Смекни!
smekni.com

Ша ын ж не орта к сiпкерлiктi азiргi жа дайы (стр. 6 из 6)

· өз бизнесін ашу (істі бастау варианттары, саланы таңдау, бизнес-жоспар әзірлеу, қаржыландыру көзін іздестіру, қызметті жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық формасын таңдау, салық салу тәртібін, фирманың атауын таңдау, құрылтай құжаттарын әзірлеу, фирманы тіркеу, банктік шот ашу, қажетті рұқсат пен лицензиялар алу);

· Бизнесті жүргізу (бизнесті басқару, келісімшарттар жасасу негіздері, өндірістік үдерісті ұйымдастыру, тиімді басқару, бизнесті оқып үйрену, есеп жүргізу, бизнесті алға жылжыту: жарнамалау және маркетинг жүргізу, фирманы қайта құру және тарату, бизнесті сату);

· Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі шараларды түсіндіру.

2. Ақпараттық материалдарды, оған қоса:

· бизнесті жүргізу жөніндегі оқу құралдарын;

· ақпараттық-сараптамалық материалдар;

· шағын және орта кәсіпкерліктің әртүрлі салалары бойынша дайын бизнес-жоспарлар тізбесін тарату.

· Әрбір экспресс-курс таныстыру-таныту әдісінің заманауи үлгілері мен технологияларын қолдана отырып, оқыту-тренинг түрінде өткізілетін болады.

· Оқу курстарының, сонымен қатар ақпараттық материалдардың тақы-рыптары клиенттердің оқыту-тренингтерін өткізу үдерісінде анықталған сұранысы мен қажеттілігін есепке ала отырып, жүйелі негізде жетілдіріліп отыратын болады.

3.2. Тренер-лекторларды дайындау

Әзірленген әдістеме бойынша «Даму» Қорының аймақтық өкілдерімен бірлесе оқыту-тренингтерін өткізетін тренер-лекторлардың білікті штатын іріктеу мәселесіне баса көңіл бөлу керек.

Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің үйлестіруші, байланыстырушы ретіндегі рөлі өте маңызды болмақ.

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шығындарды оңтайландыру мақсатында лекторларды іріктеу аймақтық қағидат бойынша жүзеге асырылады. Іріктеліп алынған лекторлар арасынан тренер-лекторлар тобы құрылып, олар кейіннен облыстың барлық аудандарына шығып, кәсіпкерлік экспресс-курстарын өткізетін болады. Облыстағы аудандардың санына байланысты, кейбір облыстарда бірнеше топ құрылады.

Тренер-лекторлардың оқыту-тренингтерін жүргізу жұмысы басталғанға дейін, экспресс-курстарды әзірлеушілер мен жоғары кәсіби лекторларды тарта отырып, олардың тиісті дайындығы өткізілетін болады

Бағдарламаны іске асыру үдерісі нәтижесінде қосымша тренер-лекторларды дайындықтан өткен кәсіби лекторлар өткізетін аудандағы экспресс-курстарды тыңдауға қатыстыру арқылы оларды қатар дайындау және біліктіліктерін арттыру жүзеге асырылатын болады.

Тренер-лекторлар ретінде тартылатындарға қойылатын міндетті талаптар:

· экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, бухгалтерлік есеп, маркетинг) саласында жоғары білімінің болуы;

· жеке бизнесті жүргізуде міндетті түрде тәжірибесінің болуы;

· қазақ, орыс тілдерін меңгеруі;

· кәсіпкерлікті дамыту идеяларын ұстанушылығы;

· азаматтық-құқықтық тұрғыда келеңсіз фактілердің болмауы.

Тренер-лекторларды іріктеу үдерісіне аталмыш процесті ұйымдастыруда тәжірибелері бар Жоғарғы оқу орындарының, бизнес-қоғамдастықтың – қоғамдық ассоцияциялардың мүмкіншіліктерін тарту қажет.

3.3. Кері байланыс

Экспресс-курс тыңдаушылары тиісті сертификат алған кезде, өзі туралы, бизнесі туралы, байланыс ақпараты туралы деректер бере отырып, тіркеуден өте-ді. Тыңдаушылар ұсынып, тіркелген деректер негізінде дерекқор қалыптасады. Оқу барысында лектор мен тыңдаушылар арасында сенімді қатынас қалыптасады. «Даму» Қоры тренер-лекторлар жұмысын және жалпы оқыту нәтижелерін бағалау кезінде пайдалану үшін, олардан ақпарат алу мақсатында тыңдаушылармен байланыста болады.

«Даму» Қоры тыңдаушылар ұсынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті. Бұл ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайлардан бөлек, жариялануға және тыңдаушылардың өздерінің келісімінсіз үшінші тұлғаға таратылуына болмайды.

3.4. Оқыту-тренингінің сапасын бақылау

Экспресс-оқытудың тиімділігі екі өлшем бойынша бағаланады:

1. Тренер-лектордың жұмысын бағалау;

2. Экспресс-оқыту тиімділігінің өзекті көрсеткіштерін бағалау.

Тренер-лектордың жұмысын барынша объективті қамтамасыз ету үшін, маркетингтік зерттеулер жөніндегі тәуелсіз агенттік тыңдаушыларды қордан тоқсан сайын кездейсоқ таңдай отырып, олардың пікірлері негізінде жүзеге асырады.

Бағалау соларға сәйкес өткізілетін негізгі өлшемдер:

· Курс шеңберінде алынған ақпараттың қаншалықты пайдалылығы;

· Алынған ақпарат бизнес шешімдер қабылдауға ықпал ете алды ма;

· Алынған ақпарат бизнестің өнімділігін арттыруға көмек ете алды ма;

· Алынған ақпарат жаңа бизнес ашуға көмек ете алды ма (жаңадан құрылған компанияларға ғана қатысты).

Нәтижесінде, тоқсан сайын бағалау негізінде, тұтынушылардың қанағаттанушылық индексі анықталады.

Экспресс-оқытудың тиімділігінің өзекті көрсеткіштері:

· Оқыту нәтижесінде өз бизнестерін ашқан тыңдаушылар үлесі;

· Клиенттің бизнесті ашуы нәтижесінде құрылған және мақұлданған жұмыс орындарының саны;

· Табыстылығын оқыту нәтижесінде ұлғайтқан клиенттер үлесі;

· Қаржыландыруды курс аясында алған ақпарат нәтижесінде жеке қаржы ұйымдарынан/ ҒЗЖ-дан алған клиенттер үлесі.

3.5. Қаржыландыру көздері

Қазақстаннық барлық облыстарындағы аудандарда кәсіпкерлік бастама-шылығы бар халықты және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді оқыту-тренингтерін өткізу ақысыз негізде жүзеге асырылады. Осы қызмет түрі коммерциялық емес бағытта жүргізілетіндіктен оған кететін шығындарды қаржыландыру мемлекеттің жылсайынғы қаражаттандыруы есебінен жүзеге асырылуы тиіс.

Сол себепті Бағдарламаның іске асырылуына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «НұрОтан» ХДП белсенді ат салысатын болса, онда Бағдарламаның алдын-ала құрылған шығыс бюджеті біршама аз болар еді.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

Бағдарламаның іске асырылуынан мынадай нәтижелер күтіледі:

· оқыту-тренингтерді жаппай және бір рет өткізгеннің өзінде еліміздің барлық облыс аудандарындағы әлеуетті және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің кемінде 30 000 бірлігінің біліктілігін көтеру қамтамасыз етіледі;

· халықтың шағын және орта кәсіпкерлік саласында еңбек етіп жүрген экономикалық белсенді бөлігінің үлесін жалпы еліміз көлемінде де сондай –ақ аудандық деңгейде де ұлғайту;

· аудандардағы әлеуетті және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен мемлекет арасында тиімді диалог қалыптастыру;

· экономика саласындағы кәсіпкерлік рөлін танымал ету және мемлекеттің шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты өткізіп отырған саясаты туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру;

· аймақтарда қызметтері кешенді сипатта болатын Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау орталықтарын кейіннен құру үшін қажетті алғышарттарды қалыптастыру.