4 Айналым капиталы. Айналым капиталында қажеттілікті анықтау
4.1 Айналым капиталы
Айналым капиатлы (айналым қаражаты) – кәсіпорын капиталының өзінің ағымдағы активіне салынған бөлігі. Материалдық-мүліктік белгі бойынша айналым капиталының құрамына: еңбек заттары (шикізат, материал, отын және т.б.), кәсіпорын қоймасындағы даяр өнім, қайта сатуға арналған тауар, ақшалай қаражат және есептердегі қаражат енгізіледі.
Айналым қаражаты өзіне тән ерекшелікпен жоғары жылдамдықпен айналады. Өндіріс процесіндегі айналым қаражатының атқаратын функционалдық рөлі негізгі капиталдың рөліне өте ерекшеленді. Айналым қаражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Айналым капиталының (еңбек құрал-жабдығы) мүліктік элементтері әрбір өндірістік циклде тұтынылады. Ол өзінің табиғи нысанын толықтай жоғалтады, сондықтан жасалған өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметің) құнына толықтай енгізіледі. Айналым капиталының ауыспалы айналымының сатылары сызбада көрсетілген (1-сурет).
тауар |
Айналым қаражатының топтары | Енгізілетін қаражаттың құрамы |
1. Өндірістік айналым қоры (өндіріс саласындағы және өндіріс процесіндегі айналым қаражаты) | 1.1. Өндірістік запас- Шикізат;- Негізгі материал;- Сатып алынатын жартылай фабрикат;- Қосалқы материал;- Арзан бағалы және тозғыш зат;1.2. Өндіріс процесіндегі құрал-жабдық:- Аяқталмаған құрылыс;- Меншікті өндіріс жартылай фабрикат;- Алдағы кезеңнің шығысы. |
2. Айналыс қор (айналыстың айналым қаражаты) | 2.1. Сатылмаған өнім:- Кәсіпорын қоймасындағы, алайда әлі төленбеген даяр өнім;- Қайта сатуға араналған тауар.2.2. Ақшалай қаражат:- Касса;- Есеп айырысу шоты;- Валюталық шот;- Бағалы қағаз;- Өзге ақшалай қаражат;- Басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен есеп айырысу. |
Айналым қаражаты басқарылу дәрежесі бойынша гормаланатын және нормаланбайтынға бөлінеді. Нормаланатын қаражатқа, әдетте, барлық өндірістік айналым қоры, сондай-ақ айналыс қорының кәсіпорын қоймасындағы сатылмаған даяр өнімнің қалдығы түріндегі бөлігі жатады.
Нормаланбайтын қаражатқа айналыс қорының қалған элементтері, яғни тұтынушыларға жіберілген, алайда әлі төленбеген өнім мен ақшалай қаражаттың және есеп айырысудың барлық түрі жатады. Алайда нормалардың болмауы айналым қаражатының осы элементтерінің мөлшерлері өз бетімен әрі шексіз өзгеруі мүмкін және олар бақыланбайды деп түсінуге болмайды. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың қолданылатын тәрптібінде мемлекет тарапынан төлемеудің артуына қарсы қолданылатын экономикалық санкциялар жүйесі қарастырылған.
Нормаланатын айналым қаражаты кәчіпорынның қаржы жоспарында (бизнес-жоспарында) көрсетіәледі, ал нормаланбайтын айналым қаражаты іс жүзінбе жоспарланбайтын объект болып табылады.
Айналым қаражатын меншікті және қарыз қаражатқа бөлу кәсіпорынға тұрақты немесе уақытша пайдалануға берілген айналым қаражатының шыққан тегі мен оның нысандарын көрсетеді.
Меншікті айналым қаражатыкәсіпорынның меншік капиталы (жарғылық капитал, резервтегі капитал, жинақталған пайда және т.б.) есебінен қалыптастырылады. Шаруашылық қызметті айналым қаражатымен қалыпты қамтамасыз ету үшін оның мөлшері меншікті капиталдың мөлшерінің 1/3 шегінде белгіленеді. Меншікті айналым қаражаты тұрақты режимде пайдаланылады.
Кәсіпорынның меншікті айналым капиталына қажеттілігі жоспарланады және оның қаржы жоспарында көрсетіледі.
Қарыз айналым қаражаты банк және банк емес кредит, облигациялық қарыз, кредиторлық берешек және өзге де көз нысанында қалыптастырылады. Ол кәсіпорынға уақыиша пайдалануға беріледі. Қарыз айналым қаражатының бір бөлігі ақылы (кредит пен қарыз), ал екінші бөлігі – тегін (кредиторлық берешек) болады. Кәсіпорынның қарыз айналым қаражатына қажеттілігі де жоспарланады және бизнес-жоспарда (қаржыландыру стратегиясы) көрсетіледі.