Смекни!
smekni.com

лемдік аржы да дарысы аясында аза стан экономикасын дамыту м селелері (стр. 3 из 4)

Әлемнің көптеген дамыған елдері осы жолды ондаған жылдар бұрын жүріп өтті. Олардың салған сара жолы бүгінде біздер үшін сабақ болып табылады. Әсіресе, Елбасының, «отандық ғылымды халықаралық ғылыми-технологиялық қоғамдастығымен интеграциясын қамтамасыз ету керек» деген идеясы тұрғысында Қазақстан үшін жоғары технологияның отаны саналатын – Жапонияның орны ерекше.

Айталық, жапон үкіметі тарапынан ҒЗТКЖ[1]-ға қашанда баса назар аударылып келді және ол өз жалғасын табуда. 2005 жылғы ҒЗТКЖ үшін жұмсалған қаражат көлемі елдің ЖІӨ-нің 3,35 % құрады. Бұл шығыстар негізінен жаңа идеялар мен күрделі зерттеулер жүргізу мақсатында қолданылды. Соңғы 20 жыл ішінде Жапониядағы ғылым мен технологияны дамытуға жұмсалатын шығыстар 8 есеге өскен. Бұл Жапонияның әлемдегі инновациялық саланы дамытуға ең көп шығын жұмсайтын ел екендігін көрсетеді.

Жапония – патент алу мақсатында жасалатын өтініштер саны ең жоғары мемлекет. 2000 жылы АҚШ-тағы патент алу мақсатында тіркелген 300 мың өтініштің 50 мыңы - жапондық компаниялар мен корпорациялар. Корпорацияларға ҒЗТКЖ-ға қолдау көрсету бойынша жүйе құру құқы берілген. Көптеген корпорациялар келешегі бар зерттеулерге қолдау көрсету мен оларды іске қосу мақсатында арнайы бонустар жариялаған. Мәселен, Sony сияқты трансұлттық корпорацияларда бонус мөлшері еш шектелмейді, яғни, белгілі бір технологияны іске қосу нәтижесінде түскен компания табысынан есептеледі. Тіпті, бұл елде университеттерге өзіндік лицензиялық фирмаларын құруға заңмен рұқсат етілді, бұл патент беру саласын дамытуға үлкен ықпал етері хақ.

Сондай-ақ, жапон экономикасының барлық салаларына ҒТП әсерінің күрт күшейгендігін бөліп көрсеткен жөн. Ол ең алдымен, Жапонияның ғылыми-техникалық потенциалының айқын өсуімен байланысты.

Ұзақ уақыт бойы Жапония шетелдік технологияны қолдана отырып, өндірісті дамытты. 1950-1982 жж. ол 40 мыңға жуық лицензияны сатып алып, енгізді, және де Жапония шетел технологиясын жай көшірмелеген жоқ, оны жетілдіруге ұмтылды.

1970-ші жылдардың басына қарай жапондықтар импортталған технологияны экономикалық дамытуға сенуге болмайтындығын түсінді. ҒЗТКЖ-ға шығындар жылдам өсе бастады, берік зерттеулер өрістей бастады. Жапондық монополистік капитал елді капиталистік әлемнің технологиясының негізгі көзіне айналдыру, өнеркәсіптік технология саласында ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулерде, өнімнің жаңа түрлерін шығаруда, дизайн саласында оны озат ету міндетін қойды. «Дизайн Жапонияның жаңа күресінің әскери ұраны болып табылады».

6-кесте

Ғылымға салынатын инвестиция (%)

ЖІӨ пайызы ретінде

1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004
Австралия .. 3,6 .. 3,9 .. 4 3,9 3,9
Австрия .. 3,1 .. .. .. 3,3 3,4 ..
Бельгия .. 2,6 3,5 3,6 3,8 3,5 3,4 ..
Канада 3,9 4 4,6 4,6 4,9 .. 4,5 4,5
Дания 3,8 4,5 4,7 4,7 5,1 5,3 5,1 ..
Финляндия 5,2 5,3 5,5 5,7 5,8 5,9 5,9 ..
Франция 3,9 3,9 4,1 4,1 4,2 4,1 4,3 4,3
Германия 3,5 3,6 3,7 3,8 3,8 3,8 3,9 3,9
Греция 1,7 .. 1,7 .. 1,9 .. 1,9 ..
Ирландия 2,6 2,5 2,6 2,6 2,5 2,3 2,3 ..
Италия 2 2,1 2,2 2,2 2,4 2,4 2,4 ..
Жапония 4,1 4,4 4,5 4,6 4,8 4,9 5,1 5,3
Нидерланды 3,5 3,6 3,9 3,7 3,8 3,6 3,7 ..
Португалия 1,5 1,6 1,7 1,8 1,8 1,7 1,7 ..
Испания 2,2 2,3 2,4 2,5 2,6 2,6 2,7 2,7
Швеция 5,6 .. 6,2 .. 6,9 .. 6,4 ..
Ұлыбритания 3,3 3,6 3,6 3,5 3,5 3,5 3,5 ..
АҚШ 5,6 5,9 6,1 6,3 6,5 6,4 6,5 6,6
ЕО 15 елі 3,2 .. 3,5 .. 3,6 .. 3,6 ..
ЭЫДҰ елдері 4,2 .. 4,7 .. 4,9 .. 4,9 ..

Дереккөз: OECD Factbook 2008: Economic, Environmental and Social Statistics

Жапонияда ҒЗТКЖ қаржыландыруда негізгі рольді жеке капитал атқарады – 1983 ж. 65,2%. Мемлекет ҒЗТКЖ-ға қорлардың 24%-н ұсынады. Жапонияда ҒЗТКЖ-ды қаржыландыруда мемлекеттің ролі АҚШ (48,4%) пен ГФР (41,6%) қарағанда кем. ҒЗТКЖ негізгі көлемін жеке корпорациялар орындайды – 1983 ж. 63,5%. Мемлекеттік ғылыми мекемелерге ҒЗТКЖ шығындардың 9,6% келеді. Басқа дамыған елдермен салыстырғанда ғылыми зерттеулерде үлкен рольді жоғары оқу орындары атқарады – 23%, бірақ орындалатын жұмыстар көлемінде жоғары оқу орындарының салыстырмалы үлесі үнемі қысқарады. Өнеркәсіптік фирмалардың ғылыми зертетулерінде маңыздылық артады. 1984-1985 жж. 5 аса ірі фирманың үлесіне өнеркәсіпте орындалған ҒЗТКЖ жалпы көлемінің 17,2% келді. Негізгі зерттеулер мен аса жаңа технологиялардың жұмыстарын жүргізуді ынталандыру мақсаттарымен жеке корпорациялармен бірге «Маңызды технологиялар орталығы» құрылады. Шетел технологиясының импорттаушысынан Жапония жылдам экспорттаушыға айналады. 1983 ж. шетел технологиясы үшін төлемдер 1975 ж. бағасымен 748,9 млн. долл. құрады, ал технологияны экспорттаудан түсімдер – 645,9 млн. долл. құрады. Төлемдер кірістерден тек 102,9 млн. долл. ғана асады.

Жапон технологиясын дамытудың маңызды бөлігі венчур болды. Кез келген экономикалық жүйесінің динамикалылығы ғылыми – техникалық дамудың мүмкіндіктерімен тығыз байланысты. Соңғылары қазіргі заманғы батыс экономикасының құрылымында венчурлық (тәуекелдік) бизнестің таралуы нәтижесінде едәуір артты. Ол ғылыми-техникалық революцияның қазіргі заманғы кезеңінде ерекше маңыздылыққа ие болды және сонымен қатар 1970-1980-ші жылдарда оның күшеюінің шарты мен алғышарты болып табылды. Венчурлық бизнес ғылыми жетістіктер мен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын жүзеге асыру механизмі болды. Пайда көлемінің 30-50% жуығын өнеркәсіптік компаниялар өнімнің жаңа түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алады, олардың нарықта әрекет ету кезеңі бес жылдан аспайды. Ірі корпорациялар өндірістің циклдық құлдыраулары мен пайданың қысқару жылдарында да оларды үзбей, ҒЗТКЖ-ға шығындарды арттырады. Алайда, өнімнің үнемі жаңаруы, технологиялық дамудың жетілдірілуі өсіп жатқан қиындықтарға итермелейді. Және олардың бәрінен кемі капиталдардың жетіспеуінен тұрады. Басты тежегіш – ғылыми- техникалық прогресті капиталды максималды өсіру мақсаттарына бағындыру қажеттілігінде. Компания қаншалықты ірі болса, тенденциялар стагнацияға, ғылыми- техникалық прогресті басқаруды бюрократизациялауға соншалықты күштірек әрекет етеді. Ірі корпорациялар шегінде ғылыми – техникалық дамудың қарама-қайшылықтарын жеңілдету тәсілдерінің бірі ұсақ фирмалардың жаппай туындауы болады. Жапонияда венчурлық бизнес мемлекеттің бастамасымен басталды: бірінші үш фирманы 1963 жылы халықаралық сауда және өнеркәсіп министрлігі орталық үкіметтің, префектуралар мен банктердің қаражаттары есебінен құрды. 22 жыл қызмет ету ішінде венчурлық капиталдың үш жартылай үкіметтік фирмалары 2000-ға жуық компанияны қолдады. 1975 жылы жапон халықаралық сауда және өнеркәсіп министрлігі венчурлық кәсіпкерлік орталығын құрды.

ҒТП өндірістің материалсыйымдылығына әсері қайшылықты болды. Шикізаттың материалдарды өндіру үдерісіне тартылатындардың санын кеңейтуге тенденция туындады. Материалдық сиымдылығы мол технологияны және екінші қайтара шикізатты қолдану өндірістің материалсыйымдылығын азайтуға жағдай жасады. Алайда, бірқатар жағдайда шикізат пен отынды тиімді және оңтайлы қолдануға мүмкіндік беретін, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері 1960-1970 жж. шикізаттық материалдарды тұтынуды басым арттыруға жалпы тенденцияны тек кішігірім деңгейде ұстады. 1970-ші жылдардың ортасында төмен энерго- және материалсыйымдылығымен ғылымисыйымды түрдегі құрылымды құруға курс жарияланып, бір жағынан, жеке фирмалардың, екінші жағынан бұл курсты заңнамалық, әкімшілік және қаржылық шаралар сериясымен күшейтетін мемлекеттің бірлескен әрекеттері негізінде жүйелі түрде және ойдағыдай жүзеге асырылды.