Смекни!
smekni.com

А ша айналысын бас ару ж не реттеу (стр. 1 из 6)

Мазмұны:

Кіріспе………………………………………………………………...…2

1.Ақша айналымы және ақша айналысы туралы ұғым………...……3

1.1Қолма-қол ақша айналысы және оны ұйымдастыру.....................3

1.2Қолма-қолсыз ақша мен есеп айырысу

қағидалары, формалары....................................................................7

2.Ақша айналысын басқару және реттеу..............................................15

2.1 Ақша айналысының заңы..............................................................15

2.2 Ақша массасы және ақша базасы. Ақша агрегаттары................16

3.Қазіргі таңдағы ақша айналысын реттеудің ерекшеліктері..............18

Қорытынды...............................................................................................21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................22

.

Кіріспе

Экономикалық құрылымда бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Бұл курстық жұмыс материалдың көлемімен және ұсынылған тақырыптардың санымен белгіленбейді. Ол зерттеудің тереңдігімен және деңгейімен, экономикалық ғылымның маңызды мәселелерін талдаудың әдістерімен белгіленеді.

Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасының нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе болып шықты. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.

Курстық жұмыс тек қана ақша айналысын теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтары, Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономика жағдайында атқаратын қызметтері мен рөлі жан-жақты қарастырылған.

Осы тақырыптың өзектілігі біздің еліміздегі ақша айналысының негізгі ерекшелігі ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма - қолсыз ақшалар атқарады.

Осы курстық жұмыс мақсаттары:

  • қолма-қол ақша айналысын ұйымдастыру;
  • айырбастау;
  • реттеуді және оларды басқару;

Жұмыс барысында ақша айналысы, ақша агрегаттары, ақша массасы, ақша базасы сияқты ұғымдар барынша жан-жақты қаралады.

Менің мұндағы міндетім: ақша айналысын кеңінен баяндаумен қатар, олардың қоғамға әсерін зерттеу.

Берілген курстық жұмыс кіріспе, 3 бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Ақша айналымы және ақша айналысы туралы ұғым

1.1Қолма - қол ақша айналысы және оны ұйымдастыру

Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90- жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердің басылымдарында “ақша айналымы” және “ақша айналысы” деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп тек қолма-қол ақша мен қолма - қолсыз ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бұл ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді.

Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма - қолсыз түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді. Ал металл ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың құны айналымда жүреді. Себебі металл монетаның (алтын немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен жүрді. Сондықтан құн айналымы тауар айналыммен ақша айналымымен біріктірілді. Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп - қолма-қол ақша және қолма - қолсыз ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.

Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма - қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы деген қолма-қол ақшамен қолма - қолсыз ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма-қол ақша айналысы және қолма - қолсыз ақша айналымынан тұрады.

Қолма-қол ақша айналысы ақша айналымының бір бөлігі ретінде бір елдің аумағында қолма-қол ақша (ұлттық валюта) айналымымен ғана байланысты болады. ол шаруашылықты жүргізуші субъектілердің халықпен есеп айырысуын сондай-ақ халық топтарының арасындағы есеп айырысуды, нақты айтқанда, алынған шығындарды, сыйақының, шәкіртақының, жәрдемақыны, сақтандыру төлемдерін және басқа табыстармен олардың тауарды, тұрмыстық және тағы басқа қызметтерді, көлік, байланыс секілді қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығындарын қамтитын халықтың ақшалай табысының алынуы мен жұмсалынуын қамтиды.

Нақты қолма-қол ақшаға банк кассаларындағы және банкке қатысы жоқ салалардың, яғни кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің кассаларындағы, халықтың өз қолындағы ҚР Ұлттық Банк шығарған банкноттар (қағаз ақшалар) мен тиындар жатады. Қолма-қол ақша өз қозғалысын ақшаны айналымға шығаруға және ақша эмиссиясына монополиялық құқығы бар ҚР Ұлттық Банктің кассасынан бастайды. Коммерциялық банктер қолма-қол ақшаны қаражатты қолма-қол ақшасыз аудару жолымен өз ресурстарының есебінен қолма-қол ақшаның номиналды құнын өтей отырып Ұлттық Банктен алады.

Қолма-қол ақшаны ұйымдастыруына екінші деңгейдегі банктер маңызды роль атқарады. Тауарлардың алмасуын қамтамасыз ететін қолма-қол ақшаның ауыспалы айналымында банк ақша қозғалысының бастапқы және ақырғы тармақтарын қамтиды. Кәсіпорындардың кассасына түскен қолма-қол ақша кәсіпорындарының шотына есепке алынуы үшін банк мекемелеріне берілуі тиіс. Екінші жағынан, қолма-қол ақша айналысының саласына ақша банк кассасынан кеп түседі (еңбекақы түрінде немесе басқа қолма-қол ақшамен есеп айырысудың нәтижесінде).

Банк кассасында қолма-қол ақша соммасы мыналар үшін болуы керек: осы банкте шоты бар өз клиенттерінің қолма-қол ақшаға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін; қажет болған жағдайда банк несие алатын клиентіне қолма-қол ақшаны ұсыну үшін: шоты басқа банкте болса да, осы банкте өз чегін өтеуге келісімі бар клиентке қолма-қол ақшаны беру үшін: басқа банктермен төлем айналымында пайда болған сәйкессіздікті баланстау (теңестіру) үшін.

Банк клиенттерін қолма-қол ақшаны қызмет көрсетуші банк кассасында өз шотындағы банк несиеге берген ақшалай қаражат есебінен алады. Олар оны тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетулерге пайдаланылатын еңбекақыға, шәкіртақыға және басқа төлемдерге береді. Белгілі уақыт аралығында қолма-қол ақшамен жүзеге асырылатын төлемдердің жалпы сомасы банк кассасының берілетін қолма-қол ақшаны, банк кассасына түсетін ақшаны, пошта арқылы айналымда болатын қолма-қол ақшаны, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің халыққа төлейтін төлемдерін азаматтардың арасындағы қолма-қол ақша айналымын қамтитын қолма-қол ақша айналымын сипаттайды.

Негізгі қолма-қол ақша айналымы экономикадағы кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банк кассалары арқылы өтеледі. Банктегі шоттарға ақшалай түсімдердің есепке алынуы мен әр түрлі мақсаттарға қолма-қол қаражаттың берілуі банктің кассалық операциясы деп аталады әрі осыған қарай банктердің кіріс және шығыс кассалары болады.

Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді.Оған банкноталар, монеталар, және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді.Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене бөлігі қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.