Осыған орай мына келесілерге назар аудару қажет:
Іс- сапарға кеткен жұмыскер іс – сапар кезінде баратын жерлеріне және артқа қайтқан кезде шығындар жұмсайды. Шығындар іс – сапарда өндірістің мамандығына байланысты, онда тереториялық куәліктер дайындалғанға және басқа да жол құжаттарын дайындағанда қаржы жұмсалады.
Іс – сапар куәлігін толтыру үшін мына мысалдан көруге болады.
3.6 Берілген аванстар бойынша есеп айырысу есебі
Жабдықтаушыларға және мердігерлерге берілген аванстар бойынша есеп айырысу есебі «берілген аванстар» шотының бөлімшесінде, яғни «тауарлық – материалдық қорларды алу үшін берілген аванстар» және «Жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсету үшін берілген аванстар» шоттары қолданады. Бөлімшелер шоттында тауарлық – материалдық қорды бергені үшін аванстармен немесе орындалған жұмыс, сонымен қатар өнім бойынша төлемдер, жұмыс және қызмет, олардың жеке дайындықтары бойынша тапсырыс берушілерден қабылданғаны туралы ақпараттар қамтылады.
Берілген аванстар соммасы сонымен қатар, жеке дайын өнім және жұмыс үшін жұмсалған төлемдер шоты дебиттеліп, келесі бөлімше кредит шоттармен корреспонденцияланады 1150 «Банктердегі аккредиттивтердегі, чектердегі, карт – шоттардағы ақша», 1050 «Ел ішінде шетел валютасындағы, ағындағы, корреспонденттік шоттардағы ақша»,1010 «Ұлттық валютадағы қолма – оқл ақша», 1040 «Ұлттық кассадағы ақша», және басқалар; шетелдік валютадағы берілген аванс бойынша курстық айырма соммасы – 6250 «Бағам айырмасынан түсетін табыс» шоттымен корреспонденцияланады.
Кредит шоттары бойынша берілген аванс соммасы және жеке дайын, жұмыс көлемі біткен жұмыстар үшін жабдықталушылардың есептеген төлеміне сәйкестеліп 3310 «Төленетін шоттар» дебит шоттымен корреспонденцияланады; шетелдік валютада берілген аванстар бойынша дұрыс емес курстық айырмалар соммасы 844 «Бағам айырмасы бойынша шығыстан» шоттымен корреспонденция жасайды.
Берілген аванстардың аналитикалық есебі басқа дебитторлық және кредитторлық қарыздар шоттын «Тауарлық – материалдық қорларды алу үшін берілген аванстар» және «Жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсету үшін берілген аванстар» жеке дебитторлық шот бойынша аналитикалық есеп айырысу есебі ведомстінде жүргізіледі.
Кәсіпорын кассасынан қолма – қол ақша алған жұмыскер, іс – сапар үшін алған қаражатта және басқа да шығыстық қаражаттар үшін есеп беретін адамдар деп саналады.
Кәсіпорын кассасынан берілетін ақша шығыстың құжаттарда шығыстық, кассалық ордерді дайындау арқылы беріледі. Берілетін сома көлемі кәсіпорын басшысы әр адамға әр түрлі сома тағайындайды. Есеп беретін адамдар алған сомасы туралы есеп беруге міндетті, ол жұмыс уақыты бойынша 3 күн түзбейлік күннен аспау керек немесе іс – сапардан келген күні есеп береді. Белгі бір мерзімде кәсіпорын басшысы 3-6 айға жұмыс уақыты бойынша өз жұмыскеріне берілген соммаға есеп бермеу туралы бұйрық шығару мүмкін. Тағы да мынаны атап кету керек, егерде жаңадан есеп беретін аванстық сома берілген болса, ол да солай болады.
Кәсіпорын басшысы өз жұмыскерін белгілі бір мерзімге жұмыс орны емес жерге белгілі бір қызметті орындау үшін адамды іс – сапарға жібереді, әрине оның бәрі кәсіпорын басшысының бұйрығы арқылы дәлелденеді. Егер де филиал, ұйым басқа біріккен жерде болса, күнделікті жұмыс орны болып жұмысқа оқл қойған сенім хатта белгіленген жер болады. Жұмыскерлерді кәсіпорын іс – сапарға жіберуде өзі оларға анықтама беру керек және ол іс – сапар куәлігінде толтырылуы қажет. Кәсіпорын басшысы жұмыскерлерді тек қана өз бұйрығымен жібереді.
Іс – сапар мерзімі кәсіпорын басшысының беруімен анықталады, бірақ ол оны 40 күнге созуы мүмкін, жолда болатын күнді санамағанда, егер де іс – сапарға кеткен адам әр жерлерге баратынболса, онда іс – сапар куәлігінің артына келген және кеткен күндері жазылып, мөрмен куәландырып отырады. Іс – сапарға шыққан күні кеткен күні болып есептеледі, ал күндіз келген күні – жеткен жеріне келсе келген күн болып есептеледі. Қолма – қол берілген ақша іс – сапар шығынына жол ақысы және күндік уақытында есептеліп жұмсалып отырады. Іс – сапарға берілетін сома көрсеткіші кәсіпорынның өз еркінде, бірақ оның кейбір сомалары салықтық есеп беруде жазылады. Егер инфляция болса, онда қаржы көлемі өседі. Іс – сапар шығысына келесілерді жатқызамыз.
● Біріншіден, күндік норма жұмыскер шығысына қосылады.
Осыған орай мына келесілерге назар аудару қажет:
Іс – сапарға кеткен жұмыскер іс – сапар кезінде баратын жерлеріне және артқа қайтқан кезде шығындар жұмсайды. Шығындар іс – сапарда өндірістің мамандығына байланысты, онда территориялық куәліктер дайындалғанға және басқа да жол құжаттарын дайындағанда қаржы жұмсалады.
5 Тауарлы-материалдық құндылықтар мен жабдықтардың есебі
5.1 Тауарлы-материалдық қүндылықтар
Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Тауарлы-материалдық босалқылар келесідей активтер турінде болады:
өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құратсырушы бұйымдар,отын, ыдыс және ыдыстықты материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында стуға шығарылған дайын өнім, тауарлары.
Материалдық құндылықтарды есепке алудың мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды дер кезінде және толығымен есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.
Өндіріс барысындағы функционалдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде ұн( құрайтын материалдар, көмекші матеиалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар,лак, желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.
Материалдық босалқы қорлардың түрін есепке алу үшін 1300 «Материалдар» бөлімі қолданылады.
1310 « Шикізат пен материалдар» шотында шығарылған өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.
1311 « Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар және бөлшектер» шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар және өндірілген өнімді құрастыру үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар және жинауға немесе өңдеуге кеткен шығындар есепке алынады.
1312 « Отын» мұнай өнімдері, қатты және басқа да өнім түрлері есепке алынады.
1313 « Ыдыс және ыдыстық материалдары» ыдыстың барлық түрлері (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда» және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады.
1314 « Запас бөлшектер» жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін айырбастауға арналған запас бөлшектер есепке алынады.
1350 « Басқа да матриалдар» өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б.есепке алынады.
1316 « Өңдеуге берілген материалдар» шотында сыртқы өңдеуге берілген материалдардың және өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнға енгізілгені есепке алынады.
1317 « Құрылыс материалдары» құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және құрылыс процесінде тікелей пайдаланылатын құрылыс материалдарын есепке алады.
Тауарлы – материалдық запастарды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнмен,не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы – материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей,әлде толықтай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату бағасы пайдалануы мүмкін.