Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 34 из 41)

Сонымен келтірілген әрбір әдістің өздеріне тән артықшылығы мен кемшілігі бар. Олардың жеке біреуіне артықшылық (жекелеген деп) баға беруге болмайды. Тауарлық–материалдық қордың өздік құнын есептегенде қай әдістің қаржы қорытындысына, салық мөлшеріне және басқаруға қалай әсер ететіндігі бойынша таңдап алу қажет.

Сондықтан объктінің нақты және шын бағасын нақты есепке алу ол қаржылық есеп беру көрсеткішінің сенімділігіне және шаруашылық жүргізуші жеке субъектілердің экономикалық тиімділіктеріне әсер етеді.

7.2 Калькуляция - өздік құнын анықтау тәсілі

Шаруашылық активтерін бағалаудың негізгі принципі олардың нақты өздік құнын анықтау болып табылады. Тауарды өндіру мен өткізуге байланысты субъектінің барлық шығындарын нақты өздік құнды құрайды. Өнімнің және тауарлық–материалдық қорлардың өздік құндарын есептеудің негізгі принциптері бухгалтерлік есептің стандарттарында толық қарастырылған .

Өндірілген өнімнің өздік құнын анықтау (есептеу) тәсілін калькуляция деп атайды. Өнімнің өздік құнына (жұмыс, қызмет көрсету) материалдарды және еңбек ресурстары үнемді (тиімді) пайдаланудың деңгейі, техникалық қаруландыру, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға әсер етеді. Калькуляция құжат түрінде дайындалады. Онда шығындар калькуляция объектісі мен шығын баптары бойынша көрсетіледі.

Калькуляция объектісіне–сатып алынған тауарлық– материалдық қорлар, дайындалған өнімдер, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтерді жатқызуға болады. Калькуляция бабы ол өздік құн құрайтын шығын, яғни бухгалтерлік есептегі сәйкесті объектінің ақшалай бағалау үшін негіз болып табылады.

Сондықтан калькуляцияда маңызды шаруашылық процестерінің жүргізілуін бақылау үшін қажетті мәліметтер көрсетіледі.

Калькуляция құрылу уақытымен мақсатына қарай жоспарлы, нормантивтік, есеп беру түрлеріне бөлінеді.

Жоспарлы калькуляция–жоспарлау мерзім басындағы жоспарлау мерзім ішіндегі нормалы шығынға байланысты жоспарлы тапсырманы белгілейді.

Нормантивтік калькуляцияда белгілі мерзімдегі шығынды есептей отырып, өнім дайындағанға дейінгі өздік құнынан құрылады. Оның басты мақсаты–белгіленген нормадан тыс нақты шығындардың ауытқуына бақылау жасау болып табылады.

Есеп беру–калькуляциясында–нақты шығарылған өнімдердің (жұмыс, қызмет көрсету) нақты өздік құндары анықталынады. Өнімнің бір данасын өндіруге кеткен өздік құнын жоспарлы құнымен салыстыра отырып, өндіріс орнының (мекеменің) жұмыс сапасын анықтауға болады.

Сонымен калькуляция бухгалтерлік есептің бір тәсілінің элементі болып табылады. Ол активтердің құнын өлшеу мен мекеменің шаруашылық қызметінің әрбір кезеңіндегі (жабдықтау, өндіру, өткізу) процестерінің құнын бағалау үшін қолданылады.

Жабдықтау–мекеменің (өндіріс орнының) жұмысын жүргізу үшін қажетті еңбек құрал–жабдығы (машина, құрал–жабдықтар, станоктар т.б.с.с.), еңбек құралдары мен (шикізат, материалдар, жанар –жағар май) қамтамасыз ету.

Калькуляция көмегіне сүйене отырып, шаруашылық қызметінде келтірілген баптар бойынша тауарлық–шаруашылық қорларының (шикізаттар, материалдар, жанар–жағар май) қорлары дайындалады.

Өндіріс–шаруашылық қызметінің бұл бабында калькуляцияға сүйене отырып өндірілген өнімнің фабрикалық зауыттық өздік құны анықталынады.

Өткізу–бұл бапта дайын өнімнің толық өткізу құны есептелінеді. Шаруашылық қызметінің әрбір бабтарында калькуляция өнімнің жоспарланған өздік құнын төмендетуді бақылау мен өнімнің бірлік мөлшерін өндіруге жұмсалатын шығын нормасын бақылап отыру үшін қолданылады.

Өздік құн әрбір өндіріс орнының жұмыс сапасын көрсетеді. Ол өндіріс орнына жіберілген есептегі қателіктер мен кемшіліктерді уақытында айғақтауға мүмкіндік береді. Калькуляцияны тұтастай объектіге жеке бұйымға құруға болады. Калькуляция құрудың дұрыстығына (нақтылығы) өздік құнды құраушы шығындарды тиісді топтастыру калькуляция құрылған объектінің шығындарын дәл есептеу жанама шығындарды тарату әдістерін таңдауға байланысты болады.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің шығындары екі түрге бөлінеді.

- тауарлық–материалдық құралдың (жұмыс, көрсетілген қызмет) өздік құнына енгізілген (кіргізілген, жатқызылған) шығындар;

- тауарлық–материалдық қорлардың өздік құнына енбейтін және мерзім ішінде шығынға жатқызылған (шығын деп танылған) жалпы және әкімшілік шығыстар, прцент бойынша шығыстар, өткізу бойынша шығыстар–мерзімдік шығынға жатады.

Туарлық–материалдық қорлардың өздік құнына калькуляция құруда төмендегідей принциптерді сақтауды қажет етеді.

- тауарлық – материалдық қордың (жұмыс, көрсетілген қызмет) өздік құнына барлық өндірістік шығындар жатқызылады.

- өндіріс шығындарын экономикалық нысандары бойынша топтау материалдық шығындары, еңбекақы, еңбекақы бойынша аудару, жөнелту шығындары (уақыт, мерзім, калькуляция баптары, өндіріс орны мен калькуляция объекті) бойынша жүргізіледі.

- Бухгалтерлік есетің мәліметтерін қолдану калькуляция бойынша өздік құнын есептеудің негізі болып табылады. Бұл жағдайда талдау есебін дұрыс ұйымдастырудың рөліне баға жетпейді. Өздік құнға калькуляция құру үшін мәліметтер аналитикалық есептерден (шоттардан) алынады.

Егер дайндалған өніммен аяқталмаған өндіріс шығындары шектелген болсы, өндірісте жіберілген бракқа (ақауға) есептелген шығын, өндіріс қалдықтарын бағалау мен қосалқа өнім, калькуляцияның әрбір бабы бойынша анықталған шығын, калькуляция құрылған объектінің әрқайсысына қатысты анықталған болса да , онда өнімнің (жұмыс, көрсетілген қызмет) өздік құнына калькуляция құру аяқталған деп есептелінеді.

Бағалау мен калкуляция бухгалтерлік есеп алу әдісінің маңызды элементі ретінде негізгі шаруашылық процестерін есепке алу кезінде толығырақ зерттеледі.

7.3 Жабдықтаушы процессін есепке алу

а) Шикізаттар мен материалдардың түсуін есепке алу.

б) Өндіріс процесі үздіксіз жүретіндіктен өндіріс құрал–

жабдықтары мен еңбек құралдарының қорлары үнемі жаңаланып толықтырылып отырылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есепте төмендегідей бақылау қызметі ұйымдастырады.

Бухгалтерлік есептегі қабылданған бағалау әдісіне байланыссыз (тәуелсіз) келіп түскен тауарлық–материалдық қорлардың нақты өздік құнын есептеу үшін транспроттық дайындау шығындары туралы мәліметтер қажет болады.

- сатып алынған шикізаттар мен материалдарды тасу шығындарын төлеу, жанар–жағар май басқада құндылықтар оларды тиеу және түсіру шығыстары.

- Жүкті станциядан сатып, жұмысының қоймасына дейін жеткізу шығыстары.

- Әкелу (жеткізу) шығындары.

- Кеден шығындары, делдалдық ұйымдарға жабдықтап көмектескені үшін төленетін коммисялық марапаттау шығындары.

- Бюджетден қайтарылмайтын (толтырылмайтын) салықпен алымдар.

- Материалдық шикізат қорларын тікелей сатып алуға байланысты және т.б.с.с. тікелей басқада байланыстар.

Сонымен өнімді өндіруге қажетті материалдардың сатып алу құны және оларды сатып алуға жұмсаған шығындар жиынтығы келіп түскен материалдық–шикізат қорлар көлемінің барлық нақты құнын құрайды. Жеке данасының құнын барлық өздік құнды олардың санына бөлу арқылы анықталады.

Осыдан келіп әрбір сатып алынған шикізаттар мен материалдарға олардың барлық көлемінің өздік құнымен шикізат пен материалдар бір данасының (бірлігінің) нақты өздік құнын анықтау мақсатында калькуляция құру қажет. Осы кезде калькуляция баптарының тізімін бухгалтерлік құжаттарда бірінші көрсетіледі. Өйткені бір түрлі материалдың өздік құны сатып алу бағасымен жеткізуге жұмсалған шығындардың түрлеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Шикізаттар мен материалдардың өздік құнының калькуляциямен құжаттар негізінде бухгальтерлік есепке алу топтарында жазу жүргізіледі. Материалдар мен шикізаттардың жиынтық есепке алуда нақты өзіндік құны элементтері бойынша тауарлы материалдарды жазу шотының 2 бөлімінде, материалдар шотының 20 бөлшегін, материалдар бухгалтерлік есепке алудың бас жоспар шоттарында Қ.Р. субъектілерінің қаржылық шаруашылық қызметінде көрсетіледі.