Кіріспе
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Бухгалтерлік есеп дүние жүзіндегі кез-келген қызметінің мәнін айқындап бағалауға мүмкіндік береді. Қоғамның даму барысында бухгалтер 3 міндет атқарады:
1) есепті барынша ақпаратты әрі дәл жасау.
2) Оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу.
3) Шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу
Бухгалтер - деген сөз немістің бас кітап ұстаушы деген мағынадан туған. Бухгалтерлік есепті халықаралық стандартқа, оның талаптарына сай келетіндей етіп жүргізу, ұйымдастырудың және қалыптастырудың маңызы зор, әрі бұл әдіснама. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз, құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және және қаржылық есеп беру туралы заңдарымен, бухгалтерлік есеп беру стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп саясатымен реттелетін кәсіпкерлер, ұйымдардың операциялар жайлы , ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап қорыту жүйесі. Есеп қатаң түрде, әрі жазба тек арнйы рәсімделген құжат негізінде ғана жүргізіледі. Бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін,шыншылдығын артады. Субъектінің меншігі шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процессіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процесстер жатады:
1)Қамтамасыз ету - кәсіпорын алған шикі зат, материалдар, отын жатады.
2)Өндірістік – мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары оларға байланысты.
3)Өткізу – мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері, өткізу жөніндегі шығындар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясатыдеп – ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау , құндық өлшеу, ағымды топтау мен шаруашылық қызметінің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады. Бухгалтерді есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет топтау мен бағалау активтерінің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәлеметтерді өңдеу мен басқа да сәйкес амалдары кіреді. Бекітілген құжаттың қатарына мыналар кіреді:
- бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сай жүргізіледі
- бухгалтерлік есепте жұмыс жүргізуде қолданатын аналитикалық және синтетикалық жұмыстың жоспары
- актив пен пассивтің бағалау әдістері
- құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу техналогиясы
- шаруашылық операциаларды бақылау тәртібі
- бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа да шешімдер
Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы жақтардың барлығын қамтиды. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі айналысады. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты, сол кәсіпорынның қызмет арқылы барысында қолданылады.
І КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫ
1 Кәсіпорында қаржылық жұмыстың ұйымдастырудың негіздері
1.1 Корпорацияның қалыптасуы және дамуы
Қазақстанның тау кен металлургия кешеніндегі аса ірі компания – «Қазақмыс» корпорациясының рудасы, көмірі, электрэнергиясы, байытубөлінісі, мысқорыту және мырыш зауыттары, дамыған инфрақұрылымы, атап айтқанда меншікті автомобиль, теміижол және әуе көлігі, заманауи телекоммуникациялық желісі, біліңті мамандары бар.
Корпорация құрамында ашық және жабық тәсілмен атқарылатын 20 кеніш, екі қайта өңдеу кешені (байыту, металлургия, тазарту), көмір разрездері мен электр станциялары, сондай ақ Германияда мыс өнімдерін шығаратын «МКМ» кәсіпорыны жұмыс істейді.
«Қазақмыс» корпорациясының негізгі қызметі кен өндіру және оны қайта өңдеу , мысты және басқа да түсті және асыл металдарды өндіру және өткізу. Қосымша өнім ретінде корпорация көмір шығарады және электр және жылу энергиясын өндіреді.
«Қазақмыс» корпорациясының негізгі өндіріс тік кешендері Жезқазғанда, Балқашта, Қарағанды мен Өскемен маңында орналасқан
ЖТМ (Жезқазғантүстімет) катодты мыс шығарады, сондайақ минералдық шикізаттарды өндіріп, қайта өңдеумен айналысады. ЖТМ- негізгі өнімдері –катодты мыс және мыс катанкасы. Бірлестіктің құрамына ашық әдістегі кеніштер, жерасты жұмыстарының кеніштері Жезқазған мен Сәтбаев байыту фабрикалары, сондайақ Жезқазғандағы мыс қорыту зауыты кіреді.
Корпорация Қазақстан тарихындағы ең бір шешуші, күрделі кезеңде – қираған комбинаттардың қалдықтарынан құрылды. Тарихтың таңдауы Владимир Сергеевич Кимнің командасына түсті. Алғашқы күндерден бастап ақ олар әлемдік рыноктың қатал, буырқағанған иіріміне қойыпты кетті.
Жаңа команда 1995 жылы ең алдымен 60 миллинон долларға жер асты жұмыстарына қажет бұрғылау кареталарын, жүк тиеу машиналар және «Тамрок» фирмасыныңкөліктерін сатып алу қажеттігін «Самсунгке» дәлелдеп шықты. Анненск руднигінің салынып бітіп, іске қосылуы екінші маңызды мәселе болды. Тұтастай алғанда, алда руда шығаруды тұрақтандыру міндетті тұрды.
«Қазақмыс» корпорациясын құру кезінде ескі рудниктерде руданың 20 жылдық қоры қалды және мыстың құрамы нашарлады. Дегенмен 1994 жылы сол кездегі мемлекеттік мыс өндіру холдингінде руда базасын дамытудың жүз жылдық стратегиялық жоспары жасалған болатын. Корпорация қазірде сол бағдарламамен жұмыс істейді.
«Қазақмыс» корпорациясы үздіксіз дамып, өркендеу үстінде Kazakhmys PLS холдингінің Ұлыыбританиядағы тіркелуі және оның акцияларының 2005жылы 12 қазанда Лондон қор биржасына шыарылуы осындай дамудың кезекті сатысы болды. Оның үстіне көптеген әлемдік агенттіктер, оның ішінде британдық та бар,
Kazakhmys PLS корпоративтік басқарудың халықаралық үлгілеріне сәйкес келетінін мойындады.
Қазіргі кезде Kazakhmys PLS акционерлерінің арасында бес жүзден астам әртүрлі қорлар бар - инвестициялық, сақтандыру – олар барлық дерлік негізгі капитал ұстаушылар өкілдері болыып табылады. Олардың саны өсе түсуде, ал Kazakhmys PLS британдық ең үздік 100 компанияның тізіміне FTSE-100-ге кірді.
Корпорацияның басты бағыттарының бірі – басқару сапасын жоғарылату, құрылымды жетілдіру, шикізат базасын дамыту – корпорацияны жақын арадағы 100 жылға дейін шикізатпен қамтамасыз ету, өндірісті қайта құру және техникалық қайта жасақтау, барлық буындарда есеп айырысу жүйесін енгізу, импорт алмастыру, білікті мамандарды даярлау.
Корпорацияның стратегиясы - әлемдік деңгейдегі, қызметті әртараптанған компанияға түрлену, нарықтық құны және негізгі қаржылық экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемнің жетекші таукен металлургия компаниялармен пара пар болуы.
2 Жарғылық капитал. Жедел қаржылық жұмыс
2.1 Жарғылық капитал