Смекни!
smekni.com

аржы нары ы ж не делдалдар (стр. 22 из 34)

- айқын жағрапиялық шоғырландырылған саларда: (қара металлургия) санамағанда клиенттер, жалпы, мемлекет аймағында шашылып жатады және өндірушілер тарапынан тікелей тауар өткізудің шығындары мұндай өткізуге мұрша бермейді;

- өндірістік тауарларды стандарттауға, олардың көбін қарапайымдылауға беталыс күшейіп келеді. Ал мұндай жағдайда алушыны баға, жеткізудің шапшаңдығы және жеңілдігі, жөндеу мүмкіндігі өте қызықтырады; кейбір тапсырыстардың даралық сипаты және азғантай көлемі, егер оларды делдалдарсыз орындау көзделсе, өндірушіге керемет қымбатқа түскен болар еді;

- өнеркәсіптік сатып алушы көбіне – көп ілеспе қызметтер тілейді, кей уақыттарда өнеркәсіпте оларды тура саудалық делдалға ұсыну жеңіл болады.

Өнеркәсіп жағдайларда делдалдар қандай пробемелерына кезігіп отыр?

Көптеген тұтынушылар өздерінің өндірісіне және жөндеуге қажет мыңдаған бөлшектерді, құралдарды т.с.с. өз бетінше табуға және қоймаға жеткізуге әлсіз. Өндірістік бірлестіктер саны шашырынды рынок және әр сипатты рынок құрады, себебі машина жасау, металл өңдеу, химимя салаларында бір түрлілік болмақ емес. Өнеркәсіптегі жабдықтардың күрделі мәселе екеніне сену үшін жүздеген мың, жазбалардағы тауарларға немесе осы тауарлардың өнеркәсіптік тұтынушыларына көз жүгіртсек болғаны. Өнеркәсіпке арналған тауарлардың номенкулатурасын айтарлықтай кеңірек, олардың көздері аса көбірек, ал өнеркәсіптік нарықтың құрылымы, олар көпшілік тұтыну тауарлары нарығында қаншалықты өлшем салса, сонша әр түрлі және шашаырынды.

Делдалдарды қалай басқару болады?

Делдалдар еншілес кәсіпорынның қызметкерлері ме, әлде олар әбден тәуелсіз бе, басқару бұған байланыссыз. Тауар қозғалту каналы дұрыс таңдалды деп жорамалдай отырып, оларды басқарудың мақсаты:

- сауда делдалдарында ( дистрибьютор ) өз фирмасына деген шеттестік сезімін тәрбиелеу;

- олардың лайықты мараппатталуын іске асыру;

- дистрбьюторларды және оларды персоналдарын таңдау және дайындау;

- қызметтеудің стандарттарын анықтау;

- қызметтеудің қабылданған стандарттарға сәйкестігін анықтау;

- делдалдардың әрқайсысымен байланыстың тиімді жүйесен қолдау.

Делдалдардың ниеттестік сезімін тәрбиелеу қалай жүреді?

Делдал жағынан оның фирмамен байланысы уақытша деген сезім тууына жол беруге болмайды. Бұл тұста маркетші қоғамдастықпен байланыстар жасау үшін жұмыстар жүргізу принциптерін бетке ұстауы керек. Мәселен, фирманың бөлімдеріне делдалдар мен олардың отбасы адамдары келіп – кетуді оларда аталмыш фирманың мүшесіміз деген сезімді күшейте түседі. Басқа да өздерін жақсы жағынан танытқан және пайдалы әдістер:

- көзге түскендерге бәйгелер, ескерткіш металдар, құрметті белгілер және ақшалай сыйлықтар беру мақсаты – басқаруларды ынталандыру;

- жоғары әкімшілік өкілдерінің және отау компанияның басқарма мүшелерінің дистрбьюторлерімен өз елдерінде кездесулер ұйымдастыруды; ал келушілер болса, әрбір регионның мәдени ерекшеліктері туралы жақсы хабардар етуі керек.

Делдалдарға сыйақы не үшін және қандай мөлшерде беріледі?

Делдалдардың қызметіне жалақы төлеу, сыйақы оларды тиімді жұмыс істеуге ынталандыратындай етіп іске асырылуы керек. Әлдебір тауарды өткізу дәстүрге айналған елдерде әдетте сыйақы қалыптасқан және ол табиғи құбылыс ретінде қабылданады. Тауар жаңа түскен рыноктарда қиышылықтар болып тұрады. Әдетте сыйақы сомасына комиссионалдықтар, өткізуді ынталандыруға бөлістер, сыйлықтар және басқа сомаслар кіреді, бұлар деладалдардың жақсы жұмысын көтермелейді. Сыйақы мөлшерінің максимум және минимум арасында алтын кіндік табу қажет.

Делдалды және олардың штатын оқыту және дайындау. Белгілі қызметкерлер жұмысты тиімді орындайды, бұл нарықта өткізу көлемін өсіреді де молырақ пайда түсіреді. Оқытудың қолайлы бағдарламасы, мейлі оқу орталығында мейлі басқа жерде өтсін дистрибьюторларға және олардың персоналына жұмыстарының тиімділігін көтеруге көмектесумен қатар, олардың ниеттестігінің дамуына да себеп болады. Бұлдан тысқары, осындай курстар қарым – қатынас орны болады да, пікір, әдістері, практика алмасуға мүмкіндік жасайды.

Негізгі терминдер

1. Брокерлер;

2. Дилерлер;

3. Клиенттер;

4. Дистрибьютор;

5. Фирма;

6. Сыйақы;

7. Ынталандыру;

8. Делдалдар;

9. Инвестиция.

Бақылау сұрақтары

1. Қаржы нарығындағы делдалдардың қызметі қандай?

2. Делдалдар қанша түрге бөлінеді?

3. Делдал – дистербьюторлардың қажетілігіне не туады?

4. Өнеркәсіп жағдайларда делдалдар қандай пробемелерына кезігіп отыр?

5. Делдалдарды қалай басқару болады?

6. Делдалдардың ниеттестік сезімін тәрбиелеу қалай жүреді?

7. Делдалдарға сыйақы не үшін және қандай мөлшерде беріледі?

Қолданылған әдебиеттер

5. «Макроэкономика» Мамыров Н.Қ.

6. «Ақша айналысы және несие» Мақыш Серік Биханулы, Алматы 2004 ж.

7. Ілиасов Қ.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”, Оқулық – Алматы, 2003 ж.

8. Қабдиев Д.К. “Экономикалық саясат”, экономика, Алматы, 2002 ж.

5. Куликов Л.М. “Основа экономических знаний” М 1998 г.

Тақырып 13 Өзін-өзі реттеуші ұйымдар

1 Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеу

2 Өзін-өзі реттеу ұйымдарының мәртебесі

3 Коммерциялық банктердің, қорлардың брокер-дилердің, ассоциациялары

Бағалы қағаздармен сауданы қор биржасы, биржадан тыс рыноктің баға кесу ұйымы, заңдарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады. Бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастырушылар қызметін уәкілетті орган лицензиялауға тиіс.

Қор биржасы – бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құратын жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады.

Қор биржасы қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған үй-жай болып табылатын арнайы жабдықталған сауда алаңын береді және қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастырады, қаржы құралдарына баға кесуді жүзеге асырады, мүшелеріне ұйымдық, ақпараттық, консультациялық қызметтер көрсетеді және заңнамада көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Биржада орны бар және қаржы құралдарымен саудаға қатысатын бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасының кемінде он мүшесі болуы тиіс.

Қор биржасы өзінің бағалы қағаздар рыногіндегі қызметінде мемлекеттік органдарға тәуелді емес. Қор биржасының жұмыс істеуі айырықша болып келеді және кез келген қызмет түрлерін жүзеге асырумен сыйыспайды, оның тауар биржаларының функцияларын орындауға құқығы жоқ. Қор биржасының жұмыс істеуіне белгіленген тәртіппен лицензияны уәкілетті орган береді.

Қор биржасысының кірістері негізінен биржалық саудаға қатысушылар төлейтін жарналар мен алымдардан, биржаның акцияларын сатудан түскен қаражаттан, оның ақпараттық, консультациялық және өзге де қызмет көрсетуінен алынған қаражаттарынан құрылады. Олар биржаның өзінің функцияларын жүзеге асыруымен, оның қызметінің кеңеюімен және жетілдіруімен байланысты шығыстарын жабуға бағытталады.

Бағалы қағаздарға баға кесу және биржадан тыс рынокте бағалы қағаздармен сауда жасауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті құрылтайшысы өзін-өзі реттейтін ұйым болып табылатын бағалы қағаздар рыногінің кәсіби қатысушыларының қауымдастығы емес ұйым жүзеге асырады.

“Бағалы қағаздар рыногінің инфрақұрылымы” ұғымы қолданылады, ол осы рынокті құқықтық қамтамасыз етеді (заңнама, мемлекеттік органдардың нормативтік актілері және т.т.), ақпаратты, депозитарлық және есептік-крилингтік желіні, тіркеуші органдарды қамтиды.

Жоғары ұйымдастырылғанқаржы рыногінің дамыуына бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылырының-ассоциациялар мен бірлестіктердің ұйымдары мүмкіндік туғызады. Қаржы рыногінің жұмыс істеуі мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол бағалы қағаздар рыногінің субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілер шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылар және олардың өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметін лицензиялау және олардың қызметіне бақылау жасау және т.с.с. жолымен жүзеге асырылады. Қазақстанда мұндай функцияларды жүзеге асырушы орган Ұлттық банктің құрамындағы бағалы қағаздар жөніндегі департамент болып табылады. Ол элименттер қызметіне талаптар мен стандарттарды белгілейді, эмиссиялардың проспектілерін және бағалы қағаздар шығару туралы шешімдерін тіркейді, эмиссиялар бойынша барлық шарттар мен міндеттемелерді эмитенттердің сақтауына бақылауды жүзеге асырады, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының қызметін лицензиялайды, бұл рыноктегі әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістік құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногіне тигізетін жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар рыногінде жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті. Стратегиялық тұрғыдан келгенде экономиканы сақтандыру, қазір жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жандандыру және жаңаларын құру үшін қажетті алғышарттар жасау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі табысты шаралар ғана Үкіметтің қаржы рыногінің өтімділігінің төмендегі проблемасын толық шешуіне мүмкіндік береді.