Дебет шотында «Дайын өнімнің өткізілген өзіндік құны» 348 340,00
Кредит шотында «Дайын өнім» оның ішінде
аналитикалық ( талдау ) шотында «бұйым А» – 256480,00 теңге
аналитикалық ( талдау ) шотында «бұйым Б» – 91860,00 теңге
Онекінші операция.
Дайын өнімді өткізу бойынша есеп айырысу шотынан 25000, 00 теңге төленді
Онекінші операцияны жазу.
Дебет шотында «Өткізу шығындары» 25000,00 теңге
Кредит шотында «Есеп айырысу шотындағы қолма қол ақша»
25000,00 теңге
Дайын өнімді өткізуден есеп айырысу шотына 774 000 теңге ақша келіп түседі
Дебет шотында «Есеп айырысу шотындағы қолма–қол ақша»-
774,000 теңге
Кредит шотында «Алынуға тиісті счет» - 774,000 теңге
Онтөртінші операция.
Есеп айырысу шотынан қосымша құн салығы-120 000,00 теңге
аударылды
Дебет шотында «Бюджетпен есеп айырысу»
Кредит шотында «Есеп айырысу шотындағы қолма–қол ақша»
-120 000,00 теңге
Он бесінші операция.
Дайын өнімді сақтайтын қойманы жалдауға жұмсалған қарызды төлеуге ұсынылған счет бойынша 36 000 теңге оның ішінде ҚҚС (қосамша құнт салығы) 7200 теңге
Онбесінші операцияны жазу.
Дебет шотында «Өткізу шығыны» - 28800, 00 теңге
Дебет шотында «Қосымша құн салығын өтеуге» - 7200 теңге
Кредит шотында «Жеткізіп берушілер және мердігерлер мен есеп айырысу» 3600,00 теңге
Оналтыншы операция.
Дайын өнімдерді сақтайтын қойма жұмаскерлерінің еңбекақысына есептелген 18500 теңге
Оналтыншы операцияны жазу.
Дебет шотында «Өткізу шығындары» - 18500, 00 теңге
Кредит шотында «Қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есеп
айырысу» 18500,00 теңге
Онжетінші операция.
Еңбекақыдан төленетін аударулар жүргізілген:
Міндетті зейнетақы жарнасы 10% мөлшерінде - 1850 теңге
Әлеументтік салық 21% - 3885 теңге
Әлеументтік қамсыздандыруға жұмсалатын алым - 580 теңге
Барлығы - 6315 теңге
Онжетінші поерацияны жазу.
Дебет шотында «Өткізу шығындары» - 6315,00 теңге
Кредит шотында «Бюджетпен басқа есеп айырысу» - 3885,00 теңге
Кредит шотында «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» - 1850,00 теңге
Кредит шотында «Есептелген басқада шығындар» - 580,00 теңге
Он сегізінші операция.
Жұмысшылармен қызметкерлердің жалақысынан табыс салығы - 3400,00 теңге ұсталып, есеп айырысу шотынан бюджетке аударылған.
Онсегізінші операцияны жазу.
Дебет шотында «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу»
3400,00 теңге
Кредит шотында «Бюжетпен есеп айырысу» 3400,00 теңге
Дебет шотында «Бюджетпен есеп айырысу» 3400,00 теңге
Кредит шотында «Есеп айырысу шотындағы қолма–қол ақша»
3400,00 теңге
Онтоғызыншы операция.
Қабылдап алынған материалдармен көрсетілген қызметтер бойынша жеткізіп берушілерге 610500 теңге «Есеп айырысу шотынан» аударылады.
Онтоғызыншы операцияны жазу.
Дебет шотында «Жеткізіп берушілер және мердігерлермен есеп айырысу» 610500,00 теңге
Кредит шотында «Есеп айырысу шотындағы қолма–қол ақша»
- 610500,00 теңге
Жиырмасыншшы операция.
Есеп айырысу шотынан жинақтаушы зейнетақы қорына 21 435 теңге аударылады
Жиырмасыншы операцияны жазу.
Дебет шотында «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» - 21435,00 теңге
Кредит шотында «Есеп айырысу шотындағы қолма–қол ақша»
- 21405,00 теңге
Жиырма бірінші операция.
Жалпы әкімшілік шығындарды жиынтық (қорытынды) табысынан (зияннан) 21712 теңге есептен шығарылған
Жиырма бірінші операцияны жазу.
Дебет шотында «Қорытынды табыс (зиян)» - 21712,00 теңге
Кредит шотында «Жалпы және әкімшілік шығындар» - 21712,00 теңге
Жиырма екінші операция
Қорытынды табыснан (зиян) өткізу шығындары 78615,00 теңге есептен шығарылады
Жиырма екінші операцияны жазу
Дебет шотында «Қорытынды табыс (зиян)» - 78615,00 теңге
Кредит шотында «Өткізу шығындары» 78615,00 теңге
Жиырма үшінші операция
Қорытынды табыс (зиян) өткізілген дайын өнімнің (жұмыс, көрсетілген қызмет) өзіндік құны 348340,00 теңге есептен шығарылады.
Жиырма үшінші операцияны жазу
Дебет шотында «Қорытынды табыс (зиян)» 318340,00 теңге
Кредит шотында «Өткізілген дайын өнімнің өздік құны» 348340
Жиырма төртінші операция
Дайын өнмді өткізуден түскен табыс, қорытынды табысқа (зиянға) 64500 теңге жатқызылады
Дебет шотында «Дайын өнімді өткізуден түскен табыс»
645000,00 теңге
Кредит шотында «Қорытынды табыс» 645000,00 теңге
Қаржылық қорытынды анықталып, 196333 теңге есеп беру жылының табысына жатқызылған
Дебет шотында «Қорытынды табыс» 196333,00 теңге
Кредит шотында «Бөлімбеген табыс» 196333,00 теңге
9 Меншікті капитал және қаржылық нәтижелер есебі
9.1 Меншікті капитал
Меншікті капитал – корпорация капиталының меншікті қаржыландыру көзінің есебінен қалыптастырылған бөлігі.
Корпорацияның қаржы әлеуетінің негізін меншікті капитал құрайды. Меншікті капиталға мына элементтер кіреді:
1. Жарғылық капитал
· Жай акция
· Артықшылықты акция
· Жарғылық капиталға салынатын салым мен жарна.
2. Алынатын капитал (акционрелік қоғам меншік иелерінен кейін жою немесе қайта сату үшін сатып алған меншікті акция (үлес)).
3. Үстеме капитал:
· Акционерлік қоғамның эмиссиялық кірісі (орналастырылған акцияның атаулы құнынан тыс алынған сомадан акцияны сатуға жұмсалған шығыс шегерілген сома) (қосымша төленген капитал):;
· Айналымнан тыс активті қосымша бағалаудан түсетін сома (қосымша төленбеген капитал);
- Негізгі құрал жабдықты қайта бағалаудан;
- Инвестицияны қайта бағалаудан;
- Өзге активті қайта бағалаудан;
· Басқа ұйымнан тегін алынған мүлік;
· Мақсатты қаржыландыру қаражатының инвестициялық ресурс нысанындағы түсімі және басқа да түсім.
4. Резервтегі капитал.
5. Бөлінбеген кіріс (орны толтырылмаған залал):
· Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (орны толтырылмаған залал);
· Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (толтырылмаған залал).
Меншікті капитал айналымнан тыс активтің орны толтырылатын және қоғамның меншікті айналым қаражаты пайда болатын көз ретінде пайдаланылады. Меншікті айналым қаражаты кәсіпорынның жыл бойы тұрақты төлем қабілетін қолдау үшін қажет. Актив пен Пассив балансы (баланс парағы бойынша бюджет) бойынша алдағы кезеңнің (тоқсанның, жылдың) соңында меншікті айналым қаражатының жоспарлы мөлшері анқыталады, яғни акционерлік қоғамның келешектегі төлем қабілеттіліг, сондай-ақ осы қаражаттың өсімнің мөлшері болжанады.
Меншікті қаражаттың құрылымы оның жалпы мөлшеріндегі әрбір баптың, өзіндік салмағын сипаттайды. Меншікті капиталдың құрылымына ішкі де, сондай-ақ сыртқы да факторлар ықпал етеді. Корпорация басшылығы ішкі факторларды (менеджменттің, маркетингтің жай-күйі, қаржының тұрақтылығы) бақылайды.
Сыртқы факторларды меншікті капиталдың мақсатты құрылымын қалыптастырған кезде ескерген орынды. Сыртқы факторларды меншікті капиталдың мақсатты құрылымын қалыптастырған жай-күйі, мемлекеттің салық және ақша кредит саясаты жатады.
Меншікті капиталдың құрылымы бірқатар есепті кезең (тоқсан, жыл) бойынша зерттеледі және зерттеу нәтижесі бойынша келешекке болжам жасалады.
9.2Меншікті капитал қалыптастыру саясаты
Меншікті капитал қалыптастыру корпорацияның жалпы қаржы стратегиясының өндірістік-коммерциялық қызметін ақшалай ресурспен қамтамасыз ететін бөлігі болып таблады. Меншікті капитал:
1) Меншікті капитал есебінен айналымнан тыс активтің қажетті мөлшерін (негізгі меншікті капитал) құру;
2) Меншікті капитал есебінен айналым активінің (меншікті айналым капиталының) белгіленген үлесін құру мақсатында қалыптастырылады.
Меншікті капиталды басқару оныңжинақталған бөлігін ұтымды пайдаланумен ғана емес, сонымен бірге корпорацияның келешекте дамуын қамтамасыз ететін қаржы ресурсының меншік көзін құрумен де байланысты. Меншікті капиталды басқару процесінде оны қалыптастыратын көз ішкі және сыртқы көзге бөлінеді. Ішкі көздің құрамына:
· Бөлінбеген кіріс;
· Меншікті капиталға негізгі құрал-жабдықты қайта бағалау (қосымша бағалау) нәтижесінде қосылатын қаражат;
· Өзге де ішкі көз (резервтегі қор) кіреді.
Амортизациялық аударымда меншікті ақша ресурсын қалыптастыратын ішкі көз болып табылады., алайда ол меншікті капиталдың мөлшерін ұлғайтпайды, тек оны қайта инвестициялау тәсілі ретінде қарастырылады.