Қандайда бір сортты шикізатты өңдеуге әртүрлі еңбек жұмсалатындығы, технологиялық тәртібіндегі айырмашылық және өңдеудің ұзақтығы коэффициенттер жүйесінің негізіне жатады, яғни өнімдердің қандайда бір сортын өндіру үшін әртүрлі шығындар жұмсауға тура келеді. Мәселен, домна өндірісінде коэффициенттер жүйесі шойынның әр түріне жұмсалатын шығындардың деңгейін ескере отырып құралады, ал прокат өндірісінде коэффициенттер жүйесі әртүрлі өнім профилдеріндегі прокаттың ұзақтығы ескеріле отырып құралған.
Өнімдердің қандайда бір сортының өзіндік құны коэффициенттерді құру негізі етіп алынған базаға байланысты емес қатынасы бойынша қалған бүкіл сорттардың өзіндік құнын анықтайтын бірлік ретінде қабылданады.
Процесстік әдіс
Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процесстік әдісі біртүсті өнім шығаратын кәсіпорындарда пайдаланылады (су элетр станциялары, кен, көмір, мұнай, газ). Бұл кәәәсіпорындарда аяқталмаған өндіріс болмайды. Бұл әдісте өнім шығаруға кеткен шығындардың бәрі есепке алынады, өнім шығару процессі бірнеше кезеңнен құралады, мысалы көмір шығару: алдымен дайындық жұмыстар, көмірді алу, шахтаға дейін тасымалдау және сыртқа шығару, сорттау,өңдеу, вагонға тиеу. Бұл әдіс екі түрде танылады – тікелей және жанама.
Өнімнің өзіндік құнын анықтау тәсілдері
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау –ол өндірістік есептің соңғы кезеңі, ол үш кезеңнен құралады:
І – шығарылған өнімнің өзіндік құны жалпы есептеледі;
ІІ - шығарылған өнімнің өзіндік құны жеке түрлері бойынша есептеледі;
ІІІ - шығарылған 1дана өнімнің өзіндік құны есептеледі;
Калькуляциялауда бірнеше тәсілдері қолданылады: нормативті, шығындарды сомалау, шығындарды пропорциалды бөлу (индексті), тікелей есептеме, аралас және коэффициентті тәсілдер.
Пропорционалды әдісте жалпы шығындар бір базистік көрсеткішке бөлу арқылы есептеледі (%).
„Директ-кост“ әдісі үлкен шаруашылықтарда қолданылады (машина жасау). Өндіріске жұмсалатын барлық шығындар өндірісте жұмсалмай түрып есептеледі.Шығындар стандартын есептеу үшін натуралды және құндық көрсеткіштер пайдаланылады. Нақты жұмсалған шығындармен стандартты арасындағы айырмашылық анықталады.
Аталмыш өнеркәсіп кәсіпорны сол үшін өнімдер шығаруға арналып ұйымдастырылған өндіріс негізгі өндіріс деп аталады. Негізгі өндіріс цехтарындағы өнімдер өндіру бойынша бүкіл шығындар сомасы (аяқталмаған өндірісті есепке ала отырып) өндірілген өнімдердің нақты өзіндік құны болып саналады.
Дайын өнімдердің өзіндікқұнын есептеп шығаруға қажетті аяқталмаған өндірісті бағалау мен есепке алудың, негізгі өндіріс шығындарының есебін дұрыс ұйымдастыруда айқындаушы маңызы бар.
Өңдеудің барлық сатыларынан өтпеген және техникалық бақылау бөлімі қабылдамаған өнім, аяқталмаған өндіріс деп, оған жататын шығындар аяқталмаған өндіріс шығындары деп аталады. Аяқталмаған өндіріс қалдықтары келесідей түрде бағаланады:
- есептеп шығарудың барлық баптары негізінде нақты өзіндік құны бойынша;
- дайындық дәрежесін ескере отырып (жаппай және ірі сериялармен өндіру) төте шығындардың әрбір бабы негізінде шығыстар нормалары бойынша;
- үстеме шығындар пайызбен қабылданған бөлу базасы бойынша;
- шикізат және материалдар шығыстарының құны бойынша.
Аяқталмаған негізгі өндірістегі шығындар есебі үшін активті материалдық шот 1340 «Аяқталмаған өндіріс» бөлімі қолданылады, оның дебет шоты бойынша есепті кезең соңындағы (бұл сома қаржылық есепте, одан көзделетіндей есеп берушілікте (есеп-қисапта) өз көрінісін табу үшін) аяқталмаған өндірістің құны есептен шығарылады; келесі есепті кезең басында аяқталмаған негізгі өндіріс құны 8010 «Негізгі өндіріс» шотына қайтарылады.
Негізгі өндіріс шығындарын есепке алу үшін 8000 шоттың келесідей шағын бөлімдерін қолдануды ұсынады:
8110 «Негізгі өндіріс», мұнда өнімдер өндіруге жұмсалған бүкіл шығындар жинақталады., яғни есепті кезең соңында аяқталмаған өндірісті есепке ала отырып, негізгі өндіріс цехтарындағы дайын өнімдердің өзіндік құны қалыптасады;
8110 «Материалдар», өнімдерді шығару кезінде жұмсалған материалдардың құнын көрсетуге арналған.
Осы транзиттік шотта келесілер есепке алынады:
а) жасалатын өнімнің негізін құрайтын немесе оны жасау кезінде қажетті құрамдары болып саналатын шикізаттар немесе материалдардың шығындары. Мұнда технологиялық мақсаттарға пайдаланылатын қосымша материалдар шығыстары көрсетіледі. Лимиттік-заборлық карталар, талап-жүк құжаты, өндіріске материалдар босатуға арналған есептесу – жүк құжаттары өндіріске жұмсалатын материалдар мен шикізатты есептен шығару үшін негіз болып саналады;
б) қайтарылатын қалдықтар – бұл қайталап пайдалану үшін қоймаға тапсырылуы тиіс негізгі өндіріс қалдықтары. Егер ол негізгі өндіріс қажеті үшін пайдаланылатын болса, қалдықтар бастапқы шикізат пен материалдың ең төмен бағасы бойынша бағалануы мүмкін; егер қалдықтар қайта өңдеуге баратын болса немесе оларды сыртқары жаққа сататын болса, оларды жинау мен өңдеуге жұмсалатын шығыстар шегеріле отырып, қалдықтардың белгіленген бағасы бойынша бағаланады; егер қалдықтар кондициялық шикізат немесе толыққанды материал түрінде пайдалану үшін өткізілетін болса, онда қалдықтар бастапқы шикізат немесе материалдардың толық бағасы бойынша бағаланады. Қайтарылатын қалдықтар қоймаға талап – жүк құжаты немесе кіріс жүк құжаты бойынша кіріске алынады;
в) сыртқары кәсіпорындардан өндірістік сипаттағы сатып алынған өнімдер, жартылай фабрикаттар және қызметтер, яғни орнатылған есептегіш көрсеткіштері бойынша өндіріс шығындарына есептен шығарылатын, өндірістік процесте тікелей жұмсалатын отын және электр қуаты шығындары.
Шикізат, материалдар сатып алынған өнімдер және жартылай фабрикаттар материалға жауапты тұлғаның есебінде тұрған, есепке алу бағасы бойынша келтірілген құжаттар бойынша өндіріс шығындарына есептен шығарылады. Есепті кезең соңында арнайы есеп айырысу негізінде шикізат пен материалдар бойынша дайындау- көлік шығыстары есептен шығарылады. Сөйтіп, №2 «Қорлар» ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 12 бөліміне сәйкес қорлардың өнімдер өндіру шығындарының құрамына нақты өзіндік құны бойынша енгізіледі.
8110 «Өндіріс жұмыскерлері еңбекақысы». Осы транзитттік шотта өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбекақыларының сомасы көрсетіледі. Бригаданың өнім өндіру туралы рапорттары, ауысымдағы өнім өндіру рапорттары, жол бағыты парақшалары, бригаданың өнім өндіру ведомосы, келісімді жұмыстар нарядтары, жұмыс уақыты есебінің табелдері, сыйлықтар, қосымша ақылар есептеу туралы бұйрықтар және өзге де құжаттар ақпарат көздері болып саналады.
8110 шотында көрсетілген еңбекақыдан жасалған аударымдар 8110 «Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар» шотына есепке алынады.
8110 «Үстеме шығындар». Үстеме шығындар бір ай аралығында 8410 «Үстеме шығындар» шотында, цехтар бойынша бөлек белгіленген баптар номенклатурасы бойынша жинақталады және таңдап алынған бөлу базасына сәйкес әрбір цехта жасалатын өнімдердің өзіндік құнына енгізіледі.
8110 «Негізгі өндіріс» (жинақтаушы) шоты мен транзит шоттар активті есептеу шоттары болып саналады.
Негізгі өндіріс шығындарының талдау (аналитикалық) есебі №10 журнал-ордерге ашылатын №10 журнал-ордер мен №1,2 ведомостарда жүргізіледі.
№10 журнал-ордерге ашылатын №1 ведомос (цехтарды бөліп көрсете отырып) өндіріс шығындарын есепке алуға арналған. Әрбір цех бойынша оның қызметіне қатысты бүкіл төте және үстеме шығындар көрсетіледі. Аталмыш шығыстар талдау (аналитикалық) есеп баптарында бөлек көрсетіледі. Әрбір айдың шығындары туралы жазулар әртүрлі бастапқы және жиынтық құжаттар, өзге журнал-ордерлер, шифрын ашушы – парақшалар негізінде корреспонденциялық шоттарда бөлек көрсетіледі. Кәсіпорын бойынша тұтастай, корреспонденциялық шоттарға бөле отырып өндіріс шығындарының жалпы сомасын есептеу №1 ведомостағы «Корреспонденциялық шоттар бойынша барлығы» кестесінде жүргізіледі. Негізгі өндіріс цехтарындағы өндіріс шығындары туралы жиынтық мәліметтер «Корреспонденциялық шоттар бойынша барлығы» кестесінен №10 журнал-ордердің бірінші бөліміне ауыстырылады. №10 журнал-ордерге тіркелетін №2 ведомосты пайда болған жері бойынша өндіріс шығыстарын топтастыруға, сондай-ақ дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) нақты өзіндік құнын анықтауға арналған.