1970-1980-ші жж. жапон экономикасының энергосыйымдылығын едәуір қысқарту болды. 1974-1981 жж. аралығында Жапонияда ЖҰӨ[2] бірлігіне есептегенде энергияның тұтынылуы жыл сайын 3,4% қысқарып отырды, ал АҚШ-та - 2%, ГФР – 1,7%, Ұлыбритания мен Францияда - 2,1%-ға, Италияда - 1,5. Көрсетілген кезеңде Жапонияда 1 млн.долл. ЖҰӨ өндіру үшін АҚШ 525,2 кл. қарсы 292,6 кл. қажет болды, Ұлыбританияда 420,5 кл., Италияда 322,9 кл.
ҒЗТКЖ-ға шығындардың қосылған өңдеудің құнына қатынасы ретінде өлшенетін өңдеуші өнеркәсіптің ғылыми сиымдылығы асады. 1969 жылы жапон өңдеуші өнеркәсібінің ғылыми сиымдылығы - 2,9%, 1979 ж. – 4,25%, 1983 ж. – 5,7% құрады.
ҒТП жапон экономикасына әсерінің кеңеюі, бірінші кезекте, кеңейтілген ұдайы өндіріс факторларының ара-қатынасының едәуір өзгеруінен көрінді. Осылайша, жапон экономистерінің есептеулеріне сәйкес, 1960-шы жылдардың басында және 1970-ші жылдарда орташа алғанда 40-50% құраған, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге ҒТП үлесі 1970-ші жылдардың бірінші жартысында және 1980-ші жылдардың басында шамамен 70% дейін артқан, ал бұл кезеңнің жекелеген жылдарында 80-90% деңгейіне дейін де көтерілген. Бұл сандардың астарында ҒТП жапон экономикасына және тұтастай қоғамға аса үлкен өзгертуші әсері тұр: өндірістік, қоғамдық және жеке тұтыну саласындағы терең сапалы өзгерістер, көптеген жаңа өнімдердің, өндірістердің, қызмет түрлерінің пайда болуы, техникалық деңгейдің елеулі артуы, көптеген салалардың бағытының өзгеруі және т.б.
1980-ші жылдары жапон корпорациялары өзінің мақсаты ретінде үдемелі қиындықтағы өнімдерді өндіруді, өндірістің көбірек икемділігін қамтамасыз етуді, тауарлардың кішігірім лектерін өндіруді, тұтынушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ассортиментті артыруды қояды. Жапон корпорацияларының бәсекеге қабілеттілігі шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін, ыңғайлы өндіріс жағдайларында өнімдердің төмен бағасы мен жоғары сапасына сүйенеді.
Өндірістің төмен шығындары мен жоғары сапа деңгейі тұсында ұсақ- сериялы өндірісті ұйымдастыру секілді күрделі мәселелерді шешу үшін, жапондық монополистік капитал әртүрлі тәсілдерді қолданады. «Канбан» жүйесін қолдану назар аударуға тұрарлық. Оны «Тайота» 30-шы жылдардың өзінде қолдана бастады, «Канбан» немесе дәл уақытында жеткізу жүйесі тауар-материалдық қорларды қысқартуға әкеледі. «Тайотадағы» қоймалық қорлардың көлемі 1 сағат жұмысқа есептелген, «Фордта» - 3 аптаға дейін. Жылына 420 мың машина шығарған, «Ниссан» фирманың автомобильдік зауытында жинақтаушы бөлшектер конвейердің 2 жұмыс сағатына болатын. Байланыстылар бұл бөліктерді екі сағат дәлдігімен әкелген және зауытта конвейер тоқтап қалған жағдай болмаған. Қоймалық үй-жайлардың және оларда жұмыс істейтін жұмысшылардың болмауының арқасында жапондық машина жасаушылар бір машинаға есептегенде орташа алғанда 94 доллар өндіріс шығынына үнемдеген. «Тайотада» сол жақ қанаттарды дайындау бойынша автоматтық тармақтарды қайта жөндеу 5 минутты алады, «Вольваға» - 4 сағат. Әртүрлі модификацияларда «канбан» жүйесі Жапонияның басқа да корпорацияларында қолданылады.
Ғылыми қызметкерлерінің саны бойынша Жапония сол сияқты АҚШ-тан кейінгі екінші орында болды. ЖҰӨ-ге ҒЗТКЖ шығындарына қатысты Жапония АҚШ пен ГФР кейін үшінші орынды иеленді.
Ал келесі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметіне сәйкес дайындалған кестеге көңіл бөлсек, Жапония жоғарыда айтылған бәсекелестері АҚШ пен Германиядан ғылыми қызметкерлер саны бойынша әлдеқайда алда. 2006 жылғы көрсеткіш бойынша Жапония ғылыми қызметкерлер саны бойынша әлемде бірінші орынды иеленгенін көруге болады. Дәл осы 2006 жылғы көрсеткішке сәйкес, Жапониядағы ғылыми қызметкерлер мен дамуға жұмсалатын ЖІӨ пайызы бойынша Финляндия мен Швециядан кейінгі үшінші мемлекет.
8-кесте
Мың адамға есептегендегі ғылыми қызметкерлер саны
1981 | 1985 | 1990 | 1995 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | |
Австралия | 3,6 | 4,3 | 5,5 | .. | 7,3 | .. | 7,8 | .. | 8,4 | .. | .. |
Австрия | 1,8 | 2,1 | .. | .. | .. | .. | 5,8 | .. | 6,3 | 6,9 | 7,2 |
Бельгия | 3,4 | 4,1 | .. | 6 | 7,5 | 7,8 | 7,4 | 7,5 | 7,8 | 7,9 | 8 |
Канада | 3,5 | 4,4 | 4,9 | 6,4 | 7,2 | 7,6 | 7,5 | 7,5 | 7,8 | .. | .. |
Чех Республикасы | .. | .. | .. | 2,3 | 2,8 | 3 | 3 | 3,2 | 3,3 | 4,9 | 5,2 |
Дания | 2,7 | 3,3 | 4,4 | 6,1 | .. | 7 | 9,2 | 9,1 | 9,5 | 10,2 | 10,2 |
Финляндия | .. | .. | .. | 8,2 | 15,2 | 15,8 | 16,4 | 17,7 | 17,3 | 16,5 | 16,6 |
Франция | 3,9 | 4,7 | 5,4 | 6,7 | 7,1 | 7,2 | 7,5 | 7,7 | 8 | 8,2 | .. |
Германия | 4,7 | 5,3 | .. | 6,2 | 6,6 | 6,7 | 6,8 | 6,9 | 7 | 7,2 | 7,2 |
Греция | .. | .. | .. | 2,3 | .. | 3,3 | .. | 3,5 | .. | 4,2 | 4,2 |
Венгрия | .. | .. | .. | 2,9 | 3,8 | 3,8 | 3,9 | 3,9 | 3,8 | 4,1 | 4,5 |
Ирландия | 1,8 | 2,5 | 4 | 4,5 | 5 | 5,1 | 5,3 | 5,5 | 5,9 | 5,9 | 6 |
Италия | 2,4 | 2,9 | 3,4 | 3,5 | 2,9 | 2,9 | 3 | 2,9 | 3 | 3,4 | .. |
Жапония | 5,3 | 6,3 | 7,5 | 8,3 | 9,9 | 10,4 | 10,1 | 10,6 | 10,6 | 11 | .. |
Корея | .. | .. | .. | 4,9 | 5,1 | 6,3 | 6,4 | 6,8 | 6,9 | 7,9 | .. |
Люксембург | .. | .. | .. | .. | 6,2 | .. | .. | 6,7 | 6,8 | 7,3 | .. |
Мексика | .. | .. | .. | 0,6 | .. | .. | .. | 0,9 | 1,1 | 1,2 | .. |
Нидерланды | 3,4 | 4,3 | .. | 4,8 | 5,2 | 5,5 | 4,6 | 4,5 | 5,1 | 4,9 | .. |
Жаңа Зеландия | .. | .. | 4,1 | 4,7 | .. | 9,1 | .. | 10,4 | .. | 10,5 | .. |
Норвегия | 3,8 | 4,8 | .. | 7,5 | .. | 8,6 | .. | 9,1 | 9,1 | 9,2 | .. |
Польша | .. | .. | .. | 3,2 | 3,5 | 3,7 | 3,8 | 4,5 | 4,7 | 4,7 | 4,5 |
Португалия | .. | 1,2 | 1,7 | 2,5 | 3,3 | 3,5 | 3,7 | 4 | 4 | 4,1 | .. |
Словак Республикасы | .. | .. | .. | 4,6 | 4,9 | 4,7 | 4,5 | 4,7 | 5,2 | 5,2 | 5,5 |
Испания | 1,6 | 1,9 | 2,7 | 3,5 | 4,7 | 4,7 | 4,8 | 5,2 | 5,5 | 5,7 | .. |
Швеция | 4,2 | 5 | .. | 8,2 | .. | 10,6 | .. | 11,1 | 11,3 | 12,7 | 12,7 |
Швейцария | .. | .. | .. | .. | 6,4 | .. | .. | .. | 6,1 | .. | .. |
Түркия | .. | .. | 0,6 | 0,8 | 1,1 | 1,1 | 1,1 | 1,6 | 1,6 | 1,8 | .. |
Ұлыбритания | 4,9 | 4,9 | 4,6 | 5,2 | 5,4 | 5,6 | 5,8 | 5,9 | 5,7 | 5,8 | .. |
АҚШ | 6,6 | 7,3 | .. | 8,1 | 9,3 | 9,5 | 9,7 | 9,9 | 10 | 9,7 | .. |
27 ЕО елдері | .. | .. | .. | 4,8 | 5,1 | 5,3 | 5,5 | 5,6 | 5,7 | 6 | .. |
ЕЫДҰ елдері | 4,6 | 5,2 | 5,9 | 5,9 | 6,6 | 6,8 | 6,9 | 7,2 | 7,2 | 7,4 | .. |
Бразилия | .. | .. | .. | .. | 0,8 | 0,9 | 0,9 | 1 | 1 | .. | .. |
Қытай | .. | .. | .. | 0,8 | 1 | 1 | 1,1 | 1,2 | 1,2 | 1,5 | 1,6 |
Үндістан | .. | .. | .. | .. | 0,3 | .. | .. | .. | .. | .. | .. |
Ресей Федерациясы | .. | .. | .. | 9,2 | 7,8 | 7,9 | 7,5 | 7,4 | 7,1 | 6,8 | 6,8 |
Словения | .. | .. | .. | 5,5 | 5,4 | 5,6 | 5,7 | 4,7 | 5 | 6,5 | .. |
Оңтүстік Африка | .. | .. | .. | .. | .. | 1,2 | .. | 1,3 | 1,6 | 1,5 | .. |
Дереккөз: OECD Factbook 2008: Economic, Environmental and Social Statistics
Бұдан шығатын қорытынды Жапонияның ғылыми сиымдылығы мол өнімдерді экспорттаудағы әлемдік үлесі 1988 жылдан бастап АҚШ-ты басып озып, содан бері Жапония «жоғары технология» өнімдері бойынша дүниежүзіндегі аса ірі экспорттаушыға айналды. Жоғары технологиялық өнімдер шығару бойынша, атап айтсақ, электронды құрауыштар мен байланыс аппаратуралары бойынша Жапония экспорты АҚШ экспортынан 1970 жж. асып түскен болатын. Ал 2006 жылы – 702 млрд. АҚШ долл. жетті. Олай болса, соғыстан кейінгі үйіндіде отырған Жапонияның аз уақыт ішінде жаңа технологиялар бойынша алпауыт ел АҚШ-тан озып кетуі, әрине, Жапонияның озық үлгісіне қызығушылық туғызады. Ал алға биік мақсаттар қойып, әлемнің елу бәсекеге қабілетті елдері қатарына қосыламыз деген міндет Күншығыс елінің тәжірибесін зерттеуге итермелейтін бірден-бір себеп болып табылады. Экономикалық дағдарыстарды басынан кешірген елдер өндірістерін дамытуға инновациялық үдерістерді жандандыру арқылы қол жеткізгенін атап айту маңызды. Мұндай жол Қазақстан үшін де маңызды болмақ.
Пайдаланған деректер тізімі:
1. Байзаков С. Архитектоника содержательной экономики: инструменты анализа и синтеза экономических индикаторов: Учеб.-метод. пособие. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2009. – 121 с.
2. Общероссийская общественная организация «Журналисты России» 12/01/2009
3. Назарбаев Н.А. Дағдарыстан шығу кілті. Егемен Қазақстан, 3/02/2009
4. Назарбаев Н.А. Стратегия становления постиндустриального общества и партнерство цивилизаций. – М.: Экономика, 2008. – 398 с.
5. OECD Factbook 2008: Economic, Environmental and Social Statistics
6. Попов Г.Х. «Об экономическом кризисе 2008 года». –М:., Издательский дом Международного университета в Москве. -2008. -20 с.
7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2006 ж., наурыз
8. Назарбаев Н.А. Новый Казахстан в новом мире. Астана, 2007. – С. 85-86.
[1]Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
[2]Жалпы Ұлттық Өнім