Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 29 из 41)

Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын , қосалқы бөлшектер және басқа материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есепке де көсетіледі; талдамалы есепке – тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған – есеп бағасы) көрсетіледі.

Сауда шегерімдері, артық төлемдер және басқа да түзетулер алынған шығындарды анықтаған кезде шегеріледі. Тауарлы - материалдық запастардың таза сату құнын шығару үшін олардың жәй шаруашылық қызметінің барысында сатылатын бағасынан сату мен комплектацияға кеткен шығынын алып тастағанға тен. Өзіндік құн мынадай себептер бойынша қалпына келтірілмеуі мүмкін, онда тауарлы – материалдық запастардың таза сату құны пайдаланылады:

- осы тауарлы – материалдық запастар біршама бүлінген;

- олар тұтастай немесе ішінара ескірген;

- олардың сату құны төмендеген.

Сатылатын таза құнын да, өнімнің өзіндік құнынан да төмен бағасы бойынша анықтау үшін ТМҚ-ға мына төмендеідей әдістерді қолдануы мүмкін:

- баптық әдіс - әр бір ТМҚ түрлерінің баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады;

- негізгі материалдар тобының әдісі – ТМҚ топтарының баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады;

- жалпы запастар деңгейінің әдісі – барлық ТМҚ – дың баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады.

Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасыесептік кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтаноларды дұрыс анықтау үшін, 7- БЕС қаратырылған төрт әдістің бірін қолданамыз:

1. Арнайы (тұтастай) идентификациялау әдісі

2. Орташа өлшемді әдіс қорларды бастапқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі («Фифо»)

3. Қорларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі («Лифо»)

4. Ерекше теңестіру, ұқсастыру әдісі.

Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың құны – ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі.

Бұл есепті есептеудің математикалық формуласы мынадай:

Орташа құны =

Мұндағы:

есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық құны;

Км.қ. - есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық саны;

алынған материалдардың қалдық құны;

К алын. – алынған материалдардың саны.

«Фифо» әдісі – босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға деп есептеледі, яғни бірінші келген – бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алынғанның құнына негізделеді.

«Лифо» әдісі – запастарды соңғы сатып алғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі. Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ал ай (кезең) соңындағы қорлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен есептеледі.

Арнайы идентификациялау (бірыңғайлау) әдісі. Бұл әдіс запастардың партиялқ есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады.

5.2 Материалдық запастардың қозғалысын есептеу кезінде жасалатын құжаттар

Өндіріс запастарының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар матариалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей алғашқы құжаттардың көмегімен тауарлы-материалдық запастардың тиімді пайдалануын және сақталуын,қозғалысын алдын-ала, ағымдағы және келешектегі бақылауын жүзеге асырады.

Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алынуына қатысты барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.

Әрбір атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгілері – номенклатуралық нөмірі беріледі,содан соң барлық құжаттарда ТМҚ-дың бары мен қозғалысы бойынша берілген нөмірі қойылады. Номенклатуралық нөмірі: баланс шоттарының нөмірі немесе материалдардың қатар нөмірі бойынша берілуі мүмкін. Материалдардың номенклатурасында есептелінетін материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға номенклатурасы деп аталады. Ол жүйеленген материалдар тізімі бойынша жасалады және оны кәсіпорынның барлық бөлімшесі (материалдық-техникалық жабдықтау, бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде пайдаланады.

Тауарлы – материалдық запастардың түсуін қажетпен рәсімдеу. ТМҚ-ды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан,темір жол станциясынан, айлақтардан,аэропорттан, материалдық жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

Жабдықтаушылардың ( жіберушілердің) қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде алушы- кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.

5.3 Тауарлы- материалдық құндылықтарды түгендеу

Тауарлы- материалдық құндылықтарды түгендеу – меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін, олардың қоймалық және бухгалтерлік есепке алынуын қамтамассыз ететін бақылаудың бір тәсілі. Оны меншік нысанын, қызмет түріне және жұмыстың режимділігіне қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда жүргізіледі. Түгендеу комиссиясы тауарлы-материалдық құндылықтардың түгендеу тізімін жасайды. Түгендеу тізімі тауарлы-материалдық құндылықтардың (шикізаттың,материалдардың,дайын өнімнің және басқалардың) нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады. Түгендеу тізімін комиссия материалдық құндылықтарды әрбір түрған орны мен материалдық жағынан жауапты тұлғалары бойынша жүргізіледі.түгендеу басталғаннан бұрын әрбір материалдық жағынан жауапты адамнан қолхат алынады, ол үлгінің бас жақ бөлігінде көрсетілген. Тауарлы - материалдық құндылықтар түгендеу тізіміне әрбір жеке атау бойынша номенклатуралық нөмірі, түрі, тобы,артикулы, сорты және саны көрсетіледі. Түгендеу кезінде анықталған жарамсыз немесе бүлінген материалдар мен дайын өнімдерге тиісті актілер жасалады. Нысананың соңғы бетінде комиссия төрағасының қолын қояр алдында тауарлы – материалдық құндылықтарды түгендеу кезінде қозғалысқа түскен жағдайда құжаттардың соңғы нөмірлерін жазу үшін екі бос жол қалдырылады.

Егер кем шыққан материалдар түгендеу барысында табылса, онда оны тізімге енгізеді.

Белгіленген тәртіппен рәсімделгеннен кейін түгендеу тізімін салыстыру үшін бухгалтерияға беріледі.

Тауарлы – материалдық құндылықтарды түгендеу, әдетте, белгілі бір қоймада, үй – жайында тұрса ғана жүргізіледі.Түгендеу кезінде тауарлы – материалдық құндылықтың бір түрінен екінші түріне ретсіз ауысуға жол бермейді. Тауарлы – материалдық құндылықтар бір материалдық жауапты адамда әртүрлі оқшауланған үй – жайда сақталған кезде түгендеуді сақтау орны бойынша жүйелі түрде жүргізіледі. Құндылықтар тексеріліп болған соң, үй-жайға кіруге пломба қойылып, комиссия жұмыс істеу үшін келесі үй – жайға ауысады.

Түгендеу жұмыс комиссиясының төрағасы немесе рның тапсырмасы бойынша комиссия мүшелері қойма меңгерушісінің (қоймашының) және басқа да материалдық жауапты адамдардың көзінше тауарлы – материалдық құндылықтардың нақты бар-жоғын олардыміндетті түрде қайта есептеу,қайта өлшеу арқылы тексереді. Тізімдерге материалды жауапты адамдардың сөзінен немесе олардың нақты бар-жоғын тексерместен есепке алу деректері бойынша деректер енгізуге жол берілмейді. Түгендеу кезінде түскен тауарлы – материалдық құндылықтарды материалдық жауапты түгендеу комиссиясы мүшелерінің көінше қабылдап алады және түгендеу аяқталғаннан кейін түскен тізімге енгізіп, кіріске алады.