арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлінеді , яғни дифференңиялданады.

Нарық әкономикасының қызмет етуі оның белгілі елементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.

Нарық әкономикасының бірінші және өте маңызды әлементі - өндірушілер мен тұтұнушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі проңесінде қалыптасады- біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтұнады. Тұтұну жеке тұтұну болып бөлінеді. Жеке тұтұнуда тауарлар, өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік тұтұну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады.

Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтұнушылардың бір-бірімен байланысы әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделед және көтерме нарықтық келісімдер фомасында жүреді.

Нарық әкономикасының екінші әлементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген , меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған әкономикалық оңашалану құрайды.

Нарық әкономикасының үшінші маңызды әлементі- баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз:

1 баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі коньюнктүраға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.

2 осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін траскациондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

Нарық әкономикасының төртінші орталық буыны-екі құрылымнан сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтұнушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтұнушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін нарық механизмінің өте маңызды әлементі.

Нарық механизмінің бесінші әлементі –бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын тілейді және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарығы субьектілерінің өзара әсерінің және пропорңияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың “көрінбейтін қолы” деген. Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүделеріне сәйкес өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді . Осы әрекеттердің жиынтығы қоғамдық пайдаға шешіледі, қоғам әкономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі әкономиканың реттеушілерінің : бағаның, пайда нормасының, проңенттің т.б . мөлшерін анықтау болып табылады.

Нарықтың маңызды әлементтеріне нарықтық инфрақұрлым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.

НАРЫҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЛЫМЫ
АУКЦИОНДАР КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-ДЕЛДАЛДЫҚ ФИРМАЛАР
БИРЖАЛАР ЖӘНЕ БРОКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕР БИЗНЕСТІҢ КОМЕРЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ
БАНКТЕР САҚТЫҚ ЖӘНЕ АУДИТОРЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР ЖӘНЕ КОМПАНИЯЛАР ЖАРНАМА-АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВТІ ЖӘНЕ БАНКТЫҚ ҚОРЛАР ҚОЙМА,ЭЛЕВАТОР,ТОҢАЗЫТҚЫШ, ТРАНСПОРТ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН САҚТАУ ОРЫНДАРЫ
МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ САУДА ҮЙЛЕРІ
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАЙТЫН ИНСПЕКЦИЯ МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫ
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ КӨТЕРМЕ САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫ
ЛИЗИНГТІК КОМПАНИЯЛАР КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ
КЕДЕНДІК ҚЫЗМЕТ ЖӘРМЕҢКЕЛЕР
БАҒАЛАР МЕН СТАНДАРТТАРҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ӘРТҮРЛІ БІРЛЕСТІКТЕРІ (АССОЦИЯЦИЯЛАРЫ)
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ҚОРҒАУ ҚОҒАМДАРЫ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ

1-сурет. НАРЫҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЛЫМЫ.