Смекни!
smekni.com

аржы нары ы ж не делдалдар (стр. 19 из 34)

Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорлары мемлекеттік жинақтау қорларына қарағанда инвестициялық табыстан жоғары процент мөлшерінде табыс беріп отыр.

Мемлекеттік емес зейнетақы қорларында зейнетақы жинағының сақталуы Үкіметпен қабылданған бірқатар шаралар арқылы қамтамасыз етіледі.

Ең маңызды сақтау деңгейі зейнетақы активтерін бөлек заңды тұлға – зейнетақы активтерін басқару компанияларының инвестициялауды жүзеге асыруын айтуға болады. Одан басқа, барлық инвестициялау операциялары арнайы лицензиясы бар кастодиан-банктер арқылы өтеді.

Ал өз кезінде кастодиан – банктер және зейнетақы активтерін басқару компанияларының қызметін бақылауға жүзеге асыратындар. Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің жинақтау зейнетақы қорларының қызметін реттеу комитеті. Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі зейнетақы төлемдерінің ең жоғарғы деңгейде сақталуын қаматамасыз етеді.

Бірақ, сонымен қатар жинақтау зейнетақы жүйесінде проблемалар да жоқ емес.

Бірінші проблема - халықтың қорларға сенімінің бірден қалыптасуы. 2000 жылдан бастап қана жинақтау зейнетақы жүйесінің қатысушылары көбейе бастады. 2000 жылдың 1 шілдесінде салушылардың саны 3359 мыңға дейңн жетті. Бұл көрсеткіш 1999 жылмен салыстырғанда 12,2%–ке көп. Ерікті зейнетақы жарналарын салушылардың да санының өсуі байқалады: 10 мың жеке тұлға және 43 заңды тұлға.

Жалпы зейнетақы жарналарының сомасы 77,7 млрд теңге болды, соның ішінде 2000 жылдың 1- жартысында 21,1 млрд теңге салынды.

Қазақстанның 2030 жылға даму стратегиясына сәйкес жинақтау зейнетақы жүйесі зейнетақы активтерінің айналымын артттыру, халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес зейнетақы қорларымен қолданылатын мадақтау және зейнетақы қорларына жоғары сапалы шетел қаржы активтеріне инвестициялауды еркіне беру арқылы нығайтылады.

Зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару компанияларының қызметін дамыту үшін ішкі нарықта оларға зейнетақы активтерін инвестициялайтын қаржы инструменттерінің тізімін ұлғайтуға қажет.

Жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін зерттеу оның ерекшеліктері мен маңызды белгілерін айқындауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда жинақтау зейнетақы қорларының қаржы нарығының жеткіліксіз дамуы, инвестициялаудың жоғары деңгейдегі тәуеклділігі және заңдылық базасының жетілмегендігінен инвестициялық қызметінің мүмкіншілігі шектелген.

Жалпы жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі инфляция жағдайында салушылардың қаражатын сақтауға бағытталған. Осыған байланысты инвестициялау инструметтерін таңдау олардың сенімділігіне байланысты жүргізіледі. Қаражатты сақтау мақсатында төмен тәуекелді, өзі табысты инструменттерге салуға ұмтылады.

Жәнеде, зейнетақы қорлдарының инвестициялық мүмкіншілігінің дамуына әсер ететін тағы бір жағдай - қаржы нарығындағы мемлекеттің тұрақсыз саясатына бағынуы. Мұндай жағдайда инвестицияның қандай инструменттеріне немесе мерзіміне қарамастан тәуекелділігі жоғарылайды.

Қазіргі кезде мұндай жағдайдан шығу үшін портфель құрылымын тез өзгерту қажет. Бірақ, бұл қазір қиынға түседі – зейнетақы қорларының активтері өз бетімен таратылмайды, ол активтерді басқару компанияларына қаражат жіберу арқылы жүзеге асырылады және компания инвесторларды инвестициялау процесіне қатыстырмауына да болады. Портфельдік инвестициялауды дамыту қазір орынды және инвестициялық саясатты басқару компаниясымен бірлесіп істеу нысанын және оның қызметін бақылау мерзімімен қайта –қайта қарастырылуы қажет.

Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып , мемлекет тарапынан зейнетақы қорларының қаражатын ел зкономикасы үшін өте маңызды инвестициялық бағдарламаларға орналастырған орынды болар еді. Зейнетақымен қаматамасыз ету жүйесінің қызметін реттейтін нормативтік құжаттардың зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің дамуына ешқандай жағдай жасамағанын көрсетеді. Мұндай жүйенің артықшылығы ретінде инвестициялық қызметке салық салудан жеңілдік беру немесе инвестициялық тәуекелділіктен сақтандыруды қарастыруға болады.

Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының сенімділігін көрсететін негізгі және шындыққа негізделген тәсілдердің арасынан, қазіргі кезде әлеутеттік – экономикалық жағдайға байланысты мына факторларды бөліп көрсетуге болады:

- әртүрлі жағдайлардан салушылардың қаражаттарын сақтандыру

- мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының жылжымайтын мүлік және зейнетақы төлемдерін сақтандыру

- өзіндік резервтік өорларды құрып, оларды жарғылық қормен байланыстыру

Тақырып 10 Инвестициялық компаниялар және қорлар

1 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың қүрылуы мен қызметі

2 Инвестициялық процестегі компаниялар мен қорлардың ролі

3 Түрақты және өзгермелі бағалы қағаздар портфелі

Инвестициялық компаниялар мен қорлардың қызметтері қандай?

Инвестициялдық компания - өз қолына шағын салымдарды шоғырландырумен айналысады. Ол қаржы өндірісті дамытуға бағытталады. Сондай-ақ бұл компания құнды қағаздар шығару, оны тарату, құнды қағаздарға қаржы жұмсау, өз атынан және өз есебінен құнды қағаздарды сатады, сатып алады. Компанияның ресурстары құрылтайшылардың меншікті қаражатынан, меншігіндегі құнды қағаздар эмиссиясынан құралады.

Инвестициялдық қор инвесторлар ақша қаражатын жинақтау мақсатында акциялар шығарудың және қор атынан ол қаражатты құнды қағаздарға аударуды жүзеге асырады. Бұл қор ашық және жабық нысанда болады. Жабық тұрпаттағы қор өз акцияларын инвесторлардың белгілі тобы үшін таратады, қор жиналған капиталды көлемі жағынан ұлғайтуға не оны акциялар есебінен азайта алмайды. Ал ашық қор құнды қағаздарды қайта сатып алуға құқылы, ол акцияларды өз қалауынша шығара алады, сондықтан ашық қор ауыспалы капитал деп те аталады.

Холдингтік компания басқа бір компаниядағы акцияларды бақылауға құқылы компания. Осы құқығы арқылы холдингтік компания бірлестікке енетін кәсіпорындарды басқарады, бақылайды.

Қолдағы құнды қағаздардан кіріс түрліше тәртіппен:

- белгіленген пайыздық ретпен

- пайыздық ставканы сатылап қолдану

- құнды қағаздардың құны көрсетілген индексі бойынша

- ұтыс заемдарын тарату арқылы

- дивидендтерді пайдалану, тағы басқа да тәсілдер негізінде алынады.

Демек, құнды қағаздар иесі биржалардағы осы қағаздардың қозғалысын зерттеп, қадағалап отыруға тиіс.

Практикада, құнды қағаздармен байланысты істерде тәуекелділік жағдайы да жиі ұшырасады. Олардың қатарына тәуекелділіктің мынадай түрлерін атауға болады:

- ұдайы кездесетін тәуекел. Бұл тұтастай алғанда құнды қағаздар нарқы дағдарысына қатысты тәуекел:

- Ұдайы емес тәуекел. Ол құнды қағаздың нақтылы түрімен байланысты;

- селективтік тәуекел. Бұл портфел қорын қалыптастыру кезінде басқадай қағаздармен салыстырғанда инвестициялауға арналған бағалы қағаздарды дұрыс іріктеп алмасу салдарынан болатын тәуекел;

- уақытша тәуекел. Құнды қағаздарды сату және сатып алу мерзімін дұрыс анықтамай, шығынға ұшырататын тәуекел;

- құнсыздану әрекетінен болатын тәуекел. Бұл инвесторлардың құнды қағаздардан алатын кірісінің мейлінше құнсыздануға ұшырататын тәуекел.

- құнды қағаздардың бағаларының өзгеруі салдарынан болатын тәуекел.

Сөз жоқ, бұл тәуекелділік құнды қағаздар рыногының дамуына үлкен кедергі жасайды. Халықтың да, кәсіпорындардың да өз қаржысы қорын сақтауына зиян келтіреді. Сондықтан менеджерлер күнделікті экономикалық өріс құбылыстарын, ақша нарығының деңгейін талдап, орынсыз тәуекелділікке ұшырмауды реттеп отырады. Менеджер қызметіндегі шешуші мәселелердің бірі де осы.