Смекни!
smekni.com

Ба алы а аздар (стр. 1 из 5)

ЖОСПАР

І.Кіріспе бөлім

1.Бағалы қағаздардың қалыптасуы мен дамуы

2.Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы

ІІ.Негізгі бөлім

1.Бағалы қағаздар нарығының негізгі 3 моделі

2.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын құру

3.Бағалы қағаздарды шығару механизмі

ІІІ.Қорытынды бөлім

1.Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының дамуын жетілдіру

IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстанныңорталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар–меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін сондай-ақ олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 10–13 жылда болған өзгерістер – еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі дамыту мақсаттары қазіргі заман талабына сай, себебі бағалы қағаздар нарығы арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы ал, мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде ќайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдерінің бірі – акция, облигация шығаруды пайдалану тәртібі мен бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндіктері қарастырылды.

Бағалы қағаздар нарығы туралы заңға өзгерістер енгізілгенімен білікті мамандар даярлау, бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндетті пайда болғанын айқындайды. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақталған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік. Сондықтан бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғары білімді мамандар дайындау – уақыт талабы. Әрине бұндай істе нақты көмекті қазіргі батыс және отандық авторлардың ғылыми еңбектерін оқып, үйренуге болады, сонымен бірге өткен тарихқа да оралу, оны білу – алға басудың кепілі. Менің, жазып отырған рефератымның негізгі мақсаты – бағалы қағаздар нарығының теориялық және әдістемелік негіздерімен қатар оның жоғарыда аталған ұйымдық-экономикалық құрылымдарының нарықтық экономикадағы маңызын көрсету және бағалы қағаздардың биржада сатылуы мен олардың үстінен қосымша үлестерді есептеу.

Нарық – бұл күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы болғандықтан, ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысты ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген, басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.

Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық – құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шетеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылыды. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.

Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелерімен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90–шы жылдардың басында құрыла бастады.

1990 жылдың басынан экономикалық тәжірбиесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері–халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.

Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан түрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.

Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық–экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:

- эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын

шаруашылық субъектілері;

- инвесторлар, яғни уақытша бос ақша иелері – заңды және

жеке тұлғалар;

- бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер

дилерлер, инвестициялық басқарушылар, маркетмейкерлер,

- инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және т.б. қорлары;

- қор биржаларды, депозиттік, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.

Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.

Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамудың бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынын қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік. Сонымен бірге өткен тәжірбиені зерттеп және өз мемлекетіміздегі қазіргі қажеттілікті ескеріп, бағалы қағаздар нарығы туралы қарастырлады. Қaзipгi кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы ic-шаралар жүргізуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар, мысалы мемлекеттік қысқa мерзімді вексельді шығара алады. Алайда, бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметік-психологиялық мәселелер көп кездесті. Соның ішінде экономикалық мәселелерге тоқтайтын болсақ:

а) нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;

ә) бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;

б) заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;

в) салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;

г) бағалы қағаздар нарығының материалдық техникалық негізінің аздығы;

д) нарық инфрақұрылымы өсу деңгейінің төмендік жатады.

Ал, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге тоқтайтын болсақ, олар бағалы қағаздар нарығында мамандандардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төменгі деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігі мен инвестиция беруге психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.