Бұл материалдық құндылықтар «Түгендеу кезінде келіп түскен материалдық құндылықтар» деген атауы бар жеке тізімге жазылады.
Түгендеу ұзақ уақыт жургізілген кезде, ерекше жағдайларда және кәсіпорын басшысы мен бухгалтерлердің жазбаша рұқсатымен ғана түгендеу процесінде тауарлы – материалдық құндылықтарды материалды жауапты тұлға түгендеу комиссиясының мүшелерінің көзінше босата алады. Бұл құндылықтар «Түгендеу кезінде босатылған тауарлы – материалдық босалқылар» деген атпен жеке түгендеу тізіміне енгізіледі. Түгендеу тізімі түгендеу кезінде түскен тауарлы – материалдық құндылықтарға арналған құжаттарға ұқсас рәсіделеді. Шығыс құжаттарында түгендеу комиссиясы төрағасының қолы қойылып, белгі соғылады.
5.4 Кәсіпорынның материалдық қорларының қоймадағы есебі
Қоймалардағы материалдық босалқыларды есепке алуды материалдық жауапты адамдар немесе олардың келісімімен жұмысын атқаратын есепшілер материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларында жүргізеді. Босалқылардың әрбір номенклатуралық нөміріне жекеленген карточкалар ашады, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.
Алған карточкаларда қоймашы материалдың сақталатын орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады.
Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданылады. Ол нақты қалдық қордың белгіленген қалдықтарынан ауытқушылығын бақылау үшін және қозғалыссыз жатқан қалдыққа бақылау жасау үшін қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасының деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық – техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.
Жетіспеушіліктер мен материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай – ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқаулардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бухгалтерлік есеп бюросының басшысына хабарлауы тиіс.
Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарын есепке алатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынын бухгалтерияға қайтарады.
Сөйтіп, қойма меңгерушісі материалдарды есепке алуға, олардың карточкаларын жүргізуге, құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп кітабының қалдықтарын шығаруға міндетті.
Тауарлық – заттық қорлардың есеп кіпатшасы
Карточканың сол жақ бас жағына кәсіпорын немесе ұйымның аты жазылады. Номенклатуралық номері, бірлік өлшемі және тауардың бағасы жазылып көрсетілуі тиіс.
Тауарлық – материалдық қордың аты міндетті түрде. Жазылған күні, құжат номері, кімнен алынғаны немесе кімге берілгені, кірісі шығысы, қалдығы және соңында бақылаушының қолы көрсетілуі керек.
Талап накладнойы № 15
Бұл кәсіпорынға керекті материалды осы талап накладнойында жазылады.
Оны негізінен кәсіпорын басшысының бекітілуімен жүргізіледы. Онда сонымен қатар орталық бухгалтериясы,мекемесі материалдық жауапкер тұлғаның аты, нақты соммасы және негізгі мақсаты жазылады.
Соның астында кесте түрінде берілген талап етілген материалдық қордың аты, бірлік өлшемі, номенклатуралық номері, талап етілген және жіберілген саны, бағасы және соммасы көрсетіледі. Мысалы: КГКП РМО кәсіпорнына ТОО «Бион-Мед» жабдықтаушысынан мынадай материалдар келіп түсті:
Аспирин 100* 11=1100
Валидол 50* 68=3400
Шприцы 150* 35=5250
Барлығы: 9450 теңгені құрады
Қажет материалдары жазылған. Осы накладнойда көрсетілген материалдар жіберілді.
Сенім хат
Сенім хат негізінен жазылған күнінен бастап 31 желтоқсанға дейін жарайды. Сенім хатта талап етушінің аты және мекен-жайы, төлеушінің аты және мекен-жайы көрсетілуі керек. Сонымен қатар, қандай банкпен есеп айырысатыны жазылады.Содан кейін ғана сенім хаттың берілген күні, кімге берілгені (мамандығы, тегі, аты, жөні); жеке куәлігінің номері және қай күні (айы, жылы) берілгені, қандай орган арқылы алынғаны көрсетілуі керек. Жабдықтаушының аты және нешінші накладной бойынша алатыны жазылады. Ал екінші бетінде реттік номері, тауарлық – материалдық қордың аты, бірлік өлшемі және саны жазылады. Сонымен қатар сенім хатты алған адамның фамилиясы, кәсіпорын директорының және бухгалтерлік есеп бюросының басшысының қолдарымен және мөрімен куәландырылады.
Мысалы: сенім хат 20 сәуір 2007ж дейін сенімді. Жабдықтаушы ТОО «Бион-Мед», ал талап етуші: КГКП РМО Банк аты: Жезқазған қ., «Тұран Әлем» банк АҚФ шоты № 0070182
Сенім хат бас инженер Ж.Д. Құдайбергеноваға берілді.Жеке куәлігінің №542113 20.01.1998ж. ҚР ІІМ-мен берілген.
№ 20 накладной бойынша Тоо «Бион-Мед»-тен алынатын материалдар атауы, өлшем бірлігі және саны (жазумен) толтырылады: шпалы-бес дана;
Асперин 100уп, Валидол 50ам, Шприцы 5,0 150шт.
Одан кейін сенім хатты алған адамның фамилиясы жазылады. Сосын кәсіпорын басшысы мен бухгалтерлік есеп бюросының басшысы қолдарын және мөр қояды.
Накладная
Бұл жабдықтаушының толтыратын бланкісі болып саналады. Онда жабдықтаушының аты және қандай жауапты тұлғадан жіберілетіні жазылады. Сонымен қатар алушы кәсіпорынның немесе ұйымның аты және сенім хат номері жазылуы керек. Астыңғы жағында басшы және жіберілген адамның, сонымен қатар бухгалтердің және қабылдап алған адамның фамилиялары жазылуы керек. Мысалы:
ТОО «Бион-Мед» –тен жіберді. КГКП РМО кәсіпорыны № 20 сенім хатпен қабылдап алды. 19 сәуір 2007ж. № 20 накладная, ал 21 сәуір 2007ж ТОО «Бион-Мед» –тен № 25 сенім хатпен келіп түсті.
Алған тауардың аты, саны, бағасы және сомасы жазылады.
Оның астыңғы бөлігіне басшының, жіберген адамның, бухгалтердің және қабылдап алған адамның фамилиялары жазылады.
Бұл накладной шот – фактураға сәйкес толтырылады және шот – фактурамен қатарласып жүреді.
Шот – фактура
КГКП РМО кәсіпорыны тауарлы – материалдық қорларды алу кезінде өзара келісім арқылы жүргізіледі. Алдымен оған счет – фактура толтырылады. Онда жабдықтаушының толық адресі, қандай банкпен бенефициар жасайтыны және тауарды қай жерге дейін жеткізуі көрсетіліп жазылуы керек. Мысалы : оны мына счет – фактурадан көруге болады.
21 сәуір 2007ж жасалған № 20 счет – фактура
ТОО «Бион-Мед» жабдықтаушысы
Жабдықтаушының мекен – жайы және РНН-і: ҚР Жезқазған қ., Маметова көшесі, 58 үй,620220789685
Жабдықтаушының есеп айырысатын № 185655889 Жезқазған қ., «Казкоммерцбанк» АҚ, БИК 250165
ҚҚС сериясы бойынша тіркеме куәлігі 15147,03.06.04ж.№2456273
Келісім бойынша төлем шарты: қолма – қолсыз есеп айырысу
Тауарды орналастыру орыны: Жезқазғанқ., Анаркуловва к., 5 үй
Тауарды орнату № сенім хатымен орналастырылады: сенім хат № 30 04.08.2007ж
Сатып алушы : «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС – нің По «ЖЦМ» филиалы ТШЖЗ кәсіпорыны
Сатып алушының мекен – жайы және РНН – і: 340000002945 Жезқазған қ., Анаркулова к., 5үй
Сатып алушының есеп айырысу шоты: 007561284 Жезқазған қ., БИК 198521609 «Тұран – Алем» банкісі АҚФ
Олар «Астана» ЖШС –нен кәсіпорынға қажетті материалдық жабдықтар алған. Соңында кәсіпорын директорының және бухгалтерлік есеп бюросының басшысының қолы фамилиялары жазылып, кәсіпорын мөрі басылуы тиіс. Ал оның жанында осы тауарларды жіберген жабдықтаушының мамандығы және фамилиясы жазылып қолы болуы керек.
ТМҚ кіріске алу бойынша синтетикалық есебі.
Кәсіпкерлік ұйымдарда қорлар кіріске алынады:
- жеткізушілерден сатып алынғанда;
- қызметкердің дебиторлық берешегі арқылы;
- қайтарымсыз басқа заңды және жеке тұлғалардан;
- құрылтайшылардан салым ретінде;
- түгендеу барысында артық шыққанда;
- өндірістен (дайын өнім);
- айырбас операциясы нәтижесінде;