Смекни!
smekni.com

Нары м ні, пайда болуы, ызметі (стр. 2 из 8)

Соңғы уақытта теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлыұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, әкономикалық тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. әкономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн.

Нарық түралы ілім.

Ағылшын әкономисі А.Смит әкономика түралы бір ғана еңбек жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғылым деп саналады. Оның еңбегі Халық байлығы 1776 ж. Жарық көрген. А.Смиттің досы Давид Юм алғашында бұл ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып түсінетін оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде.

А. Смиттің ойынша, ұлтың басты байлығы, өзге әкономистердің түсінігінше ,-алтын және күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз – еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауды жасайтын қарапайым адамдардың әрекеттерінің нәтижесі.

Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.

А.Смиттің нарық түралы ілімі Австрияның әкономисі, Нобель силығының лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі бойынша, нарық деген ұғым –ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Хейктің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады; солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдында қоғам мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.

А.Смиттің ілімінен шығатын қорытынды мынадай: нарықтың тиімділігі және бәсекелестердің әрі олардың әрқайсысы өздерінің әкономикалық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.

Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық әкономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. “Айырбастау”-дейді В.И. Ленин,-“адамдарды нарық арқылы біріктіреді”. В.И.Лениннің айтуынша, “Нарық” ұғымын қоғамдық еңбек бөлінісінен айыруға болмайды. Міне, сондықтан да соңиализм орнатуда және соңалистік шаруашылықты ұйымдастыруда нарықтық қарым-қатынастарды толық пайдаланудың қажет екендігі түралы В.И. Лениннің көзқарасы көптеген жағдайларға байланысты өзгеріп отырған. Олардың ең бастылары:

· В.И.Лениннің көзқарасында нарық мазмұнының өзгеруі, оның еркін бәсекелестік капитализмнен монополистік капитализм сатысына көшу барысында атқаратын ролі;

· Халқымыз орнатқысы келіп отырған қоғам мен оның қозғаушы күштері түралы жалпы теорияның айқындала түсуі;

· Өтпелі дәуір кезеңіндегі әкономиканы мемлекет тарапынан басқару механизмнің дамуы;

Нарықтың пайда болу себептері.

Нарықтық қарым-қатынастың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкүндігі олардың қажеттілігіне қарағанда табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілет-қарымы бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп, белгілі затты ғана өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған атауы бар әр түрлі тұтұну игіліктері мен қызметтерін қамтиды.

Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат және т.б тән нәсе –олардың сиректігі немесе шектеулігі. әкономикалық теорияда бұл феномен шамасы “ Ресурстар Заңы” деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлде кімнің даналығы немесе ақылдылығының нәтижесі емес, ол-еңбек бөлінісі мен нарыққа байланысты көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр түрлі ресурстар алу үшін өз еңбек өнімдерін бір –бірімен айырбастауға деген табиғи қажеттіліғінен және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған байланысты А. Смиттің зерттеғен “Көрінбейтін” қол деген теориясына назар аударайық. Бұл теория бойынша, адамдардың әкономикалық шаруашылық субъектісі ретіндегі біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық түсіндіріледі. Әдетте ол саналы түрде қоғамға пайда келтіруді ойламайды, тіпті оған қаншама пайда келтіріп отырғанын сезбейді де. Ол тек ғана өз мүддесін ойлайды және оның басты мақсаты-өзіне ғана пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін қол оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа қарай бағыттап отырады. Сөйтіп, ол жеке мүддесін көздей отырып, көп жағдайда қоғам мүдесіне де пайдалы әрекетжасайды.

1.2.Нарық қатынастарының даму кезеңдері

Нарықтық әкономика–ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай неғізгі кезеңдерге бөлуге болады:

- нарық әлемнің пайда болуы;

- натуралдық айырбас кезеңі нарығы;

- тауар болмасы кезеңінің нарығы;

- тауар емес балама кезеңінің нарығы;

1. Кезеңінде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар әрбір жеке сауда саттық көріністерде кездейсоқ болады.

2.Кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша т12 көруге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның субстанңиясы әлде болса тауарды бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан таза құнның иленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.

3.Кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша т12

болама Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән.

Ол ерекше тұтұну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ағысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн өзінің иленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын шығындық емес деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуы мен құнның жеке дара иленушісі қызметін алатын атқара бастайды.

4.Кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы:

Т1-тауар емес балама –Т2 .

Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның таза иленушілері- несие ақшалар өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда , құнның өзінің заттық иленушісінің оқшаулануы –қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.

Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.Стихиялы нарық -капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік әкономикалық теорияның негізін қалаушы А. Смит (і723-і790 ж.) өзінің “ Халықтар байлығының табиғаты мен себептері түралы зерттеу” (і776ж.) деген басты еңбегінде-жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А. Смит екі кәсәпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше , мемлекет мұндай даулы мәселерерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін “түнгі күзетшінің” ролін атқару қажет. Мемлекет “ мейлі өзінен өзі жүрсін” саясатын жүргізіп, бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керсінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын “ жаман әдеттеріне” мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нақты реттеу қабілетті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп А.Смит нарықты әкономиканы өзін-өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше , жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты.