Смекни!
smekni.com

аржы нары ы ж не делдалдар (стр. 20 из 34)

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрлері қандай?

Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарқы" заңында бұл саладағы кәсіби қызмет түрлері атап көрсетілген. Республикамыздың қаржыгерлері мен менджерлері сол қызмет түрлері мен олардың міндеттерін жете білуге тиіс.

Ол қызметтер – брокерлер, дилерлік, депозитарлық, кастандиандық және :

- құнды қағаздар портфелін басқару;

- құнды қағаздармен операциялар бойынша өзара талаптар мен міндеттемелерді айқындау;

- құнды қағаздар ұстаушыларының тізімін жүргізу;

- өкілетті органның белгілеуі бойынша кәсіби қызметін басқа да түрлері;

Аталмыш Заңда құнды қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу негіздері талап көрсетілген.

Олар – ең алдымен құнды қағаздардың мемлекеттік тіркеуден өткізілетіндігі:

- құнды қағаздар субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік актілер шығару;

- эмиссиялық құнды қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

- құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылар қызметін лицензиялау;

- биржадан тыс нарық айналысындағы құнды қағаздардың бағасын белгілеуді және оның саудасын технологиялық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын қор биржалары мен ұйымдардың қызметін лицензиялау;

- құнды қағаздар нарқында инвесторлардың құқықытарын эмитенттер мен құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылардың сақтауына бақылау жасау;

- құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылар қызметіне бақылау жасау және құнды қағаздар нарқын реттейтін заңдарды бұзғаны үшін тиісті санкцияларды қолдау;

- құнды қағаздар нарқында заңдарды бұзатын адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту жөніндегі шараларды қодау;

- құнды қағаздар нарқына қатысушылардың кәсіптік және білім деңгейін арттыру жөніндегі жүйелерді ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады деп, басты-басты міндеттер көрсетілген;

Құнды қағаздар нарқы саласында басты қызметпен шұғылданушы мамандар қатарында :

Брокер –комиссияның немесе тапсырыс негізінде клиенттің тапсырмасы бойынша , соның есебінен құнды қағаздарды сату-сатып алу ісімен шұғылданатын қаржылық делдал.Олар атқаратын қызметіне қарай тіркелген, тәуелсіз, сауда залында атқарушы , несиемен айналысатын брокерлер деп аталады.

Дилер – құнды қағаздар нарқына қатысушы, өз есебінен және тапсырма бойынша құнды қағаздарды сатушылар.

Сонымен, құнды қағаздар түрлері өзінің түрліше әрекетімен қаржы қорын молайту, оны әр салада ұтымды пайдалануға елеулі үлес қосатын құралдар.

Қазіргі кезеңде техникалық өркениеттің дамыған жағдайында қағаздар нарқа тиімділігін арттыру, ол істі мейлінше жүйелі жүргізу мақсатымен нақ заманы компьютерлер мен телекоммуникация желілерін қолдану өте-мөте жақсы. Мұның өзі осы құнды қағаздар рыногына байланысты ақпаратты қолма-қол алып, нарық жағдайындағы өзгермелі әрекетін анықтап, іске тезірек өріс беретін ілкемді шаралар белгілеуге көмектеседі. Компьютерлердің көмегімен биржалық, биржадан тыс құнды қағаздар нарқы ауданындағы істі білуге, сауда қызметінің деңгейі мен ерекшілігін анықтауға, құнды қағаздар түрлері, бағалар, басқа да шешуші бағдарламаларды біліп, нарықты тиімді ұйымдастыруға негіз қолайлы.

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Заңында құнды қағаздардың бір түрі – вексельді пайдаланудың тәртібі талдап көрсетілген. Вексельдің түрлері, индоссамент, аваль туралы заңдық тұрғыдағы міндеттер нақты баяндалған. Осыған байланысты аталған құнды қағазға сәйкес ерекшелікті атаған жөн. Айталық, аударым векселі және жай вексельдің жасалуы мен нысаны дәлме-дәл көрсетілген. Бұл заңда аударым векселінде қандай белгілер болатыны түсіндірілген. Мысалы мынадай талаптар белгіленген:

- құжат мәтінінің өзіне енгізілген және осы құжат жасалған тілде айтылған вексель атауы.

- белгілі бір ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бұйрық;

- төлем төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы;

- төлем мерзімін көрсету;

- төлем жасалуға тиіс орынды көрсеті;

- кімге немесе кімнің бұйырығымен төлем төленуге тиіс тұлғаның атауы;

- вексель шығарыатыны уақыты, оны қай ұйымда шығарылатынын көрсету;

- вексель беретін тұлғаның (вексель берушінің) қолы болуға тиіа.

Ал жай вексель мыналардан тұрады:

- мәтіннің мазмұнына енгізілген және сол құжат жасалған тілдегі вексель атауы;

- белгілі бір ақша сомасын төлеуге қатысты мәселелер мен шарттастырылған уәде;

- төлем мерзімінің көрсетілуі;

- төлемді жүргізген орынның көрсетіуі;

- кімге немесе кімнің бұйрығымен төлемнің орындауға тиіс тұлғаның атауы;

- вексельдің шығарылған күні мен орнын көрсету;

- құжатты берушінің (вексель берушінің) қойған қолы болады.

Заңда Республикада вексель айналысының тәртібі айтылған. Мысалы, Қазақстанда вексель айналысы жай және аударым коммерциялдық вексельдерін шығаруды, ол бойынша тап ету құқығын беруді, оған байланысты вексель міндеттемелері мен операцияларын орындауды, есеп-қисап кеңселерінде вексельдермен операциялар жүргізуді қамтиды. Вексельдік міндеттеме –вексель берушінің тиісті дәрежеде рәсімделген вексельді заңды түрде берген мерзімнен бастап пайда болады. Сол сияқты Республикада заңды және жеке тұлғалар өзара есеп айырысуларды жай және аударым вексельдерін пайдалануға құқылы.

Ал индоссамент деген не ? Ол вексельдің сыртқы бетіндегі табыстау жазбасы, бұл жазба осы вексельді иелену құқығының басқа тұлғаға берілгенін куәландыратын ұғымды білдіреді.

Егер индоссамент бланктік индоссамент болса, онда вексельге иелік етуші:

- өз кезегінде вексельді бланк арқылы немесе қандай да басқа бір тұлғаның атына индоссациялай алады.

Вексельді бланк толтырмастан және индоссамент жасамастан үшінші тұлғаға бере алады.

Менеджерлер вексельге байланысты аваль деген терминнің мәнін білгені жөн. Аваль дегеніміз вексель кепілдігі. Аваль беруші тұлға вексель жөніндегі міндеттемені басқа тұлғалардың осы аталған міндеттемелерді орындауы үшін жауапты болады. Сондықтан Заңда авальдің кімнің есебінен беріліп отырғанын көрсету ескертілген. Ал вксель төлеміне берілетін жазбаша келісімді акцепт арқылы аударым векселін мерзімінде төлеуге өзіне тиісінше міндеттеме қабылдай алады. Акцепті пайдалануға байланысты ережелерді Заңдағы талаптарға сәйкес жүйелеп алып, сол бойынша іс-қимыл жасау ерекшілігін акцепке қатысты қызмет атқаратын мамандар жете білуге, осы негізде іс жүргізуге тиіс.

Соңғы жылдары Қазақстанда құнды қағаздар шығару ісі қолға алынды. Бұл мәселемен көбінесе жекешелендірілген кәсіпорындар айрықша шұғылданып отыр. Мысалы, 1997 жылдың тек бес айы ішінде ғана Қазақстанда жалпы сомасы 22 миллиард сома мөлшерінде құнды қағаздар шығарылды. Негізінен олар – акциялар , облигациялар. Тәуелсіздік алған Қазақстан өзінің нарықтық өркендетуге, ең алдымен, қаржы фукнцияларының ықпалын нығайтуға күш салды. Сөйтіп , Республика дағдарысқа тап болған экономикаға жаңа бағыт-бағдар берді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан үкіметі шетелдерден инвестициялдар тартты. Шетелдік инвесторлардың қаржысын тарту есебінен бір қатар өндіріс ошақтарын ортақтаса пайдалануды ұйыдастырды. Әрине, бұл шараларды іске асыру оп-оңай болған жоқ. Үкіметтің табанды іскерлік- қимылы арқасында республика экономикасы ілгері басып отыр.

Әдетте, қолдағы қаржы қорын молайтудың жолдары сан алуан. Ақшаны тікелей өндірісте пайдалану, тауарлар шығаруды еселеп молайтып, оны сату есебінен қою жинақтау сияқты ұтымды әдістер дамыды, керісінше жетілдіріп отырылды.

Қаржы нарқын құрып, оны дамытуға да айрықша көңіл бөлінді. Бұл салада құнды қағаздар шығару аса тиімді болды. Ол үшін үкіметтің "Құнды қағаздар туралы" арнай заңының маңызы зор. Құнды қағаздар мен жұмыс істейтін қор биржасы құрылды. Осы заңға сәйкес қор биржасының фукнциялары белгіленді. Ол мынадай бағытта: