ІІ – алдымен қажетті конструкциялық бұйымдар жасалып алынады, содан кейін механикалық қолданыстармен өнім жинақталады, буларға құрылыс машина өндірісі, аяқ киім, тігін бұйымдар және басқалар жатады. Осы өндірістің дайын өнімінің өзіндік құнын анықталуы ептеген қиындықтарды туындатады. Жартылай фабрикаттардың шығындарын есепке алып отыру керек.Сондақтан бұл өндірістің шығындары күрделі өндірістің шығындары болып табылады, ал металлургиялық пен тоқыма өндірістің шығындары жәй өндіріске жатады. Кәсіпорынның мамандырылуына қарай өндірістік шығындар көпшілік (массовый), топтамалық (серийный) және жеке –дара жекелеген(единичный) болып танылады.Көпшілік үнемі ұздіксіз шығарылатын өнім. Жеке өндірісте өнім жекелеп арнайы тапсырыс бойынша шағарылады, калькуляция шығарылған өнімге ғана жасалады. Топтамалы (аз және көп) – кезең сайын тоқтатылып қайта алдын ала белгіленіп өнім өндіріліп отыратын өндіріс.
Өнеркәсіп өндірісте негізгі және көмекші өндіріс болып бөлінеді.
5.2 Өндірістік шығындар жіктелуі
Өнім өндіру барысында кәсіпорындар қандайда бір шығындар жасауға мәжбір болады.Өндірістік шығындар ол, өнім өндіруге қызмет көрсетуге жасалған барлық шығындар түрлері.
5.1-кесте
Жіктелу мәтіні бойынша | Шығындар топтамасы |
1.өндірістік процестегі экономикалық ролі | Негізгі және үстеме |
2.құрылым бірлігі бойынша | Кешенді және бір элементті |
3. өндірістің көлемі бойынша | өзгермелі және түрақты |
4.жекелеген өнімнің өзіндік құнына апару | Тікелей және жанама |
5.қалыптасу кезеңі бойынша | Ағымды және бір ретті |
5.1-кестенің жалғасы
6.өндірістік процеске қатысуы бойынша | өндірістік және өндірістен тыс (кезең шығындары) |
7.шығындар мақсаты бойынша | өндірістік және өндірістік емес |
8.болжамдау шама бойынша | болжамды және болжамды емес |
Негізгі шығындар - өнім өндіруге тікелей қатысы бар шығындар: шикізат пен материалдар, өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы, отын ....
Үстеме шығындар – ұйымдастыру және қызмет көрсету шығындары: цех әкімшілік шығындары, электрқұат шығындары, отын, негізгі құралдардың амортизациясы және жөндеу жұмыстар шығындары...
Экономикалық мәтіні бойынша шығындар: шикізат пен материалдар шығындары, еңбекақы шығындары, әлеуметтік салықтармен төлемдер, негізгі құралдардың төзуы басқада шығындар.
Ал, өндірістік шығындар мен өзіндік құнның калькуляциялауы бабтары:
Шикізаттар мен материалдар,өндірстік жұмысшылардың еңбекақысы, еңбекақыға есептелген салықтармен төлемдер, үстеме шығындар.
Экономикалық мәтіні бойынша шығындармен өзіндік құнның калькуляциялау шығындардың ерекшелігі байқалады. Экономикалық мәтіні бойынша шығындарға барлық жасалған шығындар есепке алынады (алдағы кезең шығындарымен қоса), ал өнімнің өзіндік құнның калькуляциялау шығындарға өнімді шығару бойынша жасалған шығындар есепке алынады. Дайын тауарлар мен материалдардың жеткізу шығындары «қорлар»дың өзіндік құнына есептелгендіктен бұл жерде шегертіледі және де өңдеу барысында пайда болған қоқыс қалдықтар сомалары, қоймаға қайтарылған материалдар қалдықтар сомалары, пайда болған ақау (брак) сомалары шегертіледі.
Басқада шығындар – еңбекақыдан басқа төлемдер, нормадан асқан іс сапар шығындары, ақау мен айып шығындары.
Мысалы:
5.2-кесте
Шығындар элементтері | Сома тг. | Калькуляция бабтары | Сома тг. |
1.Материалдар шығындары (қайтарылған қоқыстар шегертілген) | 115036 | 1. Материалдар | 102777 |
2.еңбекақы шығындары | 39170 | 2.өндірістік жұмысшыларға есептелген еңбеақы | 26762 |
5.2-кестенің жалғасы
3.сақтандыруға шығындар | 8255 | 3.еңбеақыға есептелген төлемдер мен салықтар | 5620 |
4.негізгі құралдардың тозуы | 2470 | 4.үстеме шығындар | 20655 |
5. басқада шығындар | 632 | ||
барлығы | 165533 | барлығы | 155814 |
Кезең шығындарға апарылды | 8179 | ||
өндірістік емес шығындар шоттарға апарылды | 1060 | ||
Алдағы кезең шығындардың қалдығы +,- | -150 | ||
Аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттар қалдығының +,- | +450 | ||
Болашақ шығындармен төлемдердің резервттері қалдығының +,- | - 180 | ||
Шығарылған өнімнің өзіндік құны | 155814 |
Сонымен,
Шаруашылық жүргізуші субъектілер өз қызметінде:
- дайындауға және өндірістік процеске қажетті материалдық құндылықтарды сатып алуға;
- дайын өнімдерді өткізумен байланысты операцияларға әртүрлі шығындар жасауға мәжбүр болады.
Бұның нәтижесінде, тауарлар немесе қызметтер үшін төлеу қажет болатын тұтынылған ресурстар немесе ақшалар болып табылады.
Экономиканың тәжірибесінде және бухгалтерлік есеп теориясында көптеген жағдайларда – шығындар (затраты), шығыстар (расходы) және залалдар (издержки, убытки) терминдері синоним ретінде қолданылады. Бұл терминдер әртүрлі түсініктерді айқындайды:
- шығындар (өндіріске) өнімдер өндірумен байланысты тікелей шығындарды білдіреді. Олар өзіне материалдарға жұмсалатын тікелей шығындарды, еңбекке жұмсалатын тікелей шығындарды және өнімдер өндірумен байланысты жанама шығындардың бөлігін енгізеді;
- шығыстар – бұл есепті мерзім ішіндегі компания қызметінің нәтижесі ретінде капитал сомасының азаюы, яғни есепті кезең ішінде ресурстарды пайдалану немесе тұтыну. Мысалы, еңбек ақы шығыстары;
- залалдар (издержки) – бұл тауарларды сатып алу немесе қызметтер үшін ақы төлеу нәтижесі ретінде міндеттемелер сомасының азаюы немесе құралдар сомасының азаюы.
Ал, кез келген жағдайда бұл түсінік, аталған кезең үшін кірістер алумен келісілген шығындарды білдіреді.
Менеджерлердің кәсіпорындарды басқаруы үшін тек шығындар жасап қоя салмайды, сонымен бірге қандайда бір (өнім бірлігіне немесе оның тобына, клиентке көрсетілетін қызметке) шығындар туралы ақпарат жинақтаға қажет етеді (яғни, «шығындарды есепке алу объектісіне»). Бұл ақпарат шығарылған өнімнің (жасалған қызметтің) өзіндік құнын есептеп шығару қажет болады.
Оларды жіктеу өндірістік шығындардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып саналады. Мысалы, басқарушылық есеп талаптарын қанағаттандыру мақсатында (қандайда бір объектілерді басқару үшін қажетті ақпараттарды бірыңғайлау (идентификация), салмақтау, жинау, жүйелеу, талдау, интерпретациялау және кері процесі). Өндірілген өнімдердің (көрсетілген қызмет, орындалған жұмыстар) және алынған пайдалардың өзіндік құнын анықтау үшін шығындар жіктеуі өзіне келесідей топтарды енгізеді:
- келген (входящие) және өткен (истекшие) шығындар.
Келген шығындар бұл қолда бар сатып алған құралдар, күтілетіндей, алдағы уақытта кіріс әкелуі тиіс. Олар баланста активтер ретінде тіркеледі.
Егер бұл құралдар (ресурстар) кірістер алу үшін жұмсалып, болашақта кіріс әкелу қабілетін жоғалтқан жағдайда ол өткен шығындар болып саналады; олар пайдалар және залалдар шоттарында көрсетіледі;
- есепті кезеңдегі өндірістік шығындар және өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына кіретін өндірістік шығындар.
Қорларды бағалау кезінде ескерілмейтін шығындар есепті кезең шығындары деп саналады.
І.Өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына кіретін өндірістік шығындар, бұл – сатып алынған және қайыра сату үшін өндірілген тауарларға жататын шығындар. Сатқанға дейінгі өнеркәсіп кәсіпорындарындағы немесе дайын өнімдердің өзіндік құнын анықтау кезінде ескерілетін өнімдер бірлігінің өзіндік құны осы шығындар түрінде түсіндіріледі:
- өндірістік шығындар және өндірістік емес шығыстар.
Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндірістік шығындар өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына қосылады. Өнімнің өзіндік құнына қосылу әдісіне қарай шығындар тура және үстеме болып танылады.