Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 20 из 41)

егер кәсіпорын сатылған тауарларға бақылау жасамаса;

егер кірістер сенімді бағаланса;

егер жасалған делдалдықтан пайда алынуына сенімді болса;

егер жасалған делдалдықтан алынатын табыс дұрыс бағаланса.

Өткізілген өнімнің түсімі дұрыс құмен бағаланады.

7.1-кесте – Кәсіпорында түсім табыс болып табылады

Өткізілген жағдай Өткізілген өнімнің түсімін тану
Сатылғанда :Төлем мерзімін кейінге қалдыруы Келісім шарта төлем мерзімін кейінге қалдыруы, түсім түскен мерзімде тауардың болуы,сатыпалушымен төлем мерзімін кейінге қалдыруын растауы
Шектеулер:Құрылуы, тауардың пайдалануға сай екендігін тексеру Тауардың сатуға дайын қалпын қабылдап алуы, тауардың сату құны келісім шартпен келістіру.
Тауардың қайтарылуы қайтарылу тауарлардың мерзімі алдын ала келісуі
Консигнация Консигнатордың тауарды үшінші жаққа босатуы,Консигнатор қоймасында тауарлар 1 – 1,5 жыл сақталуы, одан әрі кеткенде консигнант меншігіне айналуы.
Тауарлардың қолма-қол ақшаға сатылуы Тауардың жеткізуі және қролмақол ақшамен есептесуі
Толық есеептесу Тауардың жеткізуі, аванспен есептесу, толық есептесу және аралық жеткізу мен есептесу.
Алдын ала есептесу (жартылай есептесу) Келісім шартта жеткізу мен есептесу жағдайлардың көрсетілуі

7.1-кестенің жалғасы

Айырбастау Алған тауарларға сәйкес активтермен есептесу
Сатылған тауарларды қайта сатып алу Сатыпалушыға нақты құқық пен тәуекелді беру. Көрсетілген жағдайларды сақтамағанда түсім қаржылық кіріс болып танылады.
Тауарлар делдал арқылы сатылуы Нақты құқық пен тәуекелді делдалға беру. Көрсетілген жағдайларды сақтамағанда делдалдағы түсім агенттік қызметтің кірісі болып танылады.
Жазғызып алу арқылы сатылған тауарлар Тауарларды жеткізу
Төлем мерзімін ұзартып, бөліп беру арқылы сатылған (рассрочка) Тауарларды жеткізу, сату құны дисконтталған, төлем мерзімі сатылған үшін алынған сыйақы
Жылжымайтын мүлікктің сатылуы Сатылу жағдайлар келісім шартта көрсетілуі, басқа жағдайда түсім агенттік қызметтің кірісі болып танылады.

Сатылған тауарлардың қайтарылуы кірістерден шегертіледі, өткені олар кірістерді азайту болып танылады, кәсіпорынның шығындары болып емес. Жеңілдіктер сатыпалушыға төлем мерзімін жылдамдату үшін жасалады.

7.2 Бюджетпен салықтар бойынша есептесулердің есебі

2009ж. Салық кодексіне еңгізілген жаңалық – «Салықтық есеп саясаты» 10баб. – салық есебін жүргізу тәртібімен ережелері көрсетілген салықтөлеушінің құжатты, онда ережелермен қоса осы сала (бюджетке міндетті төлемдер, салықтар) бойынша жаңа өзгерістерді еңгізу мақсатында ескі немесе енді керек емес (ставкалар, салыққа салу объектілер) шаралар (әрекеттерді) алып тастаудың жиынтық әрекеттері көрсетіледі.

Салық есебі (56баб.) - бұл салық төлеушінің бюджет алдында салықтар бойынша міндеттемелеріне есеп беру үшін салыққа салынатын объектілердің, салық есептемелердің, төлемдердің жүйелі құжаттық рәсімдеуі. Ал салықтарды дұрыс есептеп, қажет қаржылық ақпараттарды жинақтап, тіркеп (белгілеп жазу), өңдеп және беру үшін салықтөлеушілер «Салық кодексін» жетік білу керек.

Салық есебінің негізгі мақсаты – салық міндеттемелерінің туындау кезі мен мөлшерін дұрыс анықтау, есепті кезеңдерге кірістер мен шегерімдерді дұрыс жеткізу және ең соңында, заңмен белгіленген мерзімде бюджетке төленуі тиіс соманы алу болып саналады.

Салық есебінің объектілеріне салық салынатын көрсеткіштердің мынадай үш тобын жатқызуға болады:

• мүлік (ұзақ мерзімді активтер);

• кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірістер (барлық түрлері);

• активтер құнын бағалаудағы айырма.

Салық есебінің функцияларына жатады: фискалдық; ақпараттық; бақылау.

Салық есебі бюджетке бекітілген типтік формалармен тапсырылады.

Салықтық формалар – салық есептіліктері, салықтық өтініштер және регистрлер. Есептік құжаттар деген, ол бухгалтерлік құжаттар, салықтық формалар, салықтық есеп саясаты және басқада салықтық объектілерін анықтайтын құжаттар. Салықтық есеп бухгалтерлік есеп негізінде жасалады.

Бюджетпен салықтар бойынша есеп айрысудың есебі бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының І бөлімнің 1400 «Ағымдағы салық активтері» шоттар (егер бюджетке артық төленсе) және бюджетке берешек бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының ІІІ бөлімнің 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» шоттары қарастырылған. Салықтар - ол, кәсіпорынның шығындары болып танылады.

Салық кодексі бойынша жалпы мемлекеттік салықтарға жататындар:

1. Жеке табыс салығы (СК 6 бөлімі 18тарау, 153- 192 бабтар);

2. ҚҚС (қосымша құн салығы) (СК 8 бөлімі 28тарау,228-276 бабтар);

3. Акциздер (СК 9 бөлімі 38тарау,277-299 бабтар);

4. Әлеуметтік салық (СК 12 бөлімі 47тарау, 355-364 бабтар);

5. Жер салығы (СК 14 бөлімі 53тарау, 372- 393 бабтар);

6. Занды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық(СК 15 бөлімі 57тарау, 394- 410 бабтар);

7. Көлік құралдарына салынатын салық(СК 13 бөлімі 50тарау, 365-371 бабтар);

8. Ойыналатын бизнестің салығы (СК 16 бөлімі 59тарау,411-418 бабтар);

9. Тиісті салықтар (бильярдтық столдар, ұтымсыз автоматтар, боулинг, (СК 17 бөлімі 60 тарау, 419-425 бабтар);

10. Корпоративтік табыс салығы (СК 4 бөлімі 10тарау, 81-152 бабтар);

Бұдан басқа СК – пен бюджетке міндетті төлемдермен алымдар бар, олар:

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды тіркегені үшін алым;

Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алым;

Акциондық сатудан алынатын алым;

Лицензиондық алымдар;

Қоршаған ортаны дастаған үшін төлем;

Автокөлік құралдарының ҚР аймағында жүрген үшін төлем;

Радиожүйелік спекторын пайдаланған үшін тқлем; және т.б. салық кодексі бойынша.

Осылардың ішінде салықтөлеушілерге ең керекті салық түрі ҚҚС. ҚҚС – тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өндірісі мен айналым процесінде қосылған құн өсімі бөлігіндегі бюджетке аударылатын жанама салық. Бюджетке төленуге тиіс ҚҚС өткізілген тауар, жұмыстар, қызметтер үшін көрсетілген ҚҚС сомасы мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төленуге тиіс ҚҚС сомалары арасындағы айырма ретінде анықталады.

ҚҚС ставкасы салық салынатын айналымның 12 % құрайды. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар да бар. Есепке алуға қабылданатын ҚҚС активтер 1420-« ҚҚС» шотында ескеріледі.

Сатып алынған құндылықтар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төленуге келісім берілген шоттар бойынша ҚҚС сомасына Д-т 1420 К-т 3310.

Есепке алуға қабылданған (субъектінің ҚҚС бойынша берешегін кемітуге жатқызылған) ҚҚС сомасы Д-т 3130 К-т 1420.

Шаруашылық субектісінің ҚҚС бойынша бюджетке берешегі пассивтік 3130-«ҚҚС» шотында ескеріледі.

Мысалы:

Өнім үшін салықтық шот-фактурасы ұсынылды 210 мың теңге,

ҚҚС есептелді – 24 мың теңге,

Барлық құн – 235 200 теңге.

Өткізілген өнімнің нақты өзіндік құны – 195 000 теңге.

Өткізілген өнімнің нақты өзіндік құны Д-т 7010 К-т 1320 – 195 000 теңге;

Өнімнің келісім құнына (ҚҚС-сыз) Д-т 1210 К-т 6010 – 210 000 теңге;

ҚҚС сомасына Д-т 1210 К-т 3130 – 25 200 теңге;

Бюджетке ҚҚС төленген Д-т 3130 К-т 1030 – 25 200 теңге;

Сатып алушылардың шоты төленді Д-т 1030, 1010 К-т 1210 – 235 200 теңге;

Жыл сонында:

а) шығыстар Д-т 5610 К-т 7010 – 195 000 теңге;

ә) кірістер Д-т 6010 К-т 5610 – 235 200 теңге. Д-т 5610 К-т 5510 – 15 000 теңге. Таза табыс 15 000 теңге құрады.

Есептік мерзімде жеткізушілерден алынған активтердің ҚҚС сома жиыны 340000тг. құрады, сатылған өнімдер, тауарлардың ҚҚС сома жиыны 525000тг. құрады, бұл жерде кәсіпкерлік ұйым бюджетке 185000тг. ҚҚС-ті аударады немесе берешек болады.

Ал, керсінше, сатылған өнімдер, тауарлардың ҚҚС сома жиыны 340000тг. болып, кіріске алынған активтердің ҚҚС сома жиыны 525000тг. құраса кәсіпкерлік ұйым бюджетке ҚҚС төлемейді, бұл жерде берешек жағдай туындамайды, кіріске алынған активтердің ҚҚС 1420 Д-де көрсетілді, сатылған өнімдер, тауарлардың ҚҚС 3130шоттың К-де көрсетілді, әр есептік мерзімнің аяғында осы шоттар жабылады Д3130 К1420 болып, сонда 3130 қалдық қалатын болса бюджетке берешек туындайды, 1420 қалдық қалатын болса берешек деген жағдай туындамайды. І,ІІ бөлімдер шоттар активті шоттар кіріске алынады, ІІІ,ІУ,У бөлімдердің шоттары пассивті шоттар К жазылады міндеттемелер туындайды.