Жарғылық капиталдың құрылған көлемі мен қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 5 бөлімінің «Капитал мен резервтер» шоттары қарастырылған.
Ал қазір құрылтайшылармен біршама жеңілдіктер берілген. Салымдар мүлік немесе тағы басқа болса ортақ келісіммен, аудиторлар көмегінсіз бағалау жүргізіледі. (егер салым 20000 АЕК болса).
Шаруашылық серіктестікті құрғанда құрылтайшылар материалдық салымдардың көтеріңкі құнмен бағалануын қалайды. Себебі сол қаражатпен өз үлесін төлейді. Ал мемлекеттік кәсіпорын құрғанда, олар материалдық салымдардың төмен бағалауын қалдайды. Материалдық емес шаруашылық серіктестікті құрғанда құрылтайшылар материалдық активтерінің жоғары бағалауын тиімді деп ойлап, оның кері жақтарын анықтамайды. Ал материалдық активтерінің жоғары бағалануы жаңа ашылып келе жатқан кәсіпорынға әдейі болмаса да , зиянын келтіреді. Егер ақиқат бойынша кәсіпорын жағдайы сенімсіз болса, материалдық активтерінің жоғары бағалануы кәсіпорын құрылтайшыларының жағдайында кері көрініс табуы мүмкін. Сондықтан азаматтық заң шығарушы органдармен құрылтайшылардың несиелерінің алдында жоғары бағаланған материалдық активтерінің құнына жауапкершілік қарастырылған (Қазқстан Республикасының Азаматтық кодексының 1 пунктінің 58 бабы)
Құрылтайшылардың құнды жоғарлатуды қалауы ең аз шығын шығару мүмкіндігі. Себебі, құн жоғары болған сайын құрылтайшылардың осы кәсіпорындағы үлесі де өседі, яғни пайда өседі. Және кәсіпорын жабылған жағдайда өз үлесіне байланысты кәсіпорының көп мөлшерде мүлігіне талптану мүмкіндігі жоғары болады. Себебі, әдетте ең кем дегенде бір құрылтайшы, яғни заңдытұлға жарғылық капиталға салым ретінде ғимарат, құрылыс салады, әдетте осы салым (ғимарат, құрылыс, тағы басқалар) құны нарықтық құнмен бағаланады және ең көп жағдайда осы баға байланыстық бағадан асады. Кәсіпорынның жарғылық капиталы кызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан қүрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және баска да мүліктердің немесе мүліктік құқыктарының есебінен құрылады. Сонымен коса, жарғылық капитал жаңадан құрылған занды түлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушьшардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықгайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік қүқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық қүрылтайшылардын. жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.
Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері косқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бүл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, қүрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.
Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.
Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері кұрылтайшылардың салым сомасынатең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.
Аталған серіктестіктер тіркеу ге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей мәлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылык капиталына берешегін толығьшен өтеуі тиіс.
Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар езінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валютада көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) күнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір белігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден етпес бүрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бүрын төлеуі тиіс.
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғам үшін — бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін — жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.
Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) қүнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды қүнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.
АҚ 700000тг. жарияланған жарғысы (700штук акция 1000тг.);
бірінші эмиссияда 500шт. 1000тг. шығарылды құны 500000тг. акционерлер арасында 1200теңгеден орналастырылды – 600000тг.
1. Д 5110 600000 К 5030 500000 -«Жарияланған капитал»,
К 5310 100000 -«Эмиссиялық кіріс»,
2. Акционерлермен төленсе
Д 1030 К 5110 600000тг.
Ал, егер номиналды құннан төмен сатылса, онда Д-те 5110,5310,5610
К 5030, мысалы екінші эмиссияда шығарылды 200акция номиналдық құны 1000тг., орналастырды 480тенгеден (480 х 200) 96000тг.
Д 5110 96000тг.
Д 5310 100000тг.
Д 5610 4000тг. К 5030 200000тг.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рүқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірак, оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың кұрамында ғана өзгерістер болады.
Егер де катысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылык капитал да азаяды, демек: 5110 шоты дебеттеледі де, 1010,1030,1100,2410,1310, шоттары кредиттеледі.
Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5110 шот дебеттеледі де, 5210 шоты кредиттеледі.
2.2 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі және төленбеген капиталдың есебі.
Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта заңцы және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.