Жарғылық қорға салымдардың салынуыньщ жүзеге асырылуына қарай 5110-ші "Төленбеген капитал" шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:
-материалдык емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде 1010,1030,1100,... шоттары;
жерді, негізгі күралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде — 2410 шоттары;
материалдар мен тауарларды жарғылық корға жарна ретінде төлеу кезінде 1310,1330, ...шотгары;
ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде
1010,1030 шоттары дебеттеледі.
Егер де 5110 шотының дебеттік калдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.
5110-ші шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, қүрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.
2.3 Резервтік капиталдың есебі
Резервтік капитал — кәсіпорынның таза табысының есебінен калыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын (шығындарын) жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық кұжаттармен және қодданыстағы нұсқаулармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.
Резервтік капиталдың есебі 5400-ші "Резервтер" бөлімшесінің пассивті шоттарында жүргізіледі.
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарыңда (жарғысыңца, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланган жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.
Резервтік капиталдарды қалыптастырған (кұраған) кезде 5510 шоты дебеттеледі де, 5410 шоты кредиттел.
2.4 Жиынтық кіріс есебі. Өткен жылмен есептік жылдың бөлінбеген табысы (залалы).
Жарғылық капитал ол жариянған капитал, кәсіпорынның қызмет шаруасына қажетті капитал. Жарияланған капитал кәсіпорынның қызмет мерзімінде өзгермейтін көлем. Ол құрылтайшылардың жарғысында көрсетіледі және олардың шешімімен қарастырылады.
Жыл соңында қаржылық нәтиже 5610 шотқа жиналып табыс немесе залал болып анықталады. 5610шоттағы нәтиже 5510 шотпен жабылып таза табыс немесе залал анықталады. Осы шотта табыс анықталса өткен жылдары 5520шотта залал болса 5510шоттың табысымен жабылады. 5510 шоттағы табыс құрылтайшылар арасына үлестіріледі Д 5610К 3030 бухгалтерлік проводкамен.
1. Қатысушылар.
Кәсіпкерліктің ең кең тараған түрі серіктестік.
Серіктестікті құру үшін заңгермен келісім шарт жасалу керек, ол ушін бухгалтерлік есеп жағынан:
- құрылтайшылармен салынған үлес сомалары көрсетілуі керек (құрылтайшылық);
- кірістің бөлінуі (залал болса) қатысы (қалай бөлінеді құрылтайшылар арасында);
- кірісті (табысты) бөлуге дейінгі капиталға салынған пайызды көрсетуі;
-құрылтайшылардан қайта алынған акцияларға пайыз белгіленген болса, сол пайызді көрсету;
- құрылтайшыларға жасалатын төлемдер керек.
Әр құрылтайшылардың үлес сомалары К-теледі: -бастапқы салынатын сомаға;
- кейінгі салынатын сомаларға;
- бөлінетін табыстың үлесіне.
Әр құрылтайшылардың үлес сомалары Д-теледі: -заладың үлес сомасына;
- капиталдың азаю сомасына;
- жыл соңындағы кеміген табыс сомасына.
2.Капиталдың құрылуы.
Мысалы: екі тұлға серіктестік құруды шешті 1.01.2005ж.
Жарияланған капитал 500,0тг. Сонда бухгалтерлік жазба болады :
Д 5110 К 5030 500,0
5030 шот пассивті, меншікті капитал шоты., ал 5110 шот контрпассивті, контрарлық, реттеуші.
Ай ішінде олардан салымдар түсті:
Алпысов К.С. Егоров Е.И.
Ақша түрде 60,0 Ақша түрде 56,0
Тауар 34,0 Тауар 16,0
Жер 80,0 Негізгі құрал 12,0
Барлығы 174,0 Барлығы 84,0
Д 1030 116,0 К 5110 258,0
1330 50,0
2410 92,0
2005ж.1.07 әр қайсысы қосымша салым қосты ақша қаражаттан:
Қосылған үлесте (активі) Д-те жазылып 5110 шот К-теледі.
Алпысов К.С. Егоров Е.И.
Ақша түрде 10,0 Ақша түрде 33,0
Сонда болады 184,0 117,0
Д 1030 43,0 К 5110 43,0
3. Капиталдың қайта қайтарылуы.
Шаруашылық жұргізу барысында құрылтайшылар капиталды шамалап алуға құқылы. Капиталдың қайта қайтарылуы Д 5210шотта көрсетіледі К не алынғаны.
Мысалы 2005ж.қазан айында Алпысов К.С. ақшалай 56000тг. алды және тауармен 16000тг., ал Егоров Е.И. ақшамен 30000тг., тауармен 11000тг. Осы мерзімде бөлінетін табыс 30000тг. құрады құрылтайшылар арасында тең бөліну кереке (келісім шарт бойынша).
Сонда: табыс 30000тг. Алпысовқа К.С. 15000тг.
Егоровқа Е.И. 15000тг.
Д 5510 К 5110
Алпысов К.С. 56,0 +16,0 = 72,0
Егоров Е.И. 30,0 + 11,0 = 41,0
Д 5110 К 5210
Сонда екуінің шоттарында
Алпысов К.С. Егоров Е.И.
К 5110 шот 2005ж. 1.01. 174,0 84,0
2005ж. 1.07. 10,0 33,0
Д 5110 2005ж. 31.12. 72,0 41,0
К 5110 15,0 15,0
Барлығы 127,0 91,0
4. Серіктестіктерде кіріс (табыс) пен шығын (залал) бөлінуі.
Кіріс (табыс) пен шығынның (залал) бөлуі келісімшартта қарастырылады.
Құрылтайшылардың жиналасының шешімімен жасалады. Бұреуі қызметке аз уақыт бөліп бірақ көп үлес салуы мүмкін, екіншісі керсінше.
1.Таза табыс құрылтайшылар арасында біркелкі (пропорционально)бөлінеді:
- тең;
- келісілген үлес бойынша;
- жыл басындағы бар капиталды біркелкі; (пропорционально)
- сальдынған активтер орташа көлемі бойынша біркелкі (пропорционально).
2. Таза табыстан құрылтайшыларға еңбекақы ретінде (сыйлықақы), одан қалғаны (алдындағы әдіспен).
Мысалы :
2005ж.қорытынды бойынша таза табыс 80,0тг. болды.Екі құрылтайшы.
1) таза табыс тең бөлінсе 80,0 : 2 = 40,0теңгеден болады.
2) бұреуінің үлесі 60%, екіншінікі 40%, сонда 80,0 х 60% = 48,0;
80,0 х 40% = 32,0.
3) бұреуінде 50,0тг., екіншіде 100,0тг.,сонда (80,0х 50,0) : 150,0 = 26667тг;
(80,0х100,0) : 150,0 = 53333тг.
4) бұл әдісте әр құрылтайшыны инвестициялау мерзімі аталу керек.
Орташа көлемін анықтау үшін капитал қалдығын осы капитал неше айда өзгеріссіз қалып отрыған айдын санына көбейту керек.
Мысалы : Бірінші құрылтайшы:
Сальдо өзгеріссіз болды сома
2005ж. 1.01. 50,0 50,0 6 ай 300,0
2005ж. 1.07. 15,0 65,0 5ай 325,0
2005ж. 1.12. 30,0 95,0 1ай 95,0
Барлығы 12ай 720,0
Екінші құрылтайшы:
2005ж. 1.01. 100,0 100,0 3 ай 300,0
2005ж.1.04. 17,0 117,0 4ай 468,0
2005ж. 1.08. 3,0 120,0 5ай 600,0
Барлығы 12ай 1368,0
Сонда орташа көлемі Бірінші құрылтайшы бойынша 720,0 : 12 = 60,0тг.
Екінші құрылтайшы бойынша: 1368,0 : 12 = 114,0тг.
Кәсіпорынның орташа капитал көлемі 174,0тг.
Кәсіпорынның орташа капитал көлемінің коэффициенті :
Бірінші құрылтайшы бойынша 60,0 : 174,0 = 0,345тг.немесе 34,5%
Екінші құрылтайшы бойынша: 114,0 : 174,0 = 0,655тг.немесе 65,5%.
Д 5510 – 80,0
К 3030 27,6 ( 80,0 х 34,5%)
52,4 ( 80,0 х 65,5%).
3. Таза табыстан құрылтайшыларға еңбекақы төленеді ,одан қалғаны белгіленген ставка бойынша.
Мысалы : а) құрылтайшылар 6% жылдық ақы алып отырады бастапқы салымдардан.
Бірінші құрылтайшы: 2005ж. 1.01. 50,0
Екінші құрылтайшы: 2005ж. 1.01. 100,0 таза пайда 80,0тг. сонда :
Таза пайда 80000тг. Бірінші құрылтайшы Екінші құрылтайшы
Салынған салым үшін пайызы 6%: 3000(50,0х6%) 6000
Еңбекақы 16000 10000
Қалдықты үлестіру (80,0-9,0-26,0): 2 =22500 22500
Барлығы 41500 38500
Б) егер кәсіпорында табыс жоқ, бірақ құрылтайшылар еңбекақы алды және пайыздарын алды:
Шығын 20,0тг. :
Бірінші құрылтайшы Екінші құрылтайшы
Салынған салым үшін пайызы 6%: 3000 6000
Еңбекақы 16000 10000
Қалдықты үлестіру (20,0+9,0+26,0): 2=-27500 -27500
Барлығы (3,0+16,0-27,5) -8500 -11500
Д 5110 20,0
К 5610 20,0
С) Таза табыстан құрылтайшылар арасында улестіру барысында біреуінің капиталының көбейуі екіншінікін азайтуы мүмкін.
Мысалы: кәсіпорынның есептік жыл бойынша 2800таза табыс шықты
таза пайда 2800тг. сонда :
Таза пайда 80000тг. Бірінші құрылтайшы Екінші құрылтайшы
Салынған салым үшін пайызы 6%: 3000 6000
Еңбекақы 16000 10000
Қалдықты үлестіру (2,8 -9,0-26,0): 2 =-16100 -16100
Барлығы 2900 -100
Д 5610 2800
Д 5110 (2-ші) 100
К 5110 (1-ші) 2900
5. Құрылтайшылар құрамының өзгеруі.
Кәсіпорын қызмет барысында бұрынғы құрылтайшылар келісімімен жаңа құрылтайшылар кіруі және бұрынғылардың шығуы құқылы.
Мысалы екі құрылтайшылар, олардың үлес көлемі 30,0 және 45,0тг.
Біреуінен үшінші адам үлестік құқысын сатып алады 100,0тг.
Жаңа құрылтайшыны алады егер ол 80,0тг. салса ғана:
Д – 1030 80,0
К – 5110 80,0
Барлығы Д 1030 К 5110 155,0.
Сыйақы төлемі:
Екі құрылтацшылар арасында 60,0 және 85,0тг.елесі бойынша таза табыс 2:1 пропорциямен бөлінеді. Бұларға үшінші адам 55,0теңгемен қосылады. Сонда 1:4 улесі болады. Сонда ; 60,0; 85,0; 55,0- барлығы 200,0тг. оның ішінде үшінші адамның 200,0 х1\4= 50,0тг.