Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 37 из 41)

Сыртқы қаражат көзіне:

· Қосымша үлестік капиталды жұмылдыру (құрылтайшылардың қаражатын жарғылық немесе қойма капиталына салу арқылы);

· Қосымша акционерлік капиталды тарту (қайталама эмиссия және акция сату арқылы);

· Заңды тұлғаның және мемлекеттің тегін қаржылай көмегі (мысалы, мемлекеттік бірегей кәсіпорынға, қаржы өнеркәсіп тобына және т.б.);

· Қарыз қаражатты меншікті қаражатқа конверсиялау (мысалы, корпоративтік облигацияны артықшылықты акцияға ауыстыру);

· Инвестициялық мақсатқа түскен мақсатты қаржыландыру қаражаты;

· Өзге де сыртқы көздер (акцияны атаулықұнынан жоғары сатқанда пайда болатын эмиссиялық кіріс) жатады.

9.3 Меншікті капиталдың жекелеген элементтерін бағалау

Меншікті капиталдың құнын элементке бөліп бағалау корпорация қаржысының тұрақтылығын капитал тартудың ең арзан көзін таңдау негізінде нығайтуға ықпал етеді.

Қарапайым акция эмиссиясының көмегімен тартылатын қосымша капиталдың құнын келесі формула бойынша есептеу ұсынылады:

(6)

мұнда:

- қарапайым акция шығару есебінен тартылатын меншікті капиталдың құны, %;

- қосымша шығарылатын кәдуілгі акцияның саны;

- есепті кезеңде бір қарапайым акцияға шаққандағы дивидендтің сомасы, сеңгеде;

- акционерлерге таза пайдадан төленетін дивидендтің жоспарланған өсу индексі;

- қарапйым акция шығару есебінен тартылатын меншікті (акционерлік) капиталдың сомасы;

- акция эмиссиясының жалпы сомасына қатысты қарапйым акция эмиссиясына жұмсалған шығын.

Мысал.

Компания 72 млн. а.б. ақша сомасына 12 млн дана қарапайым акцияны қосымша шығарды. Эмиссияға жұмсалған шығын 2,1 млн а.б. құрады, есептi кезеңде бiр акцияға шағып есептегенде дивидендтiң сомасы 20 а.б., ал таза пайдадан акционерлерге төленетiн дивидендтiң жоспарланған өсу индексi — 1 ,05-тi құрады. Қарапайым акция эмиссиясының көмегiмен тартылатын меншiктi капиталдың кұнын анықтаңыздар.

(7)

Артықщылықты акцияэмиссиясының көмегiмен тартылатын қосымша капиталдың құнын келесi формуланың көмегiмен есептеуге болады:

(8)

Мұнда: -

артықшылықты акция эмиссиясыньң көмегiмен тартылатын қосымша капиталдың құны, %;

— артықшылықты акция эмиссиясының көмегiмен тартылатын қосымша капиталдың сомасы;

— қоғамның жарғылық мiндеттемесiне сәйкес төленуi тиiс дивидендтiң сомасы;

— акция эмиссиясының жалпы сомасына қатысты артьқшылықты акция эмиссиясына жұмсалған шығын.

Мысал.

Компания әрқайсысының атаулы қуны 50 а.б., 360 мың артықшылықты акцияны қосымща шығарады. 1 акцияға шағып есептегенде дивидендтiң сомасы 20 а.б., ал эмиссияға жұмсалған шығын — 360 мын а.б. құрады. Артықшылықты акция эмиссиясының көмегiмен тартылатын меншiктi капиталдың құнын анықтаңыздар.

Үлестiк қаржыландырудың сыртқы көзiмен салыстырғанда пайда корпорацияның iшкi көзi болып табылады. Алғашқыда бұл қаржы нарығымен байланысты емес тегiн көз деген ой туындайды. Бөлiнбеген пайда (сальм салудан және дивиденд төлеуден қалған) компания акционерлерiне тиесiлi болады. Акционерлер (менеджерлердiң катысуымен) ақшалай қаражатты өндiрiске салуды немесе оны дивиденд төлеуге жұмсау мәселесiн шешедi. Сондыкқтан акционерлер бөлiнбеген пайданы салым ретiнде салған жағдайда оның қосымша кiрiс (пайда) келетiн капитал ретiнде қарастыру қажет. Сол себептен бөлiнбеген капиталдың құны кәдуiлгi акция орналастырудан алынған капиталдың бағасымен тең болады. Корпорация жаңа акция орналастырумен байланысты қосымша шығым жұмсауға мәжбүр болады. Акция эмиссиясы есебiнен тартылған меншiктi капиталдың құнын басқару процесi эмитентке қиыншылық тудырады және жоғары тәуекелге ұрындырады. Сондықтан корпорацияның меншiктi капиталының бағасын (құнын) басқару үшiн эмиссиялық және дивидендтiк саясат әзiрлеп, оны iске асыру қажет.

10.Қаржылық есеп

Қаржылық есеп берудің маңызы. Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде ішкі және сыртқы пайдаланушылар.

Қаржылық есеп берудің мақсаты шешім қабылдау барысында қатысты пайдаланушыларға ұйымның қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижесі және оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат беру болып табылады.

Қаржылық есеп беру көпшілік пайдаланушылардың жалпы қажеттеліктерін қанағаттандырғанымен, ол экономикалық шешімдер қабылдау үшін пайдаланушыларға қажет болып қалатын барлық ақпаратпен қамтамасыз ете алмайды, өйткені онда негізінен бұрынғы оқиғалардың қаржылық емес ақпаратты қамту ету міндетті емес. Қаржылық ақпарат түсінікті, орынды, пайдаланушыларға мәнді, сенімді, бейтарапты (нейтральный), салыстырмалы болу қажет.

Қаржылық есепті құру екі маңызды жолдан түрады: есептеу және шаруашылықтың ұздіксіздігі. Есептеу әдіс - мысал: - тауарлар желтоқсан айында несиеге сатылды, ал сатыпалушыдан ақша қаражаты ақпан айында түсті. Сонда тауарларды өткізілуі желтоқсан айында көрсетіледі ақша түскен айда емес;

желтоқсан айда жал есебінің (қантар аймен науырыз айлардың) төлемі жасалды, бұл жерде жал сомалар ұш айға тең бөлініп жазылады төленген айға жазыласалмайды;

қараша айда тауарлар несиеге алынды, оның төлемі ақпан айда жасалды. Сонда қаржылық есепте желтоқсан айдың басына кредиторлық берешек көрсетіледі.

Шаруашылықтың ұздіксіздігі – қаржылық есептің жасалуы кәсіпорынның азаюы немесе жабылуы мүмкін болмау керек келешегі бар мақсатпен жасалу керек. Мысалы, банктер несие беру барысында кәсіпорындардың қаржылық жағдайының тұрақтылығын зертейді, қаржылық есебінен қаржылық түрақтылығы байкалмаса несие беруін тоқтатады.Активтері аз болып немесе олар құнсыз болса немесе қаржыландырудың басқа нысандары болмаса.

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін атаймыз.Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Бухгалтерлік есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады.Бухгалтерлік есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілермен мердігерлер, сатыпалушылармен тапсырысберушілер, енбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар т.б. кіреді.

Бухгалтерлік есептің мәлеметтерінен субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттар жағдайын, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.Осымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның тиімділігін бағалау, қызметін жедел басқару үшін және болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.

Есеп берудің қүрамы.Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар, дайындық жұмыстар (түгендеу).

Бухгалтерлік есепке қойылатын талаптар: - кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету;

барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру;

бухгалтерлік есепті басқа есептердің сабақтастығымен сақтау;

әдістемелік және басқада ережелерді сақтау.

Бухгалтерлік есеп – ақпаратау жүйесі болып табылады, оның басты нысаны – жинақтау, анықтау, бағалау, өлшемдері және кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы керек қылған немесе қажеттенген (инвесторлар) тұлғаларға мәліметтеу.

Қаржылық есептің пайдаланушылары болып инвесторлар, қызметкерлер, кредиторлар, жеткізушілермен мердігерлер, сатыпалушылар, мемлекет пен бюджет органдары және ұйымдар табылады. Олар қаржылық есеппен қажеттенеді өз мүддесі үшін.