Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 24 из 41)

10.2 Баланстың өтімділігін талдау

Өтімділік бұл- дайындау және тасымалдаудың негізінде ағымдағы активтердің ақша қаражатына ауысу болып табылады. Қандай да бір активтің өтімділігі оның ақша қаражатына өту мүмкіндігімен түсіндіріледі. Өтімділіктің кәсіпорынның шартсыз төлем қабілетін білдіреді және активтер мен міндеттердің теңдігін жоспарлайды.

Кәсіпорынның активтері өтімділік деңгейіне сәйкес келесі топтарға жіктеледі.

А1) Өте тез арада сатылатын өтімділік активтері, айналым құралдарының ең басты бөлігі ақша қаражаты және бағалы қағаздар жатады.

А2) Тез сатылатын активтер- оған дайын өнім, қысқа дебиторлық берешек және басқа активтер жатады.

А3) Жай сатылатын активтер – оған баланстыңекінші бөлімдері, активті баптар «ТМЗ және ұзақ мерзімді инвестициялар» жатады, одан алдағы кезең шығындары алып тасталады.

А4) Қиын сатылатын активтер- оған негізгі құралдар мен материалдар емес активтер жатады.

Балансты паасивті оны төлеу мерзімдеріне қарай жіктеледі.

П1) Тез мерзімде өтелетін міндеттер- оған кредиторлық қарыздар, ссудалар, мерзімдегі өтелмеген және басқа қысқа мерзімді міндеттемелер.

П2) Қысқа мерзімді міндеттемелер- қысқа мерзімді несиелер, зайымдар, сонымен қатар жұмыскерлерге арналған ссудалар.

П3) Ұзақ мерзімді міндеттемелер- ұзақ мерзімді несиелер және зайымдар жатады.

П4) Тұрақты міндеттемелер- пассивті бірінші бөліміндегі бап «Меншікті капитал» жатады.

А1≥П1

А2≥П2

А3≥П3

А4≥П4

Егер кәсіпорынның активтерін алғашқы 3 теңсіздігі жауап немесе оған тең болса, онда баланс өтімді деп саналады. Керісінше жағдайда баланс өтімді емес.

Өтімдәләк коэффициенттің теориалық мағынасы 0,9 төмен болмауы керек. Ол кәсіпорынның міндеттерінің барлық түрлері бойынша есеп айырысуды білдіреді.

а1=1

а2=0,5

а3=0,3

К1=

Осы көрсеткіш бойынша кәсіпорынның жалпы төлеу қабілеттілігі анықталып, баланстың өтімділігіне байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайдың өзгеруң талданады.

10.3 Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау.

Кәсіпорынның төлем қабілетін, оның қаржылық тұрақтылықтың маңызды белгілерінің бірі, сондықтан қаржылық жағдаймен тығыз байланысты болады. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп- оның дер кезінде өзінің барлық міндеттері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек. Бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттардағы ақша болу керек. Ағымдағы төлем қабілеттігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына банктік қарыздар және басқа есеп айырысулары бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілеттігі жоғары болып саналады. Келешекте арналған төлем қабілеттігі- нақты бір мерзімдегі, оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел міндеттемелер мен салыстыру жолымен анықталады. Төлем қабілеттігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер көрсеткіштер төлем қабілеттігі коэффициенті арқылы көрсетіледі.

Егер төлем қабілеттігі коэффициенті бірге тең немесе үлкен болса, онда ол төлем қабілеттігі екенін білдіреді. Егер коэффициент бірден аз болса, онда талдау процесіне төлеу құралдарының жетіспеу себептерін анықтау керек. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсетткіштері пайдаланылады. Динамикалықтың бірі өнімді өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттеріне қатынасы болып табылады. Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміне белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін анықтау үшін кәсіпорын активті ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық өтімділігінің статистикалық көрсеткіштері кенінен пайдаланылады. 3 көрсеткіш жиі қолданылады.

1) абсолютті өтімділік коэффициент

2) аралық өтеу

3) жалпы өтеу

Абсолютті өтімділік коэффициенті- ақша қаражатын тез өткізетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді мінтеттеріне қатынасы ретіне есептелінеді.

Аралық өтеу коэффициенті- есептеу үшін ақша қаражаттарының құрамына алдыңғы көрсеткіштерінің алымына дебиторлық борыш жіне басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлар мен өз ауытында есеп жүргізу жағдайын болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағаымдағы міндеттердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен ғана емес, соныиен қатар өткізілетін өнімдер, орындалатын жұмыстар немесе көрсететін қызметтер үшін түсімдер есебінен сипаттайды.

Жалпы өтеу коэффициенті- өтімді құралдар, жедел және қысқа мерзімді мінтеттемелердің сомасын өтейтін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құралдарының тұрақтылық дәрежесін ғана емес кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесу қабілетін дәлелдейді.

ІІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП

1 Шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы және құрылымы

1.1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Қазақстан Республикасында Азаматтық кодексі бойынша кез келген тұлға кәсіпкерліппен шұғылдануына құқылы (жеке немесе бірлесіп (заңды тұлға ретінде)), оларға жатады: АҚ (ашық, жабық), ЖШС(бірлескен құрылтайшылар), еншілес ұйымдар (заңды тұлғаның жартылай қызметін атқаратын оқшандырылған құрылым), өндірістік кооперативтер (бірлесіп өнім өндіру), жеке кәсіпкерлер... Барлық кәсіпкерлік ұйымдардың мақсаты табыс табу. Осы ұйымдардың шаруашылық процестерінің қаржылық нәтижесін ұйымдастырып есептілігін жасайтын бухгалтерлік есеп. Кәсіпкерлік ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың бастапқы құжаты болып ҚР ҚМ №231-ІІІ 2007жылы 28.02. бекітілген «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі туралы» Заң болып танылады.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, жүргізу мақсаттарымен принциптері ХҚЕС №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну», №8 «Есеп саясаты, бухгалтерлік есептіліктің бағалаулар қателіктері және өзгерістері», №2 ҰҚЕС №2 «Тұжырымдама және негізгі қағидаттар», №3 «Қаржылық есептерді ұсыну», №8 «Қаржылық есептерге ескертпелер», №10 «Есеп саясаты, есептік бағалаулар мен қателер» бөлімдерінде қарастырылған.

Кәсіпорынның қаржылақ есеп ұйымдастырылуы бірнеше түрден қалыптасады, қаржылақ есеп жүргізу барысында басқа есептер қосарлана жүргізіледі, ол- бухгалтерлік , кәсіпорынның барлық шаруашылық процесттерінің мәліметтері осы есепте қалыптасады;

- салықтық, бухгалтерлік есеппен қатар жүргізіледі, ол салық кодексі негізінде жасалады, сондықтан осы арада бухгалтерлік есептен айырмашылық шығып отырады - міндетті түрде;

- статистикалық, статистика органдарға белгіленген мерзімі сайын кәсіпорын олардың белгілі формалары бойынша есеп жасап беріп отырады.

- басқарушылық есеп, ол да бухгалтерлік есептің ақпараттарымен мәліметтері бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорындағы шарушалық процесстер бойынша жасалған шаруашылық операциялар міндетті түрде бухгалтерияның журналдарында тіркеліп тиісті құжаттармен расталады. Құжаттар операция түріне қарай журналдарға тіркелгеннен кейін бухгалтермен бухгалтерлік есеп шоттарда бейнелінеді (бухгалтерлік проводкалар жасалады). Компьютерлік бухгалтерлік бағдарламасы бар кәсіпорындарда бастапқы құжаттар компьютерлік бағдарламаға бухгалтермен еңгізіледі де есептік кезеңнің бастапқы құжаттарына өз ретімен бухгалтерлік өңдеу жасалып ай соңында жеке шоттар бойынша бухгалтерлік есептің қорытыны жинақталады. Осы есептер бас бухгалтермен тексеріліп айналым ведемос қалыптасып содан кейін баланс құрастырылады да пайдаланушыларға тиісті формалары бойынша таратылады.

(синтетикалық)

Баланс – Шоттар Айналым ведомост – Баланс

(аналитикалық)

Сондықтан, бухгалтерлік есептің басты мақсаты кәсіпорында болып жатқан құбылыстарды бухгалтерлік есеп шоттарда бастапқы құжаттар негізінде дұрыс бейнелеу және бухгалтерлік есептік регистрларда қатаң жинақтап сақтау, өйткені әр пайдаланушыға мәліметтер, есептіліктер жасалып беріледі. Бастапқы құжаттар із сіз қалмау үшін бухгалтерлік регистрларда (кітаптарға) тіркеліп отырады: кассирдің кіріс-шығыс ордерлері кіріс-шығыс тіркеу журналға, чектер – чек кітапшасында, сенімхаттар - сенімхат тіркеу журналға, шот-фактура – шот-фактураны кіріске алынатын журналға және шығысқа шығарылатын журналдарға жеке тіркеледі.... Ай соңында есеп жасалғанда осы журналдар бухгалтердің есебімен салыстырылады.