Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар (1-кесте).
8.1-кесте
Кәсіпкерліктің түрлері | Артықшылығы | Олқылығы |
Бір тұлғалы жекелеген кәсіпорындар | Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы; қызмет жасаудың толық еркіндігі; нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі; қызметінің құпиялығын сақтау мүмкіндігі; барлық табыс табудағы максимальды мүдделігі | Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары; болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі; барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірулігі қажеттілігі. |
Серіктестіктер | Басқару бойынша міндеттерді бөлу; қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер; еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі. | Әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдылығы; сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психологиялық комфортсыздық; Әріптестердің өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы. |
8.1-кестенің жалғасы
Акционерлік қоғамдар | Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі; корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі; акционерлердің шектеулі жауапкершілігі. | Басқарудың тым күрделілігі және оның оперативтілігінің төменділігі; акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі; кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі. |
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:
- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционр меншігінің негізінде қызмет жасайды;
- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
- құрылтайшылар мүлігінің 0осылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, «Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» республика заңдарына кәсіпорын кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған.
8.2 Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет (2-кесте).
8.2-кесте
Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша | Шаруашылық сипатына қарай | Салалық қызметіне қарай | Меншік нысаны бойынша |
Картелдер,Синдикаттар(консорциумдар),Трестер,Концерндер,Концерн-конгломераттар,Холдинг-компаниялар,Акционерлік қоғамдар(корпорациялар),Кооперативтер,Серіктестіктер. | Өндірістік,Саудалық,Делдалдық,Банктік,СақтандырушылықИнвестициялық,Инновациялық,Инжирингтік,Венчурлік (тәуекелділік), Консалтингтік,Аудиторлық,Трастолық. | Өнеркәсіп,Ауыл шаруашылығы,Сауда,Байланыс,КөлікҚаржы, Несиелік,Мәдениет, Өнер,Білім,Ғылым, Денсаулық сақтау,Тұрғын үй шаруашылығы. | Мемлекеттік,Қазыналық, Ұжымдық,Жалгерлік,Кооперативтік,Акционерлік,Жекелеген,Аралас (біріккен), Мемлекеттіккооператив-тікпен бірге,Ұжымдық жекемен бірге,Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорын) |
10 Қаржылық жағдайды талдау
10.1 Қаржылық жағдайды талдау
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорының тәуелсіздікке ие болумен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар және басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікке болымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайды кәсіпорынның қалыпты өндірістік, комерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және олардың мақсатқа сай тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субьектілермен қаржылық қарым-қатынаста болу. Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын үйлестіріп жаратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы. Нарықты экономика жағдайын талдаудың басты мақсаты немесе міндеті келесілер болып табылады.
- Қаржылық жағдайға баға беру немесе оның есеп мерзіміндегі өзгерісі.
- Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу.
- Айналым капиталының көлемін, оның өсуін және ағымдағы міндеттемелерімен арақатынасың анықтау.
- Қаржы есептік және несие ережелерін сақтау.
- Кәсіпорын активті және оның міндеттемелерінің кұрылымын зерттеу.
- Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау.
- Баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлеу қабілеттілігінің абсалюттік және салыстырмалы көрсеткішерін анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметн талдаудың қорытындылау кезеңі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық қызметі бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталының көлемімен құрамына өзгеріс әкелетін қызмет болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуімен тиімді пайдалануына, есеп және несие тәртібін анынтауға, меншікті және қарыз қаражатының арасындағы рационалдығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағыттауы тиіс.
Қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
- Бухгалтерлік баланс.
- Қаржы шаруашылығындағы қызметінің нәтижесі туралы есеп.
- Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп.
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметінің бір кешенді талдауды ішкі және сыртқы талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әр қайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері болып табылады. Қаржылық талдаудың тәжірбиесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелері қалыптастырады. Олардың ішінде 6 негізгі әдісті қарастыруға болады.
1) көлденен талдау.
2) тікелей талдау.
3) трендтік талдау.
4) салыстырмалы талдау.
5) факторлық талдау.
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденен талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарымен абсалюттік және салыстырмалы. Ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштерінің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптарының үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Трендік талдау – барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын басизтік жыл деңгейінен бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда трендтік талдау әрбір есеп позициасын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңінің дербес ерекшеліктерімен кездей–соқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді.
Салыстырмалы талдау – бұл фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау.
Факторлық талдау- бүл жекеленген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеу немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау.
Қаржылық коэффициенттер әдісі- коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады. Оларды есептеу кезенде шамалардың біреуін бірлік ретінде көрсетеді.