- мүмкін ақша түсімдерінің (кірістерінің) көлемін есептеу;
- жоспарлы кезеңде күтілетін ақша шығындарын бағалау;
- ақша сальдосын анықтау. Бұл жоспарлау кезеңінде кірістер мен шығысар сомаларының арасындағы айырмашылықты ұсынады;
- нәтижелерді шығару. Кәсіпорында ақшалардың жетіспеушілігі немесе артықшылығы болатынын жоспарлап көрсетеді.
Кезеңнің соңына күтімді сальдосы есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының минималды сомасымен (минималды соманың мөлшері кәсіпорынның менеджерімен анықталады) салыстырылады, олар сақтандыру қоры және алдын-ала болжанатын пайдалы инвестициялар үшін қолданылуы мүмкін.
Жоспарланатын шығындардың күтімлді табыстардан (кірістерден) өсуі (шоттағы қалатын қаражаттарды есептегенде) кәсіпорынның оларды дербес толықтыра алмауын және қаржылық жағдайының нашарлауын сипаттайды. Бұл жағдайларда келесі шараларды орындау керек:
- келесі күнтізбелік жылға шығындардың жартысын (бір бөлігін) аудару;
- мүмкіншілік болғанша өнімнің іске асырылуын және жүктелуін тоқтату;
- қосымша қайнар көздерін іздеу шараларын өткізу.
Соңғы жағдайда қысқа мерзімді қаржыландыру қажеттілігі есептелінеді, яғни әрбір кезең бойынша қысқа мерзімді банк ссудаларының мөлшері анықталады, ол ақша қаражаттарының болжамды ағынын қамтамасыздандыру үшін қажет. Егер кәсіпорында ақша қаражаттарының артықшылығы байқалатын болса, онда бұл кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын және жоғары төлемқабелеттігін сипаттайды.
Қосымша кірісті алу үшін қаржы менеджері артық ақша қаражаттарын инвестициялау мүмкін, мысалы қысқа мерзімді облигациялар үшін.
Көптеген кәсіпорындарында төлем күнтізбесімен қатар салықтық күнтізбесі құрылады, онда кәсіпорынның қандай салық түрлерін төлейтіні туралы мәлімет беріледі. Бұл айыппұлдардан сақталуға мүмкіндік береді.
Төлем күнтізбесінен басқа, кәсіпорында кассалық жоспар да құрылуы тиіс. Бұл касса арқылы түсімдер мен төлемдердің қолма қол ақшаларын бейнелейтін қолма-қол ақша қаражаттарының айналым жоспары. Қолма-қол ақша қаражаттармен уақытында қамтамасыздандырылуы кәсіпорындар мен оның қызметкерлері арасындағы қаржылық қарым-қатынастардың жағдайын сипаттайды, яғни кәсіпорынның бір жағынан төлемқабілеттілігін. Кәсіпорын үшін кассалық жоспар қолма-қол ақша қаражаттарының кірістері мен шығыстарын бақылау үшін қажет.
Одан басқа нақты мәліметтердің кассалық жоспармен салыстырылуы пайда болатын келіспеушілікті жоюға мүмкіндік береді.
Өзінің клиенттеріне қызмет көсетудің салыстырмалы кассалық жоспарын құру үшін коммерциялық банкке де кәсіпорынның кассалық жоспары қажет.
Кассалық жоспарды құрудың бастапқы мәліметтеріне мыналар жатады:
- еңбекақы қоры мен еңбекақы қорына енбейтін ақша қаражаттарды тұтыну қоры бойынша мүмкін төлемдері;
- материалды ресурстарды немесе қызметкердің өнімін сату туралы ақпараты;
- қолма-қол ақша қаражаттармен басқа да кірістер мен шығыстар туралы (іс-сапар шығындары);
- салық сомалары туралы ақпарат;
- жалақыны беру мен оған қоса басқа да төлемдердің күнтізбесі.
Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер өзінің ақша қаражаттарын банк мекемелерінде сақтауы тиіс. Кәсіпорындар өздерінің кассаларында коммерциялық банк пен кәсіпорын бастығы келіскен ақша қаражаттарының лимитті сомасын сақтауы (қалдыруы) мүмкін. Бекітілген лимиттен жоғары қолма-қол ақшаны кәсіпорын міндетті түрде банкке бекітілген мерзімде тапсыруы тиіс.
Кәсіпорындар мен ұйымдар қолма-қол ақшаларын оларға қызмет көрсететін банктерден тоқсан сайынғы кассалық жоспарға сәйкес алады, онда келешек тоқсанға қажетті қолма-қол ақшаның мөлшері мен оны төлеу мерзімдері көрсетіледі.
Кассалық жоспар бір тоқсанға құрылып, бекітілген мерзімде кәсіпорын кассалық-есеп айырысу қызметтері туралы келісім шартты құрған коммерциялық банкке тапсырылады.
Коммерциялық банк кассалық жоспардың нақты көрсеткіштеріне талдау жүргізіедә және қажет болған жағдайда оған өзгерістерді енгізуге құқылы болады.
Қаржылық жоспарлаудың соңғы кезеңінде салыстырмалы аналитикалық қол хат құрылады. Онда жылдық қаржылық жоспардың негізгі көрсеткіштері сипатталады: кірістердің, шығыстардың мөлшері мен құрылымы; бюджетпен, коммерциялық банктермен, контрагенттермен қарым қатынастар. Инвестицияларды қаржыландырудың қайнар көздеріне ерекше көңіл бөлінеді және пайданы бөлуге міндетті түрде үлкен көңіл бөлінуі тиіс.
Аналитикалыққол хатты аяқтай отырып, кәсіпорынның қаржылық ресурстармен және оларды құрудың қайнар көздерінің құрылымымен қамтамасыздандыру жоспары туралы нәтижелер жазылады (шығарылады).
6.5 Бизнес – жоспар
Бизнес – жоспар жоспарлау жүйесіндегі қоғам мақұлдаған, әр түрлі ұйымдық – құқықтық нысандағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын жүйе – жол.
Бизнес – нарықтық экономика жағдайындағы субъектің пайда алуға бағытталған экономикалық қызметі. Бизнес – жоспар субъект ұйымдастырып отырған өндірісінің қызмет көрсету мақсаттары мен оған жету жолдарын баяндау. Әдетте ол 3-5 жылға жасалады. Кәсіпкер үшін бизнес – жоспар дайндаудың қажет болуы мынандай пікірлерден туындайды:
Біріншіден, бизнес – жоспарды нарықтық экономиканың стихиялы өміріне өз ісінің қалыптасу процестерінде, өз бағытын салыстырып, дұрыстауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, жоспар кәсіпорынның күнделікті қызметін басқару құралы болып саналады, жоспарланған нәтижеге қол жететіндігіне сенуге жәрдемдеседі.
Үшіншіден, бизнес идеялары жүзеге асыру үшін қаражат қажет, ал кәсіпкерде ондай қаражат керекті көлемде, әр кезде бола бермейді.
Бизнес – жоспарлау жұмысында 3 ережені сақтау керек.
1. Бизнес – жоспарда «революция» болмау керек.
2. Бизнес – жоспарды жасағанда тәуелділікке жол бермеу керек, оған терең сын көзбен қарап, оның орындалуына зор сенім болу керек.
3. Бизнес – жоспар «жылжымалы» болу керек, әр кез оған жаңалықтар қосып, «ескерілген» пунктерін өзгертіп отырғаны жөн.
Бизнес – жоспар құрылымы.
Нақтылы жағдайларға байланысты өндіріс көлеміне, өнім түрлеріне, оның жаңалық ерекшеліктеріне байланысты жоспар құрылымы әр түрлі болуы мүмкін, ал оның мазмұны бірдей болу керек. Бизнес – жоспардың көбірек кездесетін бөлімдері мынала:
- Бизнес – жоспардың түіні немесе жоспарларды баяндау
- Кәсіпорын
- Кәсіпорынды басқару немесе менеджмент, ұйымдық жоспар
- Кәсіпорын мақсаттары
- Маркетингтік шаралар
- Өндірістік жоспар
- Заңдылық жоспар
- Тәуелділікті бағалау және қауіпсіздендіру.
Бизнес – жоспардың ішкі беті.
Ішкі бет – Сіздің бизнес – жоспарыңыздың бірінші беті. Оны былайша жай ғана жазыңыз:
- Кәсіпорын аты: КГКП РМО
- Адресі: Қарағанды обл Жанаарқа ауданы Атасу кенті
- Телефон номері: 8 (71030) 27107
- Жетекшінің аты – жөні, тегі : Танауов Б.Т.
Бизнес – жоспардың мазмұны.
Бөлім аттары:
I. Бизнес – жоспардың түйіні
II.Кәсіпорын
III.Кәсіпорынды басқару
IV. Маркетингтік шаралар
V.өндірістік жоспар
VIIҚаржы жоспары
VIIIТәуекелдікті бағалау және қауіпсіздендіру
IX. Заңдылық жоспар
I бөлім. Бизнес – жоспардың түйіні.
Түйінің мақсаты – Сіздің бизнес – жоспарыңызды оқитын адамға Сіздің бизнес туралы аса қажетті мәліметтерді тез алуына мүмкіндік туғызады.
Бизнес – жоспар түйінінің мазмұны туралы кеңес:
- Кәсіпорынның қызметі және оны басқару тарихы;
- Өндірілетін өнімнің немесе көрсетілген қызметтің сипаты;
- Қазіргі кездегі кәсіпорын қызметі және оның нәтижелері;
- Келешек жоспарлары;
- Серіктерге, қаражат немесе өз жоспарының іске асыру барысында консультатциялвқ көмекке қажеттілік;
- Ісіңізді сәтті аяқталуын қуаттайтын дәлелдер.
II бөлім. Кәсіпорын.
Бизнес – жоспардың бұл бөлімінде өз кәсіпорыныңыз туралы барлық мағлұматтар баяндау керек. Олар, кәсіпорыныңызға ойдағыдай баслылық жасауда қамтамасыз ету үшін сіздің кәсіпорыныңызға қаржы мекемелерінің ақша салу ниеттерін жандандыру үшін қажет.
Сіздің кәсіпорыныңызды баяндауды бастайық.
a) Кәсіпорын тарихы.Сіздің кәсіпорыныңыздың құрылуын және дамуын қысқаша баяндаңыз. Бұл бөлім қысқа болуы керек, дегенмен қажетті мәліметтерді келтірген жөн