Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 7 из 41)

Түрлі елдерде меншікті және қарыз капитал арасындағы әр түрлі арақатынас (норматив) пайдаланылады. Ресейде 50/50, АҚШ-та – 60/40, ал Жапонияда – 30/70 арақатынасы қолданылады.

Капиталдың ауыспалы айналым процесінде айналым қаражатын қалыптастыру көзі бірінен-бірі ажыратылмайды. Мәселен, өндіріс барысында тұтынылатын шикізат пен материал қандай қаражат есебінен сатып алынған жөніндегі ақпарат ешқашан пайдаланылмайды.алайда айналым қаражаты қалыптастыру жүйесі айналымды баяулатып немесе оны жеделдете отырып оның жылдамдығына ықпал етеді. Сонымен бірге меншікті және қарыз айналым қаражатын қалыптастыру көзі мен оны әр түрлі пайдалану режимдері айналым капиталын және бүкіл капиталды тиімді пайдалануға ықпал ететін негізгі фактор болып табылады. Айналым қаражатын ұтымды қалыптастыру және пайдалану өндіріс барысына, кәсіпорын қаржысының нәтижелері мен оның қаржысының жай-күйіне жан-жақты әсер етеді, сонымен бірге осы жағдайда ең аз мөлшердегі айналым капиталының мөлшерімен табысқа жетуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның айналымдағы қаражатының сапасы айналым капиталының өтімділігі мен қаржы тәуекелінің дәрежесі бойынша жіктеледі (3, 4-кестелер). Жіктеуде қойылатын мақсат – сатылуы екіталай ағымдағы активті анықтау. Кәсіпорынның айналым капиталын тиімді басқару үшін қосымша қаржыландыру көзін іздестіріп қана қоймай, оны кәсіпорын активінде, әсіресе ағымдағы активте ұтымды орналастыру қажет.

4.2-кесте – Айналым қаражатының өтімділік дәрежесі бойынша құрамы мен құрылымы

Айналым қаражатының топтары Енгізілетін қаражаттың құрамы
1. Ең өтімді актив 1.1. Ақшалай қаражат:- Касса; - Есеп айырысу шоты;- Валюталық шот;- Өзге де ақшалай қаражат;1.2. Қысқа мерзімді қаржы салымдары
2. Жылдам сатылатын актив 2.1. Жөнелтілген тауар2.2. Дебиторлық берешек:- Тауар, жұмыс, қызмет үшін- Алынған вексель бойынша- Еншілес кәсіпорындармен- Бюджетпен- Қызметкерлермен өзге операциялар бойынша - Өзге дебиторлармен2.3. Өзге айналым капиталы
3. Баяу сатылатын актив 3.1. Алдағы кезеңде шығысы шегерілген запас және сатып алынған құндылық бойынша ҚҚА

4.3-кесте – Айналым қаражатының капиталды салу тәуекелінің дәрежесі бойынша құрамы мен құрылымы

Айналым қаражатының топтары Енгізілетін қаражаттың құрамы
1. Салу тәуекелі барынша аз айналым қаражаты 1.1. Ақшалай қаражат:- Касса;- Есеп айырысу шоты;- Валюталық шот;- Өзге де ақшалай қаражат;1.2. Қысқамерзімді қаржы салымы
2. Салу тәуекелі шамалы айналым қаражаты 2.1. Дебиторлық берешек (күмәндіні шегергенде)2.2. Өндірісітік запас (сүр тауарды шегергенде)2.3. Даяр өнім мен тауардың қалдығы (сұранысқа ие еместі шегергенде)
3. Салу тәуекелі орташа айналым қаражаты 3.1. Арзан бағалы және тозғыш зат.3.2. Аяқталмаған құрылыс (нормативтіктен тысты шегергенде).3.3. Алдағы кезеңнің шығысы.

4.3-кестенің жалғасы

4. Салу тәуекелі жоғары айналым қаражаты 4.1. Күмәнді дебиторлық берешек4.2. Өндірістік сүр запас.4.3. Нормативтік тыс аяқталмаған құрылыс.4.4. Сұранысқа ие емес даяр өнім мен тауар.4.5. Айналым қаражатыныңайтылған топтарына енгізілмеген өзге элемент.

4.3 Айналым капиталын қаржыландыру көзі

Айналым қаражатының ауыспалы айналымы процесінде олар қалыптастырылған көздер, әдетте, ажыратылмайды. Алайда айналым қаражатын қалыптастыру жүйесі айналымды баяулатып немесе оныжеделдете отырып оның жылдамдығына ықпал етеді. Артық айналым қаражаты кәсіпорын капиталының бөлігі әрекетсіз және кіріс әкелмейтінін білдіреді. Сонымен бірге айналым капиталының жетіспеуі кәсіпорын қаражатының шаруашылық айналымының жылдамдығын баяулатып, өндірістік процестің жылдамдығын тежейді.

Айналым қаражатын қалыптастыру көзі жөніндегі мәселені екінші маңызды жағынан алып қарастырайық. Нарық жағдаятын үнемі өзгереді, сондықтан кәсіпорынның айналым қаражатына сұранысы да тұрақсыз болады. Іс жүзінде осы қажеттлікіті тек меншік көдің есебінен өтеу мүмкін емес. Кәсіпорынның меншіктьі қакражат есебінен жұмыс істеуі тартымды екені назарға алынбайды. Ал көп жағдайда тәжірибе меншікті қаражатты пайдалану тиімді екенін растайды.

Сондықтан қарыз қаражат тартудың тиімділігін қамтамасыз ету айналым қаражатын қалыптастыру процесін басқарудағы негізгі міндет болып табылады.

Айналым қаражатын қалыптастыру көзінің құрылым:

· Меншікті көзді;

· Қарыз көзін;

· Қосымша тартылған көзді қамтиды (5-кесте).

Әдетте, кәсіпорынның айналым қаражатына барынша аз қажеттілігі келесі меншікті көздің: пайданың, жарғылық капиталдың, резервтегі капиталдың, жинақтау және мақсатты қаржыландыру қорының есебінен жабылады. Алайда бірқатар объективті себептерден (инфляция, өндіріс мөлшерінің ұлғаюы, клиенттердің шоттарын төлеуді кешіктіру және т.б.) кәсіпорынға уақытша қосымша айналым қаражаты қажет болады.Бұл жағдайда шаруашылық қызметті қаржымен қамтамасыз ету үшін қарыз көзі: банк және коммерциялық кредит, қарыз, инвестициялық салық кредиті, кәсіпорын қызметкерлерінің иныестициялық жарнасы, облигациялық қарыз тартылады

4.4-кесте – Айналым қаражат көзінің құрамы мен құрылымы

Айналым қаражат көзі
Меншікті қаражат Қарыз Қосымша тартылған
1. Жарғылық каапитал2. Үстеме капитал3. Резервті капитал4. Бөлінбеген таза кіріс5. Жинақтау қоры6. Мақсатты қаржыландыру, сондай-ақ бюджеттен және бюджеттен тыс қордан түсетін түсім 1. Банкінің ұзақ мерзімді кредиті2. Ұзақ мерзімді қарыз3. Банкінің қысқа мерзімді кредиті4. Қысқа мерзімді қарыздар5. Коммерциялық кредит6. Инвестициялық салық кредиті7. Қызметкерлердің инветициялық жарнасы 1. Кредиторлық берешек:- Жеткізушілер мен мердігерлерге- Еңбек ақы төлеу бойынша- Сақтандыру бойынша- Бюджетпен- Өзге кредиторлармен2. Тұтыну қоры3. Алдағы шығыс пен төлемнің резерві4. Күмәнді борыш бойынша резерв5. Қысқа мерзімді өзге міндеттеме6. Қайырымдылық және өзге түсім

4.4 Кәсіпорынның айналым капиталына қажеттілігін анықтау

Айналым қаражатын қалыптастыру және пайдалану механизмі өндіріс барысына, сондай-ақ ағымдағы өндірістік және қаржы жоспарын орындауға жан-жақты ықпал етеді.

Айналым қаражаты өндіріс көлемін және өнімді сатуды кеңейтуді, жаңа өткізу нарықтарын, яғни кәсіпорын капиталы айналатын саланы басып алуды жоспарлы түрде және барынша ұтымды, сондай-ақ үнемді, басқаша айтқанда, айналымқаражатының ең аз мөлшерімен қамтамасыз етуі тиіс.

Айналым қаражатын тиімді пайдалануды жоспарлау және ұйымдастыру үшін жауапты менеджерлердің ең негізгі міндеті болып табылады.

Айнналым қаражаты оның екі саласындағы ауыспалы айналымға: өндіріс саласы мен айналыс аясына қатысады. Сондықтан айналым қаражаты өндірістік айналым қоры мен айналыс аясындағы қорға бөлінеді.

Айналым қаражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігінің құрамы мен көлемі өндіріс қажеттілігіне ғана емес, айналыс қажеттілігіне де орай анықталады.

Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігі мына факторлароға байланысты:

· Өндіріс пен сату мөлшеріне;

· Бизнестің түріне (кәсіпорын қызметінің сипатына);

· Қызмет (бизнес) ауқымына;

· Өндірістік кезеңнің ұзақтығына;

· Кәсіпорын капиталының құрылымына;

· Кәсіпорынның есептік саясатына және есеп айырысу жүй,сіне;

· Кәсіпорынның шаруашылық қызметін кредиттеу шарттары мен практикасына;

· Материалдық-техникалық жабдықтау деңгейіне;

· Тұтынылатын шикізаттың түрі мен құрылымына;

· Өндірістің және кәсіпорын өнімнің сату мөлшерінің өсу қарқынына;

· Менеджерлер мен бухгалтердің және т.б. шеберлігіне.

Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігін дәол есептеуді айналым қаражатының жоғарыда атап өтілген факторларға байланысты өндіріс саласында және айналыс аясында болатын уақытын есептеуден бастау қажет.