ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кіші бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемалар
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001 - 2002 жалдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар мыналар:
- халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
- қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту;
- шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
- шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
Сонымен, жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси - экономикалық жүйенің бірі болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, нарықтық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден, шағын кәсіпорындар ролінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.
Республикамызда шағын бизнесті дамыту барысында шағын кәсіпорындардың меншік істерін ұлғайту және айналым қаражаттарын толықтыру үшін несие ресурстарын тарту проблемасы жиі кездесіп отырады. Несие алудағы қиыншалықтар несие ресурстарын тарту шарттарында және тағы бір ерекшелік - инфрақұрылымның сапасының төмендігі болып табылады. Несие ресурстарын тарту шарттарында келесі ерекшеліктер байқалады:
- кепілмен қамтамасыз ету проблемасы;
- жоғары дәрежедегі ссудалық пайыз;
- несие ресурстарын иеленудегі мерзімнің қысқалығы;
- несиелендірудің жарналық кезеңінің артта қалуы.
Сонымен қатар, инфрақұрылымның жетілмеуі біріншіден, банкке құжаттар дайындау кезінде кәсіпкерлердің білім деңгейінің жетіспеушілігі; екіншіден, ақпараттық - консалтингтік қызметтердің жетіспеушілігі; үшіншіден, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелендірудің отандық және шетелдік бағдарламалардан тыс қалуына байланысты болып табылады. Осы көрсетілген проблемаларды негізгі екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ банктен несие алудағы жалпы шарттармен байланысты, ал екінші топ - несиені алу және рәсімдеу жүйесіндегі кәсіпкерлердің жеке проблемалары болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметте шағын кәсіпорын бюджеттерін құру келесі этаптардан тұруы тиіс:
- шағын кәсіпорын дамуындағы жалпы бағыттардың құрылуы;
- әрбір бөлімге жалпы бағыттар мен тапсырмаларды анықтау;
- оперативті бюджеттерді дайындау;
- басқару құрамымен бюджет дайындығын талдау;
- қорытынды бюджетті дайындау.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуі ірі өндірістік кәсіпорындардың кіші бизнеске орын беруімен айқындалады. Бұған себеп ретінде, көптеген ірі кәсіпорындардың өз уақытында тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауын, өзінің өнім сапасын бәсеке нарығында жоғары дәрежеде көрсете алмауын айтуға болады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қазіргі кезде мемлекет экономикасының дамуына әсер ететін негізгі фактор.
Қазіргі кезде несиелендіру саласының тағы да бір жетістігі - бұл микронесилендіру болып табылады. Мемлекеттің микронесиелендіру қызметін енгізуі микрокәсіпкерлер қызметін қаржыландырудың негізгі көзі ретінде орын алды.
Микронесиенің негізгі критерийлары болып мыналар табылады:
- несиенің салыстырмалы кішігірім көлемі;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие бағытын қолдануы;
- несиелендірудің қысқа мерзімдері (көбінесе бір жыл іші);
- несиені ұсыну және қайтару шарттарының иілмелілігі.
Әлемдік тәжірибе микронесиелендіру жүйесін реттеу деңгейіне әсер ететін микронесиелік ұйымдардың негізгі үш моделін бөліп қарастырды:
- микронесие беретін институттар, бірақ бұлар заңнамалық құқық негізінде жинақтарды тарту қызметін жүргізу алмайды және мемлекеттік реттеу және қадағалау қызметіне жатпайды;
- микронесиені жүзеге асыратын институттар. Бұл институттар елдің орталық банк жағынан пруденциалдық реттеуге жатқызылады;
- мемлекеттік органдар жағынан толық пруденциалдық реттеуге жататын, міндетті және ерікті депозит жинақтарын тарту құқын иеленетін микронесие беретін институттар.
Микронесиелендіру еңбек қызметін тұрақтандыру бағытындағы қаржылық көмек болып табылады. Қазіргі таңда елімізде микронесиелендіру қызметін жүргізу ең маңызды фактор болып табылатын категориялардың бірі ретінде қолданылады. Бұл құрал барлық аймақтарда, облыстарда, аудандарда, жергілікті жерлерде қаржыландырудың ең басты қайнар көзі ретінде қолданылады.
Шағын кәсіпорын өзінің іс - әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі:
Біріншіден, шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы - ресурстық базаның жетіспеушілігі: материал - техникалық және қаржылық. Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алып кететіндей кәсіпкерлерде болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің босы артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек болды.
Екіншіден, шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.
Үшіншіден, шағын кәсіпкерліктің іс - әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ. Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек, ондай жағдайлар коррупцияға апарады.
Шағын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтік қайшылықты қиындықтар - жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді. Шағын кәсіпорындар мемлекеттің жан - жақты қамқорлығына мұқтаж, себебі ол тұрақсыз кәсіпкерлік құрылым ретінде нарықтың тұрақсыздығына тәуелді. Бұлай дейтін себебіміз, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді ең алдымен мемлекет, содан кейін кәсіпкер қолдайды. Соған байланысты оны жүргізудегі қиыншылықтардың алдын – алу шараларын жүргізеді.
3.2 Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру
Шағын бизнес кәсіпорнының дамуы Қазақстан экономикасындағы жүзеге асырылған реформаларының бірі болып табылады. Үлкен мөлшердегі инвестицияны қажет етпейтін осы кәсіпорындар ғана әлеуметтік тұрақтылық кепілі, нарықтық кеңейту шаралары және елдегі бәсекеқабілеттілікті жоғарылату қайнар көзі болып саналады.
Қазіргі кезде бұл касіпорындарды дамыту, алдымен қаржылық қамтамасыз ету және қаржылық - несиелік талдауды іздеу проблемаларымен байланыстырылады. Жаңашыл шарттарға сәйкес шағын кәсіпорын капиталының негізгі қайнар көзі болып бұрынғысынша жеткіліксіз меншік ресурстары қалады. Бұл шағын бизнес кәсіпорнының несие нарығына және жоғарғы пайыз мөлшерлемесі жағынан бағалы қағаздар нарығына қатысуындағы, әртүрлі мемлекетік емес бағдарламалардың , қорлардың және үкіметтік ұйымдардың қаржылық ресурстарға шектеулер қоюының нәтижесі болып табылады.