Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 17 из 41)

Ағымдағы қаржылық жоспарлау перспективалық жоспардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып, оның көрсеткіштерінің дұрыстығын және нақтылығын сипаттайды.

Кәсіпорынның ағымдағы шаруашылық қызметін жоспарлау үш құжатты өңдеуден тұрады:

- ақша қаражаттар озғалысының жоспары;

- табыстар мен шығыстар туралы есеп берудің жоспары;

- бухгалтерлік баланстың жоспары.

Ағымдағы қаржылық жоспар бір жыл мерзіміне құралады. Бұл бір жыл ішінде нарық конъюктурасының маусымдық тербеліс негізімен түсіндіріледі.

Жылдық қаржылық жоспарлауды тоқсанға немесе айға бөлуі мүмкін, себебі, жыл бойы ақша қаражаттарды алу қажеттілігі белгілі бір тоқсанда (айда) өзгеріп, қаржылық ресурстардың тапшылығына әкелуі мүмкін. Жылдық жоспарды қысқа мерзімді уақытқа бөлінуі ақша ағындарын бақылауға және кассалық айырмашылықтарын жоюға мүмкіндік береді.

Ағымдағы қаржылық жоспарлаудың процесі ақша қаражаттар қозғалысының жылдық жоспарын құру негізінде қарастыруға болады. Бұл тоқсанға бөлініп, бір жылға жоспарланатын қаржылық жоспарды ұсынады. Ақша қаражаттардың қозғалыс жоспары ақша ағындарын сипаттайды: кіріс пен шығыстар (оның ішінде ақша қаражаттарды жұмсаудың барлық бағыттары). Түсімдер бөлімінде өнімді (қызмет көрсетуді) өткізуден түскен түсім, негізгі қорлар мен материалдық емес активтерді өткізуден түскен түсім, өткізілмеген операциялардан түскен түсім және басқа да түсімдер (бір жыл ішінде немесе тоқсанда мүмкін түсетін түсімдер). Қажет болған жағдайда қарыз қаражаттары тартылады, акция немесе облигацияның шығарылымы іске асырылады. Шығыс бөлімінде – өткізілетін өнім (қызмет көрсету) өндіру шығындары, салық төлемдерінің сомасы, ұзақ мерзімді ссудалардың жабылуы, банк несиесінің пайызын төлеу, таза пайданы қолдануға бағыттау (жинақ, тұтыну, резервтік қор).

Кәсіпорынның ақша қаражаттар қозғалысы жоспарының нысанын бухгалтерлік баланстан көруге (қаржылық есеп нысанын қараңыз) болады.

Жоспардың кіріс бөлігінде сияқты шығыс бөлігінде де ақша қаражаттарының түсімі мен шығыстары қызметтің үш түрінде сипатталады: ағымдағы, инвестициялық және қаржылық. Қызметтің әрбір түрі бойынша жоспардың кіріс бөлімі бойынша және сәйкесінше шығыс бөлімдерінің сальдолары А, Б, В бөлімдерінің нәтижелі мөлшерлемелердің әртүрлілігін сипаттайды.

Жоспарының бұл нысаны көмегімен кәсіпорын ақша қаражаттарының нақты қайнар көздерін және шығындарының негіздемесін тексеріп, олардың пайда болуын және қарыз қаражаттарының мүмкін қажетті мөлшерін анықтай алады.

Ақша қаражаттар қозғалысы жоспарының бұл құрылымына сәйкес жоспарлау кәсіпорынның барлық ақша қаражаттарының айналымын қамтиды. Бұл ақша қаражаттарының кірістері мен шығыстарын бағалау және оларға талдау жүргізу мүмкіндігін беріп, ақша қаражаттарының пайда болатын тапшылығы кезінде оларды қаржыландырудың мүмкін әдістерін шешуге мүмкіндік береді.

Егер жоспарда ақша қаражаттарының тапшылығын қаржыландыру көздері ескрілетін болса, онда жоспар толығымен құрылған болады.

Ақша қаражаттардың қозғалыс жоспарының өңделуі бірнеше кезеңдерден өтеді. Бірінші кезеңде, амортизациялық аударымдардың жоспарлы сомасы есептелінеді, себебі, ол өзіндік құнның бір бөлігі болып, пайданың есептеудің жоспарына әсер етеді. Амортизациялық аударымдардың жоспарлы сомасы негізгі қорлардың (негізгі қорлардың топтары бойынша) орташа жылдық баланстық құны туралы және амортизациялық аударымдар мөлшерінің мәліметтері негізінде анықталады.

Екінші кезеңде нормативтердің негізінде шығындардың жүйесі құрылады, ол шикізат пен матиалдарға (техникалық талаптармен сай) жұмсалатын басты шығындарын, жалақыны төлеудің тікелей шығындарын және накладной шығындарын енгізеді. Шығындардың тұрақты нормалары белгілі-бір әдістеменің негізінде өңделеді. Бекітілген әдістемелердің деңгейі кәсіпорынның қызмет тиімділігін ежәне өнім шығарудың бәсекелестігіне әсер ететін жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.

Келесі кезеңде өнімді өткізуден түскен түсім анықталады. Бастапқы нүкте (мәлімет) ретінде өткен жылғы өнім өткізден түскен түсім қарастырылады. Бұл өлшем ағымдағы жылда мына өзгерістердің негізінде өзгеруі мүмкін:

- салыстырылатын өнімнің өзіндік құны;

- кәсіпорынның өткізетін өнімінің бағасы;

- сатып алынатын материалдар мен жартылай фабрикаттардың бағасы;

- кәсіпорынның негізгі қорлары мен капитал салымдарының бағалануы;

- еңбекақы шығындары (мүмкін болатын инфляцияға тәуелді).

Бұл факторлардың өткен жылғы мәліметтерге әсер етуін бағалау үшін статистикалық талдау жүргізуді қолдануға болады.

Жылдық қаржылық жоспарды құрудың бұл кезеңінде кәсіпорынның өнімді өткізу бойынша мүмкіндіктерінің сәйкестігі нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзгерісіне байланысты.

Жылдық қаржылық жоспардың келесі құжаты кіріс пен шығыстар туралы есептілігінің жоспары, онда келесі жылға алынатын пайданың перспективалық мөлшерінің болжамы нақты анықталады.

Қаржылық жоспардың соңғы құжаты жоспарланатын жылдың аяғына бухгалтерлік балансты құру, ол болжанған іс-шаралардың нәтижесінде актив пен пассивтердің өзгерістерін сипаттап, кәсіпорынның мүлігінің және қаржының жағдайын көрсетеді.

Ағымдағы қаржылық жоспарда белгіленген іс-шараларды өткізу барысында кәсіпорын қызметінің нақты нәтижелері тіркеледі. Сонымен бірге, жоспар жоспарлаудың нәтижесі болып, нақты өлшемдер бойынша есептілік кәсіпорынның нақты жағдайын сипаттайды, ол қажетті шешімдерін анықтауда кәсіпорын үшін өте қажет.

Нақты көрсеткіштер мен жоспарлы көрсеткіштерді салыстырудың нәтижесінде қаржылық бақылау іске асырылады. Мұнда келесі жағдайларға көңіл аудару керек:

- кәсіпорынның қаржылық жағдайының жақсаруын немесе нашарлауын сипаттайтын ауытқулар мен себептерін анықтау үшін ағымдағы қаржылық жоспардың баптарын орындау қажет;

- қаржы ресурстарының қозғалысының даму тенденциясын анықтау үшін келесі жылға кірістер мен шығыстардың өсу қарқынын анықтау;

- ағымдағы жоспарлы жылынажаңа ғимараттардың құрылыстары үшін материалды және қаржылық ресурстардың болуы, өндірістік қорлардың жағдайын анықтау.

Оперативті-қаржылық жоспарлау.

Кәсіпорынның есеп айырысу шотына нақты түсімнің түсуі және қолма-қол қаржы ресурстарының шығындарын бақылау мақсатында, кәсіпорын үшін оның ағымдағы жоспарлауын толықтыратын оперативті (жедел) қаржылық жоспарлау қажет.

Оперативті қаржылық жоспарлаудың құрамына төлем күнтізбесінің қысқа мерзімдегі несиенің қажетті есебі мен кассалық жоспарының құрылуы мен орындалуы енеді.

Төлем күнтізбесі бір тоқсанға ай сайын немесе одан қысқа мерзімге бөлінеді. Бұл күнтізбелік шынайы, нақты орындалуы үшін және қаржылық жоспарлаудың орындалмауын ескерту мақсатында өндіріс пен сатудың, қордың, дебиторлық қарыздың құрамын бақылау қажет.

Төлем күнтізбесінде ақша қаражаттарының ағындары балансты болуы тиіс. Дұрыс құрылған төлем күнтізбесі қаржылық қателерін, қаражаттардың жетіспеушіліктерін және бұл жағдайды өткізуге қажетті шараларды анықтау үшін қажет.

Төлемдердің күнтізбесі кәсіпорынның ақша ағындары туралы нақты ақпараттық қоры негізінде құрылады.

Төлем күнтізбесінің ақпараттық базасы (қоры) ретінде кәсіпорында құрылған жоспарлар қарастырылады. Мысалы, өнімді өткізу жоспары, өндіріс шығындарының сметасы, капитал салымдарының жоспары және т.б. қаржы міндеттемелері үшін төлемдердің нормативті бекітілген мерзімдері, жалақыны төлеу кестесі және т.б.

Төлем балансын құру процесін алты кезеңге бөлуге болады:

- жоспарлау кезеңін таңдау. Ереже бойынша бұл тоқсан, ай. Ақша ағындары уақытымен жиі өзгеріп отыратын кәсіпорындарында жоспарлаудың одан да қысқа мерзімдері берілуі мүмкін (декада);

- өнімді (қызмет көрсетуді) өткізу көлемін жоспарлау. Арнайы әдістеме бойынша қарастырылатын кезеңде өндіріс көлемі мен дайын өнім қалдықтарының өзгерісі есебінен іске асырылады;