Монополизммен күрестің өте тиімді жолдарының бірі ірі, орта және шағын кәсіпорындардың оңтайлы қиюласуына қол жеткізу болып табылады. Бұл жағдайда шағын кәсіпорныдар ірі кәсіпорындарға карағанда бірнеше басымдылықтарға ие:
- кәсіпкерліктің және тауарлар өндірісі мен қызметтер көрсетуде бәсекелестіктің дамуы;
- тұтынушы сүранысының өзгеруіне жылдам бейімделу;
- өнімдер мен кызметтер көрсету сапасын арттыру;
- баға қүрайдың табиғи тетігін пайдалану;
- монополизмді жою;
- өндірістің ғылыми-техниклық дамуын жылдамдату;
- оңтайлы басқару құрылымдарын қалыптастыру және пайдалану
- кадрларды тиімді пайдалану;
- орталықтандырылмаған қаржы жұмсауларды пайдаланбай коммерциялық негізде жаңа өндірістік күштерді жылдам құрау.
Бүгінгі күні Батыста қалыптасқан қүрылымда кем дегенде шағын кәсіпкерлердің екі үлкен тобы жұмыс істейді. Біреуі индустрия дәулеріне өнімдерді косалқы жеткізуші ретінде қызмет етсе, екіншісі - өндіру мен қызметтер көрсету саласында дербес жүмыс атқарады. Осы топтардың ара қатынасы әр елде әр түрлі: АҚШ-та 50:50-ге тең; Англияда - 20:80; Жапония д а -65:35.
Бүгінгі күні шағын және ірі бизнестің өзара әрекетін иілмелі серіктестік деп атауға болады. Шаруашылық кешендерін құру және жою үнемі болып тұрады. Үйымдастыру-қүрылымдық тұрақтылық рынокта қалқып қалу құралы ретінде өткенге кеткен. Тек үнемі қозғалыста, шаруашылық әрекетінде, серіктестерді, шығарылатын өнімдер номенклатурасын жаңарту - коомерциялық жемістің түрақтылығына жол. Бұндай жағдай шагын компаниялардың ірі корпорациялармен келісімшарттық қатынастар табиғатында көрінеді: косалқы мердігер өзара тиімді бірлескен өндірісті жолға қоюға катысушы болып табылады. Бүл өзгерістер шағын бизнестік басқ тобының - шағын тәуелсіз компаниялардың қаржылық-экономикалық дербестігі негізінде іске асады.
Қазақстан Республикасында өнімді өндіру, халық тұтынатын тауарларды өндіруде, қүрылыста, тұрмыстық қызметтерде және саудада маманданатын шағын кәсіпкерліктің басымдылығы осы секторлардың
қанықпағанымен және рынок конъюнктурасының ауытқуына түсетіндіктен,
ірі және орта кәсіпорындар бейімделе алмайтын тұтынушылар
сүранысының өзгеруімен түсіндіріледі.
Шағын кэсіпкерліктің казіргі жагдайы соңғы уақытқа дейін шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік демеудің жоқтығымен, экономикалық стимулдардың әлсіздігімен, сондай-ақ экономиканың жалпы дефициттігімен түсіндіріледі.
Табыс алуға бағытталған экономикалық іс-әрекет нысаны ретінде шағын кәсіпкерліктің дамуы негізінен екі жолмен дамыды:
- мемлекеттік үйымдар мен кэсіпорындарды ірілендіру есебінен;
- заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен жаңа шағын кәсіпорындардың пайда болу есебінен.
Қазакстан экономикасын дамыту барысында алға қойылган мақсат - кәсіпкерлікті дамыту. Ол үшін Қазақстан кәсіпкерлері жұмыла қызмет атқаруда. Республикамызда кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың 30-40%-ін әйелдер құрайды екен. Өлкемізде тіркелген кәсіпкерлердің республикада қарқынды түрде жүріп жатқан құрылыстарға қосар үлесі қандай? Еліміздің облыстарында он төрт жылдың көлемінде қандай өзгерістер бар? Осы сауалдарымыздың жауабы ретінде баса назар аударылып отырған еліміздің экономика саласындағы жетістіктерді айқындап көрейік .
Бас қаламыз Алматыда ресми түрде 53365 кәсіпкерлік тіркелген болса, оның 34344-і жұмыс істейді. Оның 12000-ы қала экономикасын дамытуда . Қаладағы ШК-тің 3,5 %-і сауда саласында, 15,6%-і өндіріс , 2І,4%-і жылжымайтын мүлік саласымен айналыса, 14,2-і құрылыс жүмыстарын жүргізуде . Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш .
Ал Алматы облысы еліміздегі алдыңғы орындарды иеленіп , биылғы жылы шағын және орта кәсіпорындар 30 миллиард теңгенің өнімін өндіріп , одан бюджетке 2 миллиард теңге табыс түскен .
Ал Астанадағы кұрылыс жұмыстарының қалай қаркынды жүріп
жатқаны айтпаса да белгілі шығар .
Атырау аймағына келсек, Мақат ауданында мүнай өңдейтін зауыттың іргетасы қалануда . бұл жоба аяқталысымен 18000 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр . Сол сияқты мұнда шикізат жнінен жетістіктер жетерлік .
Сол сияқты еліміздің басқада ірі - ірі калаларында кәсіпкерлік баяу да болса дамып келе жатқаны байқалады .
Десекте шағын және орта бизнес 65 миллиард теңгенің өнімін өндіріп шыгарған . Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20% -ға артқан . Елбасы биылғы жылы жұмыс сапармен аралап қайтқан облыстардың дерлігінде Президент жолдауын ұстана отырып белгілі бір бағытта дамып келе жатқанын алға тарта отырып , елдің экономикалық өсу багыттарына оң баға берді .
Мемлекет тарапынан қолдау тауып отырған Қазақстанда құрылып жатқан кәсіпкерлер қауымдастығы мен қоғамдық құрылымдар да әлеуметтік жағдайы төмен , қолынан іс келетін азаматтарға көмектерін көрсетуде . Өйткені банктердің оларға несие бермейтіні белгілі. Сондықтан шағын несие берумен айналысатын ұйымдар да бар . Соның бірі «Мөлдір» шағын несие беретін ұйымы 1990ж. бері тұрмысы төмен, жалгыз ілікті әйелдердің жағдайын көтеру мақсатында қызмет көрсетіп келе жатқан ұйымдар қатарында.
Қазақстан экономикасын дамыту ТМД елдеріне үлгі боларлықтай халге жеткенімен, әлі атқарылмаған жұмыстар жетерлік. Қасық шанышқыдан бастап барлық үй жиһаздарын, тұрмысқа қажет заттардың барлығын Қытай қамтамасыз етіп отырғаны бенлгілі . Құрылыс материялдарын ресей мен кытайдан аламыз . Бір колдануга ғана жарайтын қытайдың заттары бізге әкелетін шығынын есептесек ,қытайға түсер пайда сол шамалас болмаса кем емес. Демек осы салалардың барлығын дамыту үшін Қазақстан шетелден инвестициянынегұрлым көп әкелуге талпынуда. Елімізде қай сала болмасын шетел инвесторларының сеніммен келуіне бір ғана негіз бар десек кателеспейміз. Оған себеп, еліміз бірнеше ұлттың басын қосып отырса да елдегі бірлік пен саяси тұрақтылық.
2.4. Қазақстанды экономикалық дамыту әлеуметтік ахуалды жақсартуга жол
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Дамушы елдердің барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндіріспен капиталды, технологиямен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті. Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын қүлашпен бір сермеп түзетуге болмайды. Дүние жүзілік тәжірибе жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының өндіруші өнеркәсіптің, үлесін ұдайы кеміту және, керісінше өңдеуші өндірістің ең алдымен ғылымда қажет ететін, косылған құны жоғары өндірістерді сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға салатын белгілі бір дәйектіліктің қажеттілігін көрсетіп отыр .
Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақүрылымдык мұнай мен газ өндеуді, химия мен мұнай химиясын , машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері карқынмен дамытуға тиіспіз .
2010жылга деиінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктерімен
бәсекелестік кабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбек ті қажет еттін
салаларға көңіл бөлу керек . Бұл басымдық тәжірибемен айтар болсақ - ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм , тұрған үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жүмыспен қамту және кедеиілік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе .
Экономикалық өрлеуден еліміздің дамуы үшін каншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектеп тер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз. Сондытан бүл басымдық бүгіде, ертеңде және алдағы жылдарда да ең маңызды басымдылықтардың бірі болып қала береді.
Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес.
Осы жылдардың ішінде кедейшілікпен жұмыссыздыққа карсы күрес стратегиясы:
- кіші кредиттер жүйесін енгізуге;
- шағын және орта бизнесті дамытуға;