5.Қаржы нарығының құрылымын сызып көрсетіңіз
Тақырып 3 . Капитал нарығы
Ұй тапсырмасы:
1. Жазбаша жауап беріңіз
Капитал нарығының қажеттілігі неде?
Капитал нарығының ақша нарығынан айырмашылығы қандай?
2.Тест сұрақтарына жауап беріңіз
1.Акция келесі түрлерге бөлінеді:
А) проценттік
В) артықшылығы бар
С) ұтысты
Д) купонды
Е) дұрыс жауабы жоқ
1. Облигация түрлерін көрсет:
А) қысқа мерзімді
В) регрестік
С) проценттік ұтыс
Д) А және В
Е) В және С
2. Листинг қандай мағынада білдіріледі:
А) құнды қағаздарды сатудан босату
В) құнды қағаздардың саудаға жіберілуі
С) сауда агенттігінің арасында құнды қағазды тарату
Д) жаңа құнды қағаздардың шығарылуы
Е) нарықты коньюктураны қалыптастыру.
3. Портфельді инвестиция дегеніміз:
А) басқа елдің экономикасына салынған қор
В) құнды қағаздар салу
С) қаражаттарды жылжымайтын мүлікке салу
Д) капиталды құрылысқа ақша қаражатын салу
Е) алтын нарығындағы операциялар
4. Банк сертификаттарын кім шығарды:
А) акционерлік қоғам
В) кәсіпорын
С) қаржы министрі
Д) банкттер
Е) бар жауабы дұрыс
5. Құнды қағаз эмиссиясының іске асуы:
А) акционерлік қоғамдарды жекешелендіру және оның қатысушыларының арасында акцияларды тарату
В) бастапқы жарғылық капиталдық көлемі ұлғайғанда
С) заңды тұлғалар мен жергілікті басқару ұйымына мемлекеттік қарыздың өсуі
Д) барлық жауабы дұрыс
Е) А және С.
6. Құнды қағаздар топтары қалай аталады:
А) негізгі және туынды;
В) негізгі;
С) туынды;
Д) жалпы
Е) А, Д.
7. Туынды топқа жататын құнды қағаздар:
А) опцион, фьючерс
В) акия, опцион;
С) опцион , весель
Д) фьючерс, весель
Е) фьючерс, акция
3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз
1.Қазынашылық вексель капитал нарығының қаржы құралы
2. Банктік депозиттік сертификат капитал нарығының қаржы құралы
3. Банктік акцептер капитал нарығының қаржы құралы
4. Ұұзақ мерзімді құнды қағаздары капитал нарығының қаржы құралы
5. Мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары;
6. Банктердің коммерциялық несиелері;
7.Ұзақ мерзімдік тұрғын үй несиелері;
8. Тұтынушылық займдар;
9.Ұзақ мерзімдік несиелер және тұтыну несиелері.1
10 Вексельдің сыртқы бетіндегі табыстау жазбасы ол-аваль
4.Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 | Эмбарго Цедент Хедж Франшиза Франчайзинг Секвестр Валюта бағамы Аннуитет Рентинг Экспансия | А) Бағалық ықтимал құлдырауынан сақтандыру үшін жасалған мерзімдік мәміле. Б) Басқа елдермен фирмаларды ығыстыру, рыноктарды басып алу. В) Технологияны , лицензияны, ноу хауды иемденетін ірі фирманың өзінің серіктесіне көмек көрсету және ақыл кеңес беру жөніндегі қызметі. Г) Даулы мүлікті дау шешілгенше үшінші тарапқа уақытша табыстау. Жекелеген баптардың немесе бүкіл бюджеттің атқарылуын шектеу. Д) Дүркін дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента, немесе табыс). Сақтандыру ісінде рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдерді шамасын көрсетеді. Е) Мемлекеттік биліктің валютаны, алтынды, тауарларды, бағалы қағаздарды елге әкелуге немесе елден әкетуге тыйым салуы. Ж) Машиналар мен жабдықтарды қысқа мерзімге жалға алуы. З) Бір елдің ақша өлшемінің екінші бір елдің ақша өлшеміне сәйкестірген жағдай. И) Өзінің талап ету құқығын басқа адамға беруші несиегер. К) Сақтандыру шартының сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалдарды төлеуге босатуды көздейтін талабы. |
5. Капитал нарығының құрылымын сызып көрсетіңіз
Тақырып 4. Ақша нарығы нарығы
Ұй тапсырмасы:
1. Жазбаша жауап беріңіз
Ақша нарығының қажеттілігі неде?
Ақша нарығының қаржылық құралдары қандай?
2.Тест сұрақтарына жауап беріңіз
1. Банк қозғалмайтын мүлікті кепілдікке алып, несиеге берілетін ақшалы қаражат:
А) тұтыну несиесі
Ә) ипотекалық несие
Б) банктік несие
В) коммерциялық несие
2. Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың қанша түрі бар?
А) 3
Ә) 1
Б) 4
В) 2
3. Ақша нарығы – бұл:
А) ұлттық несие және депозит нарығының жиынтығы, мұнда орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды.
Ә) қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді зайымның түрін білдіреді.
Б) қаржылық мекемелер мен әртүрлі субьектілерге берілетін ақшалай түрдегі несие болып табылады.
В) шетел валюталары, бұл валюталармен коммерциялық банк осы валюталарды шығарған елдерден тыс жерлерге қолма-қол ақшасыз депозиттік несие операцияларын жүзеге асырады.
4. 12 айға дейінгі мерзімге берілетін несие түрі:
А) ұзақ мерзімді несие
Ә) орта мерзімді несие
Б) қысқа мерзімді несие
В) дұрыс жауабы жоқ
5. Ақша нарығының инструментіне жатпайтынын көрсетіңіз.
А) мемлекеттік облигация
Ә) ұлттық валюта
Б) коммерциялық қағаздар
В) вексель
3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз
1. Ақша нарығының басты экономикалық функциясы – ақшаны эмиссиялау ма?
2. Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады ма?
3Несие өтеу қабілеті – кәсіпорынның борышты міндеттерін толығымен және уақытында есепке алу қабілеті.
4Капитал нарығын қаржы нарығына жатқыза аламыз ба?
5Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дайінгі мерзім аралығын құрайды.
4.Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 | Форфетирлеу Тантьема Сконто шегерімі Спот Фьючерстік келісім шарт Форвард Қаржы Фьючерсі Своп Трейдер Опцион | А) Ақысы дереу төленетін нақты тауар (валюта , бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле. Б) Келешектегі тауар жеткізілімі туралы келісім, мұнда тауардың сапасы, талаптары, төлем талаптары, жағдайлары қарастырылады. Келісім шарт сауда тақырыбы болып табылады. В) Шұғыл (жылдам) жеткізілім шартымен( спот мәмілесі) қайсы бір активті сатып алу( сату) жөніндегі мәміле , бұл орайда сонымен бірге белгілі бір мерзімге кері мәміле жасалады. Г) Акционерлік қоғамдардың , банктердің сақтандыру компанияларының басшылары үшін пайдадан төленетін пайыз түрінде белгілейтін қосымша сыйақы. Д) Коммерциялық вексельдерді, сыртқы сауда мәмілелері бойынша басқа да борышқорлық талаптарды сату үшін айналымсыз сату арқылы экспотты несиелендіру. Е) Келешекте қайсы бір активтерді тіркелген бағасы бойынша сатып алуға немесе сатуға таңдау құқығы. Сатушы немесе сатып алушы өз құқығын актив құнының өзгеруіне байланысты шешеді. Ж) Нақты тауар (валюта, бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді. Осы уақыт ішінде тауардың бағасы өзгеруі мүмкін болғандықтан, форвард мәмілесінің бағасы спот мәмілесі бағасының серпініне қарай белгіленеді. З) Қолма-қол ақшалай төлегені үшін немесе төлемдерді мерзімінен бұрын төлегені үшін берілетін баға шегерімі. Құнның 3-5 пайызын құрайды. И) Делдалдық фирманың бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөніндегі тапсырыстарды тікелей орындайтын қызметкері. К) Шын мәнінде кредитті сату болып табылатын биржалық келісімдері. Келісім шартта алу-сату сипаттамасы қатаң тірелген. Сатып алушы фьючерсті кейіннен қайта сату құқын алады. |