Смекни!
smekni.com

Лизинг 20 (стр. 7 из 8)

2. ҚР-да лизингтік қатынастарды құру қағидаларын толық қалыптастыруға жауап беретін құқықтық реттеу тетіктерін жасау және оларды нақты қолданысқа енгізу керек . Бұл жерде ең алдымен , « қаржылық лизинг » түсінігінен белгілі бір ерекшеліктері бар « оперативті лизинг » деп аталатын жаңа тетікті қолдануға өту үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастыру керектігі айта кеткен жөн. Себебі , шетелдік тәжірибе көрсетіп оырғандай кейбір объектілерді әсіресе , құрылысты жүргізуге қажетті құрылғыларды оперативті лизинг негізінде пайдалану қаржылық лизинг қарағанда неғұрлым тиімді болып келеді.Сондықтан да қазіргі кезде лизингтік қатынастарды оперативті лизинг арқылы дамытуға көп көңіл бөліну керек.Осы мақсат үшін оперативті лизинг тетіктерін пайдалану қағидалары мен тәртіптерін түсіндіретін және реттейтін заңнамалық актілер қабылдау қажет.

3. Соңғы кездері еліміздегі лизингтік нарықтағы өзекті мәселелердің бірі бұрын пайдаланылуда болған мүліктерді лизингке беру тәжірибесін дамыту болып отыр.Жалпы бұл норма «қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңында қарастырылғанына қарамастан,қазіргі кезде бұл нарық жұмыс істемей отыр.Содықтан да,бүгінгі күні мемлекет тарапынан осы сектордың жұмысын ынталандыру және белсендіру үшін қосымша жеңілдік шарттар құру қажет.Себебі,елімізде қайталама лизингтік нарықтың дамуы,менің ойымша өтімділігі неғұрлым жоғары лизинг объектілерінің көптеген түрлерінің пайда болуына әсерін тигізді.

4. Лизингке беруші субъектілердің қызметтеріне бақылау жасауды күшейту мақсатында,олардың қызметтерін лицензиялау тәртібін қолдану қажет.Ол үшін «Қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңының 10-бабына өзгертулер енгізу қажет.Бұл лизингтік қызметтер нарығын нақты жұмыс істемейтін лизингтік компаниялардан «тазартуға»мүмкіндіктер береді.Сонымен ,менің ойымша мемлекет тарапынан лизингті қатынастарды басқару жүйесін реттейтін заңнамалық негіздерге осындай тұзетулер мен толықтаулар енгізуеліміздегі лизингтік қызметтер нарығының дамуына қолайлы әсер етеді. Лизингке беруші субъектілердің қызметтерінің ерекше қарастыра отырып , олардың ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі жүйесінде экономиканың нақты және қызмет көрсетуші секторларының құрылымынан тұрақты аралық звено болып табылатынын атап өткен жөн. Елдегі лизингтік қызметтер нарығы экономиканың қаржылық нақты секторларының белгілі бір элементтерінен қалыптасатыны белгілі.

Сурет-4 Лизингтік қызметтерді ұсынушы субъектілердің нарығын қалыптастыру.

4-суреттен көріп отырғанымыздай , лизингке беруші тұлғалар өз қызметтеріне әсер ететін барлық субъектілердің қызметтеріндегі ерекшеліктерді толық ескере отырып , өз бизнестерін құру қажет. Менің ойымша , лизингке берушілер тұрғысынан лизингтік қатынастарды тиімді етіп басқаруды қамтамасыз ету үшін келесідей тетіктерді жетілдіруге көңіл бөлу керек:

· Лизинг объектілерін таңдау лизингтік қатынастарды іске асыру кезіндегі болашақтағы қаржылық ағымдарды қалыптастыруды және лизингке алушылардың мүдделерін ескеру негізінде іске асырылуы қажет. Лизингке беруші ең алдымен , лизинг объектісін жеткізушімен келісімдер жасау арқылы , лизингке алушымен қатынастарын реттеуі керек.

· Лизингтік қатынастар сызбасы лизинг объектілерінің бағасын және лизингтік келісімдерді бекіту кезіндегі пайда болатын тәуелділіктерді төмендетуге әсер ететін субъектілердің санын ескере отырып қалыптасуы қажет.

Лизингтік қатынастарды іске асыру нәтижесін ең соңғы тұтынушы лизингке алушы болып табылады. Олар лизингтік қатынастарды тиімді түрде басқаруға қатыса отырып , қосымша экономикалық тиімділіктерді алуды көздейді. Бүгінгі күні ҚР-да лизингтік қатынастарды іске асыру кезінде лизингке алушылар белсенділіктері өте төмен тұлғалар ретінде , яғни лизингке беруші субъектілердің ұсынған қызметтерін тек « тұтынушылар » ретінде ғана көрінеді. Менің ойымша лизингтік қатынастарды басқаруға қатысу кезінде лизингке алушылардың іс-әрекеттері келесідей тетіктерге бағытталуы қажет:

· Өз иелігіне пайдалануға алынатын мүлік құнының оптималды мөлшерін қамтамасыз ету үшін лизингтік қатынастарды құруға белсенді түрде қатысу;

· Лизинг алушылар өз өндірістерінің мүмкіндіктеріне сәйкес , өздерінің есептік саясаттарын дұрыс жасау арқылы лизинг объектісін пайдалану есебінен өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің негізделінген бағасын қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндіктер ала алады.

3.2 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру

Сонымен , лизингтік қатынастарды басқару деңгейлерін кешенді түрде пайдалану лизингтік қатынастарды бекіту кезіндегі тәуекелділіктерді төмендетуге мүмкіндіктер береді. Лизингтік қатынастардағы тәуекелділікті басқару үдерісі бір-бірімен байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады. Оны арнайы құрастырылған блок-сызба түрінде көрсетіп кетейін.

Сурет-5. Лизингтік қатынастардағы тәуекелділіктерді басқарудың блок-сызбасы.

Курстық жұмыста ұсынылған тәуекелділік түрлерін жіктеудің бір ерекшелігі лизингтік қатынастардың лизингтік келісімге қатысушы субъектілер арасындағы серіктестік қатынастар ретіндегі экономикалық мәнін ашуға мүмкіндіктер беретін серіктестік тәуекелділігімен толықтырудың енгізілуі болып табылады. Лизингтік қатынастар кезінде пайда болатын тәуекелділіктерді басқару үшін менің ойымша , лизингтік келісімге қатысушы әрбір субъектілердің ұйымдастырушылық құрылымында тек тәуекелділіктерді басқару мәселелерімен айналысатын арнайы бөлім құрылуы керек. Сонымен , лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескере отырып , лизингтік қатынасты басқару жүйесін қалыптастыру кезінде келесідей факторлар ескерілуі керек:

· Бір лизингтік келісімге қатысушы тұлғалар санының неғұрлымкөп болуы ,( лизингтік компания , лизингке алушы , жеткізуші , сақтандыру компаниясы , кредитор және лизингтік келісімге т.б. жанама қатысушылар);

· Лизингтік операцияны іске асыру мерзімінің ұзақтылығы ( 3 жылдан жоғары );

· Лизингтік қатынастардың сипатының көп болуы.

Осы айтылғандарға сүйене отырып , лизингтік қатынастарды іске асыру кезінде тәуекелділіктерді басқару лизингтік келісімге қатысушы әрбір тұлғаның негізгі қызметі болып табылуы керек.

Еліміздегі лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдірудің бір жолы ретінде лизингтік компаниялардың өосымша қызметтерін дамыту стратегиясы ұсынылған. Осы стратегияға сәйкес лизингтік келісімді бекіту лизингтік компаниядан басталу керектігі ұсынылған. Ол үшін лизингтік компания инвестициялық жобаларды таңдау және бағалау үдерістеріне неғұрлым белсенді түрде қатысуы қажет деп ойлаймын. Яғни , олар лизингке алушылардың тәуекелділіктерінін біраз бөлігін өздеріне алуы немесе мүмкіндіктері болған жағдайларда басқаларға беруі қажет. Осындай қосымша қызметтерді лизингтік компаниялардың өзіне алуы лизингке алушылар тұрғысынан лизингтік қызметтерге деген сұранысты жоғарылату арқылы орны жабылады. Бұл стратегия белгілі – бір түрдегі лизингке алушыларды қаржыландырудың базалық үлгісі болып табылады.

Қорытынды

Әлемдік нарықта өздерінің техникалық және құндық параметрлері бойынша ұқсас машиналар мен құрылғылар түрлерінің номенклатурасының көбеюі. Осының әсерінен өз тауарларын өндіру үшін неғүрлым жақсы келетін , тиімді құрылғыларды таңдау мәселелері күшейе түсті және сонымен бірге , құрылғыларды уақытша пайдалану қажеттіліктері арта бастады.

Лизингтік қатынастардың пайда болып дамуына әсер еткен маңызды факторлардың бірі қаржы нарығындағы капиталдардың жеткіліксіздігі. Бұл жағдай орта және кіші кәсіпкерлікпен айналысатын фирмалардың қаржылық жағдайында неғұрлым кері әсер етеді . Сонымен қатар , мемлекеттердің өзіндік өндірістік инфрақұрылымы жеткілікті деңгейде дамымаған жағдайларда , тапшылық әсерінен бағалардың тез қарқынмен өсу және валюталық дағдарыстар кезінде өзіндік қаражаттар есебінен құрылғыларды сатып алу мәселелері тереңдейді .