Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда алдымен жаңа инновациялық жобалар жасалады.
Осылайша, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар мемлекет ғылыми-техникалық салалардың дамуын қолдайтын және мұндай саясаттың алдына шаруашылық жүйенi оңтайландыру мен ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiне бейiмдеу мiндетi қойылған елдерде жақсы дамыған.
Ғылыми-өнеркәсiптiк парктер болашақтағы технополистердiң - озық технологиялар, ғылыми зерттеулер мен жобалау-құрастыру әзiрлемелерi қалаларының қазiргі үлгiлерi болып табылады. Өтпелi экономикалы көптеген дамушы мемлекеттер мен елдер үшiн ғылыми-өнеркәсіптік парктердi дамыту басымдығының стратегиясы - бұл жоғары технологиялық деңгейдiң өңiрлiк орталықтар желiсiн дамыту, барлық ұлттық шаруашылықты зияткерлендiру негiзiнде қызметтің жаңа салаларында iлгерiлеу.
Технополистерде ғылым, жоғары технологиялар, дәстүрлі ұлттық мәдениет үйлесім тапқан және шығармашыл, жан жақты дамыған адамдардың жаңа қоғамы құрылады.
Бәсекелi ортаға берiлетiн қызмет түрлерiн талдау
"Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына сәйкес мемлекеттiк органдардың қарамағында 400-ден астам республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар бар, алайда алдын ала жүргiзiлген сараптама олардың саны бүгінде 509 құрайтынын көрсеттi.
Мемлекеттiк органдардың мәлiметтерi бойынша республикалық коммуналдық меншiкте барлығы 4892 кәсiпорын бар.
Заңды тұлғалар тiзбесiнде (акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер) орталық атқарушы органдардың атынан жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуымен 178 ұйым бар. Жергiлiктi атқарушы органдар 1061 акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң құрылтайшылары және қоса құрылтайшылары болып табылады.
Мемлекеттiң қатысуымен кәсiпорындардың қызметiне алдын ала жүргiзiлген талдау олардың қызметiнiң бүгiнгi күннiң жағдайларына сәйкес келмейтiнiн көрсеттi. Кәсiпорындар iс жүзiнде рыноктi мемлекеттiк монополияға айырбастап, мемлекетке сәйкес келмейтiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруда. Әсiресе мұндай тәжiрибе мемлекеттiк тапсырыс есебiнен өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындарға тән. Бiр қатар мемлекеттiк кәсiпорындар рыноктік ортаға кең ұсынылған қызметтi жүзеге асырады: сауда - делдалдық қызмет, көлiк қызметтерi, сервистiк сипаттағы қызметтер, құрылыс, баспаханалық және басып шығару қызметi, абаттандыру, ғимараттар мен құрылыстарға қызметтер көрсету, ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету және бағдарламалық өнiм жасау және т.б. Iрi мегахолдингтер құрамында жоғарыда айтылған қызметтi жүзеге асыратын және холдингтің негiзгi қызметiне қатысты бейiндi емес болып табылатын еншiлес ұйымдары бар екендігін айту керек.
Құрылтай құжаттарда көрсетiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың мақсаты мен мәнi заңнамада нормалардың нақты жазылмауы салдарынан әрқашан тура мағынасы негiзгi мақсатқа сәйкес келе бермейдi не кез келген қызмет түрлерiмен айналысу мүмкiндiгін көздейдi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Қазақстан 2030 даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы басымдықтары тұрғысынан Бағдарламаның басты мақсаты шағын және орта кәсiпкерлік субъектiлерi қызметiн барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетiлдiру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру болып табылады.
Шағын және орта кәсiпкерлiктің қазiргi жағдайы мен дамуының талдамасының нәтижелерiн және шетелдiк тәжiрибенi ескере отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшiн аталған бағытта мынадай мiндеттердi iске асыру көзделуде:
Шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн заңнамалық негіздің барынша ашықтығын құру;
экономиканы бюрократиясыздандыру және әкiмшiлiк кедергiлердi жою;
шағын және орта кәсiпкерлiкте көлеңкелi айналымды қысқарту;
мемлекетке бейiндi емес функцияларды рыноктiк ортаға, бiрiншi кезекте шағын және орта кәсiпкерлiкке беру;
кластерлiк-желілік ұстаным негiзiнде тiршiлiкке қабiлетті инфрақұрылымдық жүйелердi құру және қамтамасыз ету;
инновациялық экономикаға кәсiпкерлiктiң қатысуы.
Жоғарыда аталған мiндеттер мынадай негiзгi шараларды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады:
2005 жылы:
тексеру жүргiзу, Қазақстан Республикасының бiр қатар заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдерiн әзiрлеу және қабылдау;
шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту саласында заңнамалық негіздің барынша ашықтығын қамтамасыз етудi әзiрлеу;
шағын және орта кәсiпкерлiк саласында мемлекеттiк органдардың бақылау және қадағалау функцияларына талдау жүргiзу;
шағын және орта кәсiпкерлiк саласында мемлекеттiк органдардың бақылау және қадағалау функцияларын қысқарту және жүйелендiру жөнiнде шаралар қабылдау;
шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне кредит беру көлемiн 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржылай қолдау бөлiгінде "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ рөлiнiң күшеюiн қамтамасыз ету;
Yлкен қаржы маркетiн құру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру.
2006 жылы:
мемлекеттiң қатысуымен мемлекеттiң және акционерлiк компаниялардың бейiндi емес функцияларына талдау жүргiзу және шағын және орта кәсiпкерлiкке беру;
шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерiне кредит беру көлемiн 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету.
2007 жылы:
шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерiне кредит беру көлемiн 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету.
Мемлекеттiң жеке сектормен өзара iс-әрекетiнiң жаңа идеологиясын жасауды аяқтау.
Кластерлiк-желiлiк ұстаным негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың экономикалық моделiн әзiрлеу шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың жаңа стратегиясына және мемлекет пен бизнестiң өзара қатынасының жаңа идеологиясына көшудi бiлдiруi қажет. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту үшiн мемлекеттің бұдан әрi қолданатын шаралары (нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру, салық салу, кредит беру, инфрақұрылымды дамыту және т.б) осы ұстанымды iске асыру тұрғысынан және осы экономикалық модел шеңберiнде қолданылады.
Ескерту: әрiптi аббревиатуралардың толық жазылуы
IIМ - Iшкi iстер министрлігі
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
МАСМ - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі
БҒМ - Білім және ғылым министрлiгi
ККM - Көлiк және коммуникация министрлігі
Еңбекминi - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
Қаржыминi - Қаржы министрлiгi
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Әдiлетминi - Әдiлет министрлігі
ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi
АБА - Ақпараттандыру және байланыс агенттігi
ЖРА - Жер ресурстарын басқару агенттігі
ТМРА - Табиғи монополияларды реттеу агенттігi
СА - Статистика агенттігі
ЭҚСЖҚКА - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігi
ҚНҚҰРҚА - Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ҰБ - Ұлттық Банк
ШКДҚ - Шағын кәсіпкерлiкті дамыту қоры
АҚШҚҚҚ - Ауылшаруашылығын қаржылық қолдау қоры
1. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІН НЕГІЗДЕУ
Еліміз егемендігін алған уақыттан бастап, шағын және орта бизнес субъек-тілерін дамытуға мемлекет тарапынан үнемі айрықша көңіл бөлініп келеді.
Шағын және орта бизнестің даму деңгейі ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ететін негізгі буын екені сөзсіз. Инновацияның негізгі көзі болып табылатын нақ осы сектор, өз кезегінде ел экономикасының бәсекеге қабілеттілік деңгейінің жоғары болуын да қамтамасыз етеді.
Дамыған елдерде жұмыспен қамтылған барлық еңбекке жарамды халықтың 50-80%-ы және жалпы ішкі өнімнің (одан әрі-ЖІӨ) 50%-дан астамы шағын және орта бизнестің үлесіне тиеді.