Үкіметіміз шетелдік инвесторлармен ауылшаруашылығы саласына қатысты жалпы саны 14 келісім – шартқа отырып, 27 млн . АҚШ долларын қолма – қол иемденіп , 1.6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады.
Президент соңғы жылдары Астананың әлеуметтік – экономикалық жағынан гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан болар, Астанаың құрылыс – сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 2001 жылдың өзінде – ақ 291 жұмыс орнын ашты.
Әлемдік экономикадағы Қазақстанның интеграциялық қозғалысы жыл өткен сайын артып келеді . Мәселен, 2001 жылы шетелдік инвесторлармен 16 келісім – ьшарт жасалып , 817 млн . Ақш доллары көлеміндегі капитал ел экономикасына араласты.
Бұл – 200 жылға қарағанда 7.6 есе , 1999 жылға қарағанда 1.4 есе көп . Шетел алпауыттарының Қазақстан бюджетінің жыртығын жамауға себін тигізуі ел экономикасына шетелдік инвестицияны тартудың халықаралық нормаларына сәйкестендіруге , яғни жетілген ұлттық заңнаманың жемісін көруге болатынына үміт ұялатады. Айталық , ел өнеркәсібінің өркен жаюына бағытталып жатқан шетелдік инвестицияның жалпы көрсеткіші капиталдың 31 пайызын құрап отыр.
Еліміздегі негізгі капитал көздерінің ең қомақты инвестициялық жобалары деп мыналарды айтуға болады :
Нидерланды – 580 млн. АҚШ доллары («Испат Кармет» ААҚ);Корея – 25.1 млн. АҚШ доллары («LG ELECTRONICS»компаниясының ірі жобасы);
Түркия – 39 млн. АҚШ доллары («Эфес – Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы);
Лихтенштейн – 17 млн . АҚШ доллары («АБС орталығы» ААҚ);
Ұлыбритания – 11.7 млн . АҚШ доллары («Лосан – Мардон» ЖШС-нің ірі жобасы).
Аралығында инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде келісім- шарт бойыншат 40мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды , 1168.5 млн. АҚШ долларының өнімі өндіріліп, оның ішінде 113.7 млн. АҚШ долларының өнімі экспортталды. Кіріс министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бюджетке 31.4 АҚШ доллары көлеміндегі түсімдері түскен.
Алайда , шетелдік инвестицияны тарту барысында да көп кедергілер бар көрінеді . Олар мыналар :
- Қазақстан нарығының іскерлік белсенділіктің төменілігі;
- Реттеуші шаралар шалағайлығы ;
- Өтімді қаржы құралдарының азаюы , төлем күшінің әлсіздік дағдарыстың орын алуы ;
- Шынайы ақпараттың жеткіліксіз болуы ;
Инвестициялық саясаттың ұтымды жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет Даму бюджеті , Ұлттық мұнай – газ қоры , мемлекеттік неие ұйымы сияқты қаржылық институттар мен механизмдерге мән беруі шарт.
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Гос. рег. рыночный экономики » - Кушлин: Москва-2000
2. «Эк. Мем. Рет. өзекті мәселелері » Ихданов, Орманбеков: Алматы-2002
3. «Гос. рег. условиях Казахстана » Мамыров: Алматы -1998
4. «Гос. и бизнес » Мамыров, Брузатый: Алматы-1999
5. «Қ. Р. Индустриялды – инновациялық дамуының 2003-2015 ж. арналған стратегиясы » :Астана-2003