Жоспар
1.Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері және оны шешу жолдары
2. Елімізде 2010 жылы жол-көлік оқиғаларының азаюы туралы мәліметтер
3Жол апатын болдырмау шаралары
4. Жол апаттарының азаюындағы фото және бейнекамералар ролі
5.Жол ережесін сақтау мәселелері
Жақында «жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері және оны шешу жолдары» атты жиын өтті.«Дөңгелек үстелде» ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты атқарушы хатшылығының бастамасымен Парламент Мәжілісінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен жастар ұйымы, үкіметтік емес ұйым басшылары бүгінгі таңда белең алған апатты оқиғалардың салдарын тақырыпқа өзек етті.
2001-2007 жылдары автомобиль паркінің жедел артуы жол-көлік оқиғаларын да өсіріп жіберген. Осы алты жылдың бедерінде көлік апаты 31 пайызға артып (12,1 мыңнан 15,9 мыңға дейін), қаза тапқандар қатары екі еселенген, ,
Бұл мәселе былтыр Үкімет отырысында Премьер-Министрдің арнайы қарауына бірнеше мәрте жіберіліп, екі жыл бұрын Мемлекет басшысының жанындағы Қауіпсіздік кеңесінде қаралғаны да жайдан-жай болмаса керек. Осыдан кейін Ішкі істер министрлігінің қабылдаған қатаң шаралары жолдағы ахуалды жақсартуға едәуір мүмкіндік берді. Жүргізушілермен жүйелі атқарылған жұмыстың нәтижесі 2008 жылы көлік апаттарын 13,8 пайызға қысқартып (15942-ден 13739-ға дейін), қаза тапқандар саны 23,2 (1014 адамға), ал жарақат алғандар 13,5 пайызға (2551 адамға) азайған.
Үстіміздегі жылдың 1 тоқсанындағы көрсеткішке көз жүгіртсек, елімізде 2058 көлік апаты тіркеліпті. Қайғылы оқиғаның салдарынан 398 адам қаза тауып, 2389-ы жарақат алған. Дегенмен, 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол үстіндегі кездейсоқ жағдайлардың 8,5 пайызға кеміп, қазаға ұшырағандар қатарының 29,9, ал жарақаттанғандардың 6,9 пайызға азайғанын аңғарамыз.
Жиын барысында тыңдалған келелі ойлар мен тың ұсыныстарды сүзгіден өткізген қатысушылар келешекте бұл бағытта бірқатар шешімнің қабылданатынын мәлімдеді.
2008 жылдың 6 ай көлемінде Оңтүстік Қазақстан облысында 1008 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 247 адам қаза болып, 1263 адам әртүрлі дене жарақаттарын алып емханаларға түскен. Былтырғы жылдң осы кезеңімен салыстырғанда (6 ай 2007 ж. 1246-242-1544) жол-көлік оқиғаларының саны – 19,1 пайызға жарақат алғандар саны – 18,2 пайызға азайған. Алайда қаза болғандар саны 2,1 пайызға өсіп отыр.
Шымкент қаласы бойынша 452 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 46 адам қайтвс болып, 519 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Былтырғы жылмен салыстырғанда оқиға саны – 15,7 пайызға және жарақат алғандар саны – 14,2 пайызға кеміген, ал қаза болғандар саны тұрақты күйде. (2007ж. 536-46-605)
Жол көлік оқиғаларының негізгі себептері:
- жылдамдықты асыру – барлық тіркелген оқиғалардың 36,0 пайызы
- жолдың қарама-қарсы бөлігіне шығып кету 9,6 пайыз
- автокөліктерді мас күйде басқару – 2,0
- басқа себептер – 15,2
жол көлік оқиғаларының негізгі түрлері
-жүргінші басу – 44,1
-Соқтығысу – 31,9
-Аударылу – 13,5
Жасөспірмдердің қатысуымен орын алған ЖКО-ы
2008ж 200-28-193
2007 ж. 47-16-64
Жол көлік оқиғалары өсіп отырған аудандар:
+Абай 13,3 пайызға
Арыс 4,2 пайызға
Шардара 33,3 пайызға
Кентау қаласы 33,3 пайызға
Тіркелген ірі ЖКО – ы: 4-26-10 (2-14-9)
Анықталған ЖҚЕ-н бұзушылық Салынған айыппұл соммасы
2008 ж. 71049 51 млн. 904 мың 982 тг.
2007 ж. 91155 64 млн. 380 мың 098 тг.
Өндірілгені
28825909 тг.
57560792 тг.
Жүргізу құқығынан айрылған азаматтар саны
2008ж. 1000
2007ж. 735
Елімізде 2010 жылы жол-көлік оқиғалары азайды
2010 жылы ел көлеміндегі жол-көлік оқиғаларының саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама кеміген. Тиісінше, жарақаттанғандар мен қаза болған азаматтардың саны да азайды. Жол полициясы басшылығының айтуынша, бұған негізінен, жолда жүру ережесі мен заңға енгізілген бірқатар өзгертулер себеп болған.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы бүкіл республика жолдарында 11999 жол көлік оқиғасы тіркеліп, оның зардабынан 2795 адам қайтыс болды, 13875 адам жарақаттанды. Былтырғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, жол апаты 4 пайызға, қайтыс болған азаматтардың саны 3 пайызға, жарақат алғандардың саны 6 пайызға төмендеп отыр. Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбековтың айтуынша, көрсеткіштердің жақсара түсуіне бірнеше себеп бар. 2006 жылы Елбасының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында, жол көлік қауіпсіздігі мәселесі де қаралып, қалыптасып отырған күрделі жағдайды түзеу үшін, бірнеше тапсырмалар берілген болатын. Оған сәйкес, қолданыстағы Заңдарға өзгерістер енгізілді. Ерекше атап өтері, көлікке ішімдік ішіп алып отырғандарға қатысты бап қатаңдатылды.
Қайрат Тыныбеков, ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы:
- Ең бірінші олардың құжаттарын айыру мәселесі, 2, 5, 7 жылға дейін, екінші оларды әкімшілік қамауға алу мәселесі және де кейбір жол ережесін бұзғаны үшін, штарфтардың мөлшерінінің жоғары болғандығы. Сол қабылданған мәселелердің арқасында мына бүгін 2007 жылмен салыстыратын болсақ, жол-көлік оқиғасы республика деңгейінде 22 пайызға, қайтыс болғандардың саны 20 пайызға, жарақаттанғандардың саны 30 пайызға дейін төмендеп отыр.
Бұған қоса, жол апаттарының азая түсуіне, соңғы жылдары жолдар сапасының артуы да себін тигізді. Әсіресе Астана мен Бурабайды жалғап жатқан 250 шақырымдық А-1 санатындағы алты жолақты тас жолды алар болсақ, 2007 жылы осы аралықтағы жол апатының саны 101 болса, биыл ол 31-ге дейін төмендеген. Қаза болғандардың саны да 65-тен 17-ге дейін азайды. Төрағаның айтуынша, қаза болған азаматтар 22 мен 40 жас аралығындағылар. Сонымен қатар, жол апаттарының азаюына фото және бейнекамералар да көмектескен. Қазір республика жолдарында 176 бейне камера оррнатылған екен. Жол апатының негізгі үш себебі бар. Олар жүргізуші, көлік және жолдың сапасы. Биылғы шілденің бірінен бастап, еліміз Еуро-3 стандартына көшпек. Бұл елімізге әкелінетін көліктерге де тікелей қатысты. Яғни, шілденің бірінен 2001 жылға дейін шығарылған шет елдік автокөлікті республикаға әкелуге болмайды. Көлік паркінің жаңара түсуі де, жол апатының азаюына сеп болар деген үміт бар. Ал оларды техникалық байқаудан өткізу, 2012 жылдан бастап, Көлік және коммунникациялар министрлігінің құзырына көшпек. Бұған қоса, 2011-дің соңы, немесе 2012-нің басында, жол жүру Заңы қабылданбақ. Ішкі істер министрлігінде құрылатын арнайы сараптамалық топ, заң жобасын әзірлеумен айналысады. Әзірге, заңның жұмсақтығы немесе қаттылығы туралы айту ертерек болғанымен, онда адам құқықтары ерекше ескерілетіні және жол бойындағы қауіпсіздіктің күшейтілетіні белгілі. Қалай болғанда да, басты рөлді жүргізушінің атқарарын ұмытпаған абзал. Көлік жүргізу, қозғалыс еркіндігін бергенмен, үлкен жауапкершілікті де міндеттейді.
Жақында облыс орталығында 2009-2012 жылдарға арналған еліміздегі адамқұқықтары жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарының тұсаукесері болып өтті. Оған Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы, Мәжіліс депутаты Сағынбек Тұрсынов, осы комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев және БҰҰ-ныңҚазақстандағы резидент-үйлестіруші тұрақты өкілі Хаолянь Шу қатысып, сөз сөйледі. Олар жоспардың алдағы уақытта атқарар маңызы мен мақсаттарына тоқталды.
Алқалы жиынды ашқан облыс әкімі Б.Сағынтаев бұл құжаттыңеліміздегі заңнама мен құқықты қолдану тәжірибесінде, адам құқықтары және оны қорғау тетіктерін жақсарту жөнінде нақтылықты көздейтін бағдарлама болып табылатынын айтты. Ол Адам құқықтары жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың 5-мамырында қол қойған қаулысымен мақұлданғанын атапөтті.
Ал Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Т.Әбішевтің сөзіне қарағанда, аталған құжат “Қазақстан Республикасындағы адамқұқықтарының ахуалы туралы” баяндамалар нәтижесіне, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралықұйымдардыңәлеуметтанулық сауалнамаларына сүйене отырып жүргізілген зерттеулеріне негізделіп жасалған. Комиссия төрағасы С.Тұрсынов еліміз тарихында алғаш рет қабылданған “Адамқұқықтарының сақталуы жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары” Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді одан әрі демократияландыру бағытын берік ұстанған саясатының жемісі, деді. Ел Конституциясында: “адам, оныңөмірі, құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміз үшін жоғары құндылық болып табылады” деп жазылған. Соған орай тәуелсіздік алған жылдардан бері атқарылған іс-шаралар адамқұқықтарының сақталуы мен жалпы қоғамдағы барлық мүдде-мақсаттарымыздың орындалуын жүзеге асыруға арналғаны белгілі. Демек, еліміз адам құқықтары саласындағы міндеттемелерінен ауытқымай, БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралықұйымдардың осы бағытына қолдау көрсетіп келеді.