Смекни!
smekni.com

Е бека ыны бухгалтерлік есебін йымдастыруды жетілдіру жолдары (стр. 6 из 8)

Қызметкерлердің өнімділігі мен жұмыс уақытының орындалу есебі үшін жұмыс уақытының есеп табелі (Т-13, Т-13а) қолданылады.Бұл табельдің банкілері компьютерлік техника құралының көмегімен бөлек толтырылған деректемлерге мыналар жатады: кәсіпорын, цех, құрылымдық бөлімшелері, қызметкерлердің аты-жөні, кәсібі, табель номері және т.б.Бұндай жағдайда табель формасы қабылданған технологиялықөңделген деректерге сәйкес өзгертіледі.

Табель әр айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі, оны жүргізуге уәкілетті тұлғаға бір данадан беріледі.

Табель тиісінше ресімдегеннен кейін оны кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын есептеуі үшін бухгалтерияға тапсырылады.

Табельдік номір кәсіпорында тәртіпке келтірілген сериялық жүйе бойынша тұтас белгіленеді, әрбір өндірістік бөлімдеріне тиесілі өздерінің барлық қызметкерлердің аты-жөні енгізіледі.

Табельде жұмысқа келмегендігінің себебі, толық емес жұмыс күн туралы, жұмыс уақытынан тыс істелген жұмыс уақыты мен басқа да тиісті жағдайдан ауытқулар тиісті құжаттар негізінде көрсетіледі (еңбекке жарамсыздық қағазы, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындағандығы туралы анықтама және т.б.) .Жұмыс уақыты есебі табельде жұмысқа келмеген күндерін көрсету немесе тек ауытқуларын көрсету арқылы жүргізіледі.

Мезгілден тыс жұмысқа кеткен уақыт есебі бұл жұмысты орындаған тұлға тізімінде жүргізіледі.Тізімдерді құрылымдық бөлім бастығы жасайды.Соның мезгілден тыс нақты істелген жұмыс сағаттарының сапасы туралы басшы белгі соғады.Тізім негізіндегі мұндай белгілеу табельге негізіледі.

Егер жұмыс уақытында істелінетін жұмыс болмай қалса, осының салдарынан бос өткен жұмыс уақыты да табельге енгізіледі.

Табельге бұл деректер құрылымдық бөлімше басшысы жұмыс болмай қалу себебін бос өткізілген жұмыс уақыты туралы жазылған құжаттар негізінде енгізіледі.Сондай-ақ, табельдік есепті табельдік таңбаны қолданып, карточкалық әдіспен- бақыланған сағаттарды пайдалану арқылы; рұқсаттамалық әдіспен- тапсыру және беру жолмен; бақылау- рұқсаттамалық құрылғының көмегімен және т.б. жүргізуге болады.

Қызметкердің жеке құрамы туралы есепті кадр бөлімі немесе арнайы тағайындалған тұлға жүргізеді. Жұмысқа қабылданған әрбәр қызметкерге жеке карточка толтырылып, оған өзінің жеке табельдік номірі жазылады.Бұйрық негізінде немесе кәсіпорын басшысының өкімімен бухгалтерия әрбір қызметкерге дербес шот ашады.Онда қызметкердің анықтамалық деректері көрсетіледі, тапқан табысы мен еңбекақысынан ұсталған сома туралы барлық мағлұматтар жазылады.

Өнім өндіру есебі өндірілген өнім саны, аяқталмаған өндіріс және жіберілген ақау; әрбір қызметкердің атқарған жұмысына қарай еңбекақы мөлшерін дұрыс әрі уақытылы анықтау; өңдеуге жіберілген жартылай өңдеген өнім және материялдар санымен өндірілген өнімнің сәйкестігін бақылау; өндірістегі тораптар мен агрегаттардағы детальдар қозғалысын бақылау туралы нақты және уақтылы деректермен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Еңбекақы төлеу жүйесі, өнім сапасын бақылау, есепті компьютерлендіру деңгейі және басқа ерекшеліктерді қолдану барысындағы өндірістің ұйымдастыру мен сипатына қарай есеп бастапқы құжаттардың, бағдарлық құжат, өнімділік туралы рапорты және т.б. әр түрлі есептік әдістері мен формалары қолданылады.Есепті оңайлату мақсатында көп күндік бастапқы құжаттар, аптаға арналған жүктелімдер, декада(он күндік), бір ай, жұмыс кезеңі қолданылуы мүмкін.

Өндірістің жаппай- тасқынды ( массово-поточное производства) жағдайында өнімділік дайын өнімдерді қабылдау бойынша ескріледі.Әр бригада мүшелерінің өндірген өнімі мастер немесе бригадир толтырған өнімділік туралы рапорт негізінде есептелінеді.Бұл рапорттардың негізінде бртгада мүшелерінің еңбекақысы есептелінеді.

Өнімділік туралы рапорт (жинақтаушы) (Т-28 және Т-28а формалрады) әр түрлі кезең сайын қайталанатын жұмысты орындайтын бір немесе бірнеше жұмысшының еңбекақысы мен өнімділік есебі үшін жаппай өндірісте қолданылады.

Өнімділік есеп тізімдемесі (ведомосы) (Т-29 формасы) бір текті жұмысты бір ай ішінде орындаған жұмысшылар тобы үшін толтырылады.Өнімдік есеп тізімдемесі (30 формасы) бір ай ішінде әр түрлі жұмысты орындаған жұмысшылар тобы үшін толтырылады.

Өндірістік серия сипатында- өнімділік ауыстыру үшін өнімділік рапортымен ұштастырылған бағдарлық құжаттың көмегімен ескеріледі.Егер бұйымды өңдеу ұзақтығы бір ауысымнан аспаса, онда бір рапортпен де шектеуге болады.

Бағдарлық құжат (Т-23 формасы) өндірістегі детальдар қозғалысының оперативтік есебі өнімділік есебі мен еңбекақының біртұтас құжаты ретінде қолданылады Бағдарлық құжат (Т-23а формасы) ауысым үшін өнімділік рапортымен (Т-22 формасы) ұштастырылып қолданылады.

Ауысым үшін өнімділік рапорт өнімді нақты жасалуын көрсетуге арналған және жұмысшыларға еңбекақы есептеу негізі болып табылады.

Жеке немесе ұзақ сериялы өндірістегі- өнімділік есебі мен еңбекақы есебі кесімді еңбек төлеміне арналған жүктелімде (наряд) (Т-41 формасы – жекелік, Т-41а - бригадалық) жүргізіледі.Орындалған міндеттің ұзақтығына байланысты жүктелім ауысымға немесе одан да ұзақ мерізімге (бір айға дейін) көшіріледі.Көшірілімнің негізі етіп технологиялық карта немесе учаскенің (цехтың) өндірістік бағдарламасы алынады.

Тексеріліп қабылданғаннан кейін осы құжаттар негізінде еңбекақыны есептеу бойынша есеп айырысу-төлем тізімдемесі жасалады.Жұмыс уақыты мен өнімділік есебі бойынша құжат бухгалтерияға түскеннен кейін есептік өңдеуден өткізуге жіберіледі.

2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен шегеру сомалар есебі

Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды.Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңмен белгіленген ұсталымдарды ұстап қалуға болады. Жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысынан бухгалтерия арқылы ұстауға болатын ұсталымдар:

- Жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома — 10%.

- Табыс салығы (белгіленген заңға сәйкес).

- Заң, сот органдарының үкім қағаздары бойынша ұсталымдар (алимент және айыппұл және тағы басқалар).

- Әртүрлі жарналар.

- Дербестік сақтандыру шарттарына сәйкес қызметкердің жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін, мүлкін және тағы басқаларын сақтандыруға байланысты жарна аудару.

- Еңбекақы есебінен алдын ала берілген төлемдер, аванстар.

- Банкіден алынатын несиелер үшін ұсталымдар.

- Шаруашылық субъектісіне келтірген зияндары үшін өтемақылар.

- Қызметкердің жазбаша өтініші бойынша өзі жұмыс істейін субъекті қарамағындағы, яғни меншігіндегі үйде тұрғаны үшін төленетін төлемдер және балабақшаға балалары үшін төлемдер.

2004 жылдың 1 қаңтарынан салық кодексі бойынша кез-келген еңбек ақыдан 10% зейнетақы қорына жарна және жеке табыс салығы ұсталынады. Осы салық кодексі бойынша, салық салынатын табыстарына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:

Кесте-2.Табыс салығының ставкалары:

Салық төлеушінің салық салынатын табысы

Мөлшерлеме

1) 15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін табыс сомасынан 5%
2) 15 еселенгеннен бастап 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 8%;
3) 40 еселенгеннен бастап 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 8%;
4) 200 еселенгеннен бастап 600 еселенген жылдық көрсеткішке дейін 200 еселенген жылдық көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15%;
5) 600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғары 600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 20%.

Салық агенттері жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетін жер бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей табыс етеді.