Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 26 из 41)

● Ақшалар арқылы есеп айырысу оепрацияларын толық, уақытылы және дер кезінде есептеу ;

● Кәсіпорындардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдалануын бақылау;

● Есеп айырысу, төлеу тәрітібін бақылау;

● Кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

Ақшалар шоттарындағы тек ғана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Ақша бағаналары бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.

3.2 Қаржы салымдары есебі

Қаржы салымына кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды тұлғалардың құнды қағаздарын сатып алуға жұмсаған қаржылары жатқызылады. Қаржы нарығының айырықша бөлігі – ол құнды қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициялар мен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен зайымдарының қаражаттарын айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалық қағаздар нарығы пайда болады. Іс жүзінде акция, облигация және басқа да құнды қағаздарды шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар құнды қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар қысқа мерзімді қаржы салымын салған уақытта оның бухгалтерлік есебінде мынандай жазулар жазылады. Мысалы, кәсіпорын 500000 теңге көлемінде қысқа мерзімді қаржы салымын салған деп алатын болсақ, дебит – қысқа мерзімді қаржы салымы және кредит – ақшалар шоты } 500000теңге.

Қаржы инвестициялар есебін жүргізу үшін келесі шоттар тағайындалған:

2010 – акциялар

2011– облигациялар

2040- өзге де қаржылық инвестициялар

Ескеретін бір жағдай кәсіпорындар мен ұйымдардың өздерінің салған қысқа мерзімді қаржы салымы негізінде шығын шегуі қаржы салымының қор биржаларындағы ағымдағы құнды қағаздардың құны кеміген жағдайда болуы мүмкін.

3.3 Касса операциясының есебі

Кәсіпорын мен ұйымдардың кассасы жұмысшы қызметкерге есептелген еңбек ақы бойынша есеп айырысу күнделекті көлік құралдарына қажетті шығындарды төлеп отыру үшін, кеңсе тауарын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды почта арқылы жөнелту үшін есеп айырысу арналған. Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама орнатылған, ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орналасқан, терезесінде және есіктің ішінде темір тор орналасуын, сонымен есігі темірден болуы керек. Касса қызметкері әрбір жұмыс күнінің соңында кассаны жауып күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелділігіне кассир толық жауп береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда кассирлік жұмысқа қызметкер орналасқан жағдайда, яғни ұйым басшысы касса қызметкерін тағайындау туралы бұйрыққа қол қойғаннан кейін кәсіпорын мен кассир арасында материалдық жауапкершілікке келісім шарт жасалуы қажет.

Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізуге ереже белгілейді.

Кәсіпорындар өздерінің есеп шоттарынан қолма-қол ақша алады. Бұл мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапшалар береді. Субъект чек жаза отырып, онда талап етілетін сомманың тағайындалуын көрсетуге міндетті.

Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен рәсімдейді. Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін рәсімдеу үшін қолмен өңделгенде де, ақпаратты компьютерге өңдегенде де қолданылады. Кірістік кассалық ордерін бухгалтер қызметкерібір данамен жазады. Оған бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәландырады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттар тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушысының қолына беріледі, ал ордер кассада қалады.

Қолма-қол ақша берумен операциялар шығыстық ордермен №КО-2Ф немесе басқа құжаттармен және фискальді коды бар бақылау кассалық ақпараттар арқылы жүргізіледі. Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін рәсімдеу үшін қолмен өңдеуге қолданылады. Кассалық ордерлер бойынша ақша қабылдау мен беру, оларды толықтырған күні ғана болады. Шығыстық кассалық ордрлерді және кірістік кассалық ордерлерді алған кезде кассир мынаны тексеруі қажет:

1. Құжаттарда бас бухгалтердің қолы бар жоқтығын растайтын, ал шығыстық кассалық басшының қолы бар екенің тексеру;

2. Құжаттардың рәсімдеудің дұрыстығын;

3. Құжаттарда аталған тіркемелердің бар жоқтығын.

Егер осы талаптардың бірі орындалмаса кассир құжаттарды бухгалтерге қайтарады. Түсім мен жұмсау бойынша барлық операцияларды бір жылға ашылатын (№КО4Ф) қызыл пастамен кассалық кітапқа жазылады. Оны ашқан кезде кітаптың барлық парақтары номерленіп, жіппен қайымдалуы тиіс немесе парақтардың жалпы саны кассалық кітаптың соңғы бетінде көрсетілуі тиіс. Кітап нөмермен нөмерленіп бас бухгалтер мен басшының қолдарымен бекітіледі. Кассалық кітаптағы жазбалар көшірме арқылы екі даналы кірістік кассалық ордер, шығыстық кассалық ордерде жазбаларды жазбас бұрын кассалық кітапта күн басындағы ақша қалдығы көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир күні бойы операция қорытындысын есептейді. Егер кәсіпорында күніне көп емес кассалық операциялар атқарылса, онда кассалық есептер 3-5 күнде жеті рет жазылады. Кассирден қабылданған есеп пен құжаттарды бухгалтер қызметші тексереді. Кәсіпорындарда ақшамен есеп айрысу касса арқылы жүруі мүмкін. Операциялық кассалар қолма – қол ақша алу үшін қолданылады және олар кассалық операционисттер арқылы жүреді.

Қаржы министрлігінің 1993 жылғы 30 маусымдағы № 745 «Кассалық бақылау машинасын қолдану туралы» және «Кәсіпорынның әрбір категорияларында орналасқан заңды емес тұлғаларға кассалық бақылау машинасын қолданбай ақша айырысуға болады».

30 тамыздағы 1993 жылғы Қаржы Министрлігі «Халықпен ақша арқылы есеп айырысуда кассалық бақылау машинасын қолдану туралы» және басқа да нормативтік актілер бойынша.

Кассалық бақылау машинасын қолданатын кәсіпорын мыналарға міндеттенеді:

● кассалық бақылау машинасын тіркеуден өткізу;

● қаржымен есеп айырысуда кассалық бақылау машинасын дұрыс пайдалану;

● сатып алушыға тауармен бірге кассалық бақылау машинасынан чектік кітапша беру;

● салық қызметі орындарындағы жұмыскерлер мен орталық техниканы кассалық бақылау машинасымен кедергі келтірмеу;

Міндеттемелерді бұзған жағдайда кассалық бақылау машинасын қолданбаса, онда 50-ден 100 МРОТ – қа дейін штраф төлейді.

● Дұрысталмаған кассалық бақылау машинасын қолданатын кәсіпорын 200 МРОТ штраф төлейді.

● Тауарлық операциялармен қызмет көрсететін кәіспорын Заңның 6 бабы бойынша 700 МРОТ көлемінде штраф төлейді.

● Сатылған тауарына бағасы жазылмаған жағдайда 100 МРОТ.

● Сатып алушыға чектік қағаз берілмесе, штраф 10 МРОТ немесе 20 пайыз.

Ұйым, кәсіпорын, мекеме, олардың филиалдары (заңды тұлға екенін растайтын құжаты болмаса) құжат берілерде Қаржы Минитрлігі айлық тіркемені толтырған кезде кассалық бақылау машинасымен мыналарды тексеруге міндетті:

а) Сөзбен қызмет көрсету, кәсіпорындар және мекемелер почталық байланыс жүйесі арқылы құрылыс материалын заказ берген адамға жеткізу;

б) Елден сатып алған бағалы металдар мен құнды тастар, ауылшаруашылық өнімдері;

в) Медициналық, ветеринарлық қызмет көрсету;

г) Негізгі жұмыстар кино, театр үшін көрсетілетін қызмет түрі;

д) Көшедегі дәретханаларда көрсетілетін қызмет;

е) Жалға берілген затты ломбардта сақтау ;

ж) Жәрмеңкелік мінезі үшін қызмет көрсетіледі;

з) Соттық - эксперттік мекемелерде Министр жүйесі эксперттік екенін зерттеу.